Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  155


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ай-уәй

Естілсе ет елеңдер үбір-дүбір,
Жігітті дүбірлетер жиырма бір.
Барында оралыңның ойна да күл,
Келмейді қайта айналып өткен өмір.

Жігітті жиырма бесте қағар пері,
Қатпайды суыт жүрген аттың тері.
Салдықтың салтанатын құрайық бір,
Дәуренді бізден қалған жесін бөрі.

Орнына өнер-білім дәмін тату,
Жігітке жараспайды қарап жату.
Бүгінгі күнді іспен өткізбесең,
Ертеңгі күнге қиын жауап қату.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу