Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  94


Автор: Қанат Сарыбаев

ЖЕТІМЕК ҚЫЛЫП ТАҒДЫРЫМ...

Табалмайсың- ау анадан артық асыл жан,
Қиналған да кім табылар екен қасымнан.
Өмірдің талай оқпағымен белесін,
Өткізіп келем шарадай ғана басымнан.

Көңілім бүгін құлазып тағы жасыған,
Айталмай сырды шабытым бүгін тасыған.
Жетімдік өмір көрсетіп жатыр көресін,
Жағдайым қиын,  халқымнан несін жасырам.

Айласын тағдыр түлкі боп маған асырған,
Алыстан емес, табылар дұшпан қасыңнан.
Тағдырым мені еркелет педі – ау  қайтейін.
Анамдай болып кім сипайды екен басымнан?

Атқызам кейде ұйқысыз талай ақ таңды,
Досты да көрдім,  досым деп жүріп сатқанды.
Ауырып жаным, қиналып тағат таппастан,
Жаралы жүрек бар сырын жырмен ақтарды.

Өткіздік талай сындарлы қиын шақтарды,
Дұшпаным қойды – ау  алдымнан менің қақпанды.
Жеңгемен аға қыспаған көріп бұл ақын,
Жоғалып тағы жоқ боп кетуге де шақ қалды.

Ауырлау болды- ау жетімдік өмір салмағы.
Мойымай бұған көтеріп өтсем болғаны.
Көре алмаған дұшпанның күйсін іштері
Көрерсіңдер болармын өнер  саңлағы.
Аялап мені әлпештеп қорғап өсірген
Ата – анамның  орындалса болды арманы.

Кезім көп талай таңдарды жылап атырған,
Жаныма жақын шабытты сонда шақырғам.
Қиналып жүрмін жалған да ана қайтейін,
Жетімек өмір тырнағын маған батырған.

Жанарға кейде тамшы жас тұнып тұрады,
Тағдырдың  көп қой сан – сауалымен сұрағы.
Бақытқа қанша талпынсам дағы жетем деп,
Жетімдік тағдыр арылмай менен жүр әлі.

Халқым үшін қиындықтарда тосқауыл болып тұрамын.
Еліме ғана арналар, жүректен шыққан жыр әнім.
Жетермін алда мұрат пен арманға өзім көздеген,
Ауызымда Аллам, жүректе иман, жанымда болса Құраным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу