Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  164


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ алма

Аулым көшіп барады, тау аралап,
Кеттің ғой жүрегімді сен жаралап.
Жерің шалғай кеткенде, қимас қалқам,
Жүрейін суретіңді мен паналап.

Ақ алма, мен кеткенде сен алма.
Алма мойын ақсұңқар,
Біз құбыңа қол жалға.

Сен де ғашық, қалқатай, мен де ғашық,
Нені алданыш етерміз мауық басып?
Кеткенде жерің шалғай, қимас сәулем,
Ақ қағазбен жүрелік амандасып.

Ақ алма, мен кеткенде сен алма.
Алма мойын ақсұңқар,
Біз құбыңа қол жалға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу