Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  150


Автор: Қанат Сарыбаев

НЕ ЖАЗЫҒЫ БАР ЕДІ ОЛ ЖЕТІМНІҢ...

Ақиқатты ашып айтар күн бүгін,
Болған жайдың жазайыншы шындығын.
Шыдаса да пенде тағдыр тезіне,
Айтайыншы бір оқиға сұмдығын.

Силы еді ағайын мен бауырға,
Байлыға мен мәшһүр болған қауымға.
Жетім қызға қой бақтырып зәбірлеп,
Обалына қалуыңыз ауырма.

Қалың жұрттың қашырмаңыз ырысын,
Байлығыңмен кеңеймейді тынысың.
Ойламаңыз ақшаменен жабам деп,
Әлі талай жауап берерсіз бұл үшін.

Ісіңіз бар ел алдында бітпеген,
Әлі бәрі аяқталмас нүктемен.
Елдің сөзін сөйлер сіздей ақыннан,
Қалың жұртың азғындықты күтпеген.

Қалдыңыз ғой жетімнің көз жасына,
Жол ашыңыз тағдыры тозбасына.
Кім кепіл сол арудың бір күндері,
Сізден де асқақ болып озбасына.

Тәубесіне келер деп мен келемін,
Шындықты ашып айтуды меңгеремін.
Тірісінде жасаған әр тірлікке,
Аллаға есеп берер пенделерім.

Жетімдікпен ашқан өмір есігін,
Бермесінші енді тағдыр кесірін.
Қазақ деген қашаннан да ел едік,
Жылатпаған жетім мен жесірін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу