13.08.2021
  277


Автор: Әкім Ысқақ

Құмырсқа

Құмырсқам-ай, құмырсқа
Тоқта, бір сәт, тыныста!
Зыр жүгіріп барасың,
Асықтың ба жұмысқа?

Құмырсқам-ау, құмырсқа,
Құмарсың-ау жұмысқа.
Еңбек еткен жандар ғой
Кенелетін ырысқа.

Еңбек күйі тербеткен
Бір зауыттан кем деп көр!
Адам біткен өзіңдей
Болса, шіркін, еңбекқор.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу