Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  228


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ал, құрбым

Өлеңді айта алмайды жаман адам, ал, құрбым, жан сәулем,
Қуанар малы-басы аман адам, ала жүр, құрбым, шеніңе-ау.
Үйімде ашты-тоқты отырамын, ал, құрбым, жан сәулем,
Тек жүрсе аман-есен бала-шағам, ал, құрбым, шеніңе-ау,
Ендеше қызыл асық, қызыл асық, ал, құрбым, жан сәулем,
Барады қыздар тойға бір-бір басып, ала жүр, құрбым, шеніңе-ай.
Өзіңді көрдім-дағы тұра қалдым, ал, құрбым, жан сәулем,
Тісіңе ақ меруерттей болдым ғашық, ала жүр, құрбым шеніңе-ау.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу