Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  167


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау, иғай, қоңыржай

Ойлап тұрсаң дүние шолақ екен-ау,
Бір-біріне адамдар қонақ екен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Нешеу болсаң бір үйде сыйласып өт-ау,
Бұл өмірдің қызығы сол-ақ екен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Келсең, қалқам, дәм тартып
Кегеніме-ау,
Қарсы алармын шығып ап белеңіне-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Көмекейде бұлбұлдың ұясы бар-ау,
Қандырармын әнім мен өлеңіме-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Түйе сұлу көрінер тайлағымен-ау,
Жолдас болма, қалқажан, қайдағымен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!

Өз ауылы әркімнің Мысып шаһар-ау,
Болсын аман ауылың аймағымен-ау.

Ахоу, иғай,
Қоңыржай,
Айхой,
Сыңғырлаған даусыңд(ы)-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу