Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  154


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау, лилилай-ау

Есік алды қара су, қалың жиде,
Көңілім онда болса да көзім үйде.
Ахау, лилилай-ау.

Аулың алыс кеткенде, ей, қалқатай,
Жата алмадым құлазып жалғыз үйде.
Ахау, лилилай-ау.

Ойнап күлген жерінде қамыс қалды,
Қалақатайдың аулы алыс қалды.
Ахау, лилилай-ау.

Алыс қалған аулыңа қараймын деп,
Қаршығадай қайрылып мойным талды.
Ахау, лилилай-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу