Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  173


Автор: Сбанбаева Ақмарал

Ұлы жеңіске 65 жыл

Тәуелсіздік туын көтеріп қазақта
Төздік талай қиындық пен азапқа.
65 жыл толыпты бүгін жеңіс туына
Төздік біз де сұрапыл соғыс уына.

Бауыржандай батырлар бар қазақта
Әлия, Мәншүк ерлерше майданда қан кешіп,
Өткізген күні тең келер қанды тозаққа.
Рухына ерлік берген осылар емес пе қазаққа.

Сан жылдар өтті бейбітшілік туына.
Сан жылдар өтті ұлы жеңіс туына.
Батыр әпке-ағалар еш тайсалмай,
Бейбіт елді тарту етті емес пе ұлыңа.

Қастерлейік, құрметтейік ардагер атты адамды.
Естен бір сәт қалдырмайық олар басқан
Батыл да батыр, жеңісті әрбір қадамды.
Өздерің жайлы жырлайды, ақынның бұл қаламы.

Отан үшін от кешкен, ардагерлер жасасын.
Кім өтейді өтеуін, әрбір қазақ қазасын?
Естен кетпес сыңсу, жоқтау, әрбір сөз
Ұмыта алмаспыз жас бала, сәби қазасын.

Бүгінде ардагерлер ұлы атамыз.
Күллі қазақ еліне таралыпты аты аңыз.
Терең ұғып түсінеміз ұлы жеңіс мәнісін.
Ардақтаймыз мәңгілік, ардагерді мақтан тұтамыз.

Ұлы жеңіс – абыройы мына ұлы Отанның
Сол Отанда қанат жайып тұрармын.
Ендігіде менің әрбір тілек арманым,
Бақытты боп, бейбіт Отанда мен тұрармын.

Жылдан-жылға өркендеп келер санамыз.
Жылдан-жылға үлкейіп келер қаламыз
Ұлы жеңіс жол ашты бізге батыл қадам басуға,
Иншалла әле бүкіл әлемге ие боламыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу