13.08.2021
  167


Автор: Әкім Ысқақ

Туыстық – тым ыстық

Алақай! Балақай!
Нұр тұнсын көңілге.
Қуат та, шуақ та,
Бәрі де сенімде!

Ойнайық, тойлайық,
Шаттанып күлейік.
Жар салып, қарсы алып,
Ақ таңда жүрейік.

Достармыз, қостаймыз
Бірлікті бәріміз.
Туыстық – тым ыстық,
Шырқалар әніміз.

Айналам жайнаған,
Баламыз көңілді,
Бақытты, шабытты
Тілейміз өмірді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу