Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  249


Автор: Исатай Мәмбетов

Оралман жігіттің сыры

(баллада)


Көш келеді тізіліп, көш келеді,
Туған жерге еліміз көшкен еді
Атажұрттан алыста жүрген шақта
Сағынышы жүректі кескен еді

Ата – бабам бір кезде елден ауған
Ата жұрты көзінен ұшқан арман
Бөтен елде талай қазақ жан тапсырып
Шер болып кеуделерде кеткен арман

Жеттік міне, туған жерге, шекараға
Алагеуім таңғы бір бозалада
Қарттарым тізе бүгіп топырақты
Сүйіп жатыр, сүйсініп көз ала алмай

Бабам шері не деген ыстық едің?
Құшағыңа ал шатсынбай қысшы мені
Әжем де тұр бет силап құбылаға
Мен бүгін оларды шын түсінемін

Мен де енді арманыма жетсем екен
Бір сұлуға ғашық боп өтсем екен
Тәңірім, бере көргін тілегімді
Елімде бақытты өмір кешсем екен

Елімнің солтүстік бір ауданына
Тоқтаттың аттың басын таңда мына
Япырмау, пері ме, әлде періште ме
Бір сұлу қыз қарап тұр – ау ақтарыла

Тәңірім, не деген құдіретті ең
Сұлуым жанымда тұр көптен күткен
Туған жерге жеткізген дер кезінде      

Ата – анама мың рахмет шын жүректен
Сұлуға қарап тұрмын көзімді алмай.
Қос жанары жалтылдайды жанған шамдай
Осынша сұлулықты бір адамға
Аямай берген екен жомарт Алла – ай.

Көз алмай керемет хор келбетінен
Таныспақ болып шын ниетіммен.
Сөйлей бердім жанына жетіп барып
Аянып тұрамын  мен несіне.

О, Алла, қарашы бұл қырсығыңды,
Мәңгіге ұмытпаспын бұл күнімді.
Ең алғаш ғашық болған сұлу қызым
Түсінбей тұр ғой менің бір сөзімді.

Білмеймін мен орысша, ол қазақша,
Жүрегім жарылардай өрт намыстан
Қиялым кетіп еді-ау көрген кезде
Шарықтай самғап сонау тым алысқа.

Туған тілін білмеген шерлім менің,
Туған анаң болмаса, сен кім дің?
Қазақ тілін өзіңе үйретем деп
Ант берейін соққанша соңғы демім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу