Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  140


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Аяужан

Қалқатай, мінезіңе болдым асық-ай,
Сыртыңнан атыңды естіп болдым ғашық-ай, болдым ғашық-ай.

Аяу жан, адасқан,
Аяу жан, адасқан,
Шіркін-ай таныс болмай,
Ерте бастан-ай,
Ерте бастан-ай.

Қалқатай ойы-қырың бәрі де сай-ай,
Жүруші ем анық жауап ести алмай-ай, ести алмай-ай.

Аяу жан, адасқан,
Аяу жан, адасқан,
Шіркін-ай таныс болмай,
Ерте бастан-ай,
Ерте бастан-ай.

Бір жауап өзіңізден болмаған соң-ай,
Айта алмай жүруші едім басқадай жай-ай, басқадай жай-ай.

Аяу жан, адасқан,
Аяу жан, адасқан,
Шіркін-ай таныс болмай,
Ерте бастан-ай,
Ерте бастан-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу