Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  217


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Айжан-ай

Дарияның арғы жағы, ахау, бергі жағы,
Жағасында жайқалған жапырағы.
Жігіттің еш арманы, ахау, болмас еді,
Күлімдеп алдан шықса сүйген жары.

А-хау… Айжан-ай,
Жас дәурен екі айналып,
Келмес саған-ай.

Дүниеде әркім жүрер, ахау, кең болған соң,
Ойнайды екі құрбы тең болған соң.
Сырымды саған айтпай, ахау, кімге айтамын,
Сүйгенім ғашық жарым сен болған соң.

А-хау… Айжан-ай,
Жас дәурен екі айналып,
Келмес саған-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу