Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  226


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ахау бикем

Қозыбақтың қызы едім, атым Ұмсын,
Серттен тайған жігітті Құдай ұрсын!
Ақбоз үйдің ішінде мен отырсам,
Мені іздеген жігіттер үйге кірсін.

Ахау бикем жар-жар,
Алма мойын ақсұңқар,
Қош есен бол, құрбым-ай,
Құрбылықпен жүрдім жай.

Бір күн ауру, бір күн сау,
Таба алмадым бабыңды-ай,
Өткен іске өкінбе,
Бір келмесін білдім-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу