Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  353


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Асыл-ай, арман-ай

Құла тайым, тағы да құла тайым,
Асыл-ай, арман-ай,
Бес қолымның біреуі шынашағым.
Мұнда айтпаған өлеңді қайда айтамыз,
Асыл-ай, арман-ай.
Айналайын, шынарым, шырақтарым,
Жоғарыдан келемін заулап түсіп,
Асыл-ай, арман-ай.
Орған қамыс қалады баудай түсіп.
Екеуіңнің қылығың еске түссе,
Асыл-ай, арман-ай.
Жата алмаймын төсекте аунай түсіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу