Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  116


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Замана

Ақша озды заманда ақылдан да,
Дарақы,тентек озды мақұлдан да.
Дөрекі,ұры-қары күні туды,
Сондайлар мықты болды батырдан да.

Бұл күнде сызбайластық толған заман,
Қарғалар қаз орнына қонған заман.
Бәйгеге арғымақтар қосыла алмай,
Шабандар аламанда озған заман.

Алаяқ параменен алды жүлде,
Баюда жылпостарың күннен-күнге.
Халқымның қаймағындай зиялылар,
Қалды ғой үнсіз болып енді мүлде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу