Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  462


Автор: Қанат Сарыбаев

АРНАУ Ұстазыма

/Дана халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы» - деп тегін айтпаса керек. Адамзат баласының көзін ашып, болашағына нұрлы жол көрсететін ұстаздар қауымына біз қашан да қарыздармыз. Мен осынау жүрегімді  жарып ұшқан жырларымды «Жалын» әлеуметтік педагогикалық колледжінде  «Педагогика мен психология» пәндерінің аға оқытушысы болған, шәкіртінің жайын айтқызбай ұға білетін ұлағатты ұстаз Көшкінбаева Әсем Дүйсенқызының 1- наурыз күнгі туылған күнімен құттықтап, осы бір жүрек жарды лебізімді жеткізгім келеді/
Ең алғашқы күнінде туылыпсыз көктемнің,
Талай қиын белесті басыңыздан өткердің.
Бес күндік қой мына жалған дүние де,
Шаттық пенен бақытты боп өткергің.

Асыл болсын беу ұстазым мұратың,
Туған күнің мәңгі есте тұратын.
Қалам алып өзіңе жыр өрейін,
Шәкіртіңмін мен жолыңды қуатын.

Білімді жас тәрбиелеу басты арман,
Нағыз ақын, ғалым шығар жастардан.
Еңбегіңмен еленіп-ау ұстазым,
Аса бергің жұрт аспаған асқардан.

Шәкіртіңмін осы колледж түлегі,
Ұстазымның мейірімді жүрегі.
Айнымашы парасатты қалпыңнан,
Көктемдей боп жайнап жүрші үнемі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу