Өлеңдер ✍️

  13.08.2021
  2744


Өлі риза болмай, тірі байымайды.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды.»
Оқу бітіргенімізге 20 жыл толуына байланысты Ақтоғай ауданы, Шабанбай би (Қаратал) ауылының Әлімхан Ермеков атындағы мектепті 1997 жылғы бітірген түлектері өмірден өткен сыныптастарын және ұстаздарын еске алады.
Қасымов Нұрбол Ғалыұлы 1980-2008 ж.ж.
Тусупова Бота Тілеужанқызы 1980-2000 ж.ж.
 
Өмір жалған өтпелі екен қас-қағым,
Жанға жара салатұғын, басқа мұң.
Сағынышпен еске аламыз өздеріңді,
Жастайыңнан бірге жүрген достарың.
 
Бақ жұлдыздарың ерте сөнді көгіңде,
Қимайтұғын достарымыз едіңдер өлімге.
Жатқан жерлерің жайлы болып, торқалы,
Орындарың болсын пейіштің қақ төрінде!
 
Бала едік, балғын едік ойнап күлген,
Тай құлындай тебісіп, еркін өскен,
Тағдырға шара бар ма
алыстатқан,
Күндер жылжи, ай өтті, өзіңді аңсаумен.
 
Жүректесің мәңгі біздің көңілде,
Жас таусылды көзден біздің төгіле.
Жайлы болсын жатқан жерің, асыл дос!
Самғап жүрші жәннаттың төр көгінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу