Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  110


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Ой

Тіршілікте адамға,
Бақыт,дәулет ар екен.
Ерді еліне танытар,
Ақылы мол жар екен.

Озбыр адам озбайды,
Тілектен кісі тозбайды.
Адал төккен маңдай тер,
Өмірде оттай маздайды.

Ақылды туған азамат,
Халқының даңқын асырар.
Ақылсыз туған азамат,
Елінің құтын қашырар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу