Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  164


Автор: Қанат Сарыбаев

ЖАУҚАЗЫН ЖҮРЕК ЖЫРЛАЙДЫ

Ауырып жүрек жылайды,
Тәңірден саулық сұрайды.
Халқым деп ғана халқым деп,
Жауқазын жүрек жырлайды.

Жүрегім бүгін мұңайды,
Дәрменсіз адам сыңайлы.
Қиындық - қылыш мойымай,
Жауқазын жүрек жырлайды.

Тоқтамай уақыт зулайды,
Өткізіп қанша мың айды.
Емдеуге жанның жарасын,
Жауқазын жүрек жырлайды.

Өмірім толы мұң- қайғы,
Теңіздей толқып тулайды.
Ағысы асау өзендей,
Жауқазын жүрек жырлайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу