Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  146


Автор: Қанат Сарыбаев

АБАЙҒА АРНАУ

Абай баба айтар менің жыр әнім,
Мен өзіңдеп жалын жырды құрадым.
165-жыл мерей мына тойыңда,
Өлең жазбай қалай үнсіз тұрамын.

Абай баба данышпансың, данасың,
Жүрегімде жалын от боп жанасың.
Оның әрбір жазған жалын жырынан,
Оқысаңыз зор ғибрат аласың.

Келдім баба сырды саған төккелі,
Жағдайым бар қоғамыма өкпелі.
Ана тілдің көтерілсе екен деп байрағы,
Тәңірімнен тілеп жүрмін көктегі.

Не көрмеген қайран қазақ ел еді,
Шырқырап бір шындық айтқым келеді.
Қазақ тілін, ислам дінін ұмытса.
Бұл қазақтың қалай өсер өркені?
Қасиетті қазақ деген халықта,
Жамандықтың алауы қашан өшеді.
Барша қазақ қазақ тілде сөйлеуге,
Айтшы бабам қай заманда көшеді?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу