Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  124


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Жалғыздық

Тірлікте қадірің де,күйін де бар,
Болса егер бала дана,ақылды жар.
Ағайының құрметтеп тұрған шақта,
Жыртылса ар-намысың қиын болар.

Тамақ тоқ, заман тыныш,киім де бар,
Үй толы қымбат жиһаз бұйым да бар.
Жарасы екі дүниеде жазылмайтын,
Ұрпақсыз өткен өмір қиын болар.

Кей-кезде айналдырып соғар құйын,
Естісең ызғарлы сөз,тоңар миың.
Жалғыздық жарасқан ғой бір Аллаға ,
Пендеге жалғыздықтан не бар қиын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу