👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  91


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Халық әні - Япурай текст

Жаз болса жарқыраған көлдің беті-ай ау
Көгеріп көрінеді япурай алыс шеті-ау
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың-ай
Шайқайды жас баладай япурай желдің лебі-ай

Алтын бу айна көлдің бетін жабар-ай
Ақ сәуле көктен төніп, япурай, маржан тағар-ай
Есіме ақ сәулеңді алған кезде-ау
Ақ моншақ жылт-жылт етіп япурай жерге тамар-ай
Жаз болса жарқыраған көлдің беті-ай ау
Көгеріп көрінеді, япурай, алыс шеті-ау
Дірілдеп толқын басқан мөлдір суың
Шайқайды жас баладай япурай желдің лебі-ай
Шайқайды жас баладай япурай желдің лебі-ай


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы