Өлеңдер ✍️

  12.08.2021
  208


Автор: Сатқан Молдақасұлы

Қазағым

Ей, қазағым! Жан бауырым ,туғаным,
Сенің қамың бала жастан қуғаным.
Сен бақытты,сен өркенді ел болсаң,
Болмас еді басқа менің арманым.

Ей, қазағым! Кештің тағдыр күрделі,
Сендей болсын,болса бір ұлт зерделі.
Құрбан болып шалынар ем жолыңа,
Ел болсаң сен өз алдыңа іргелі.

Ей, қазағым! Сенің үшін жан құрбан,
Сенің зарың жүрегімде жаңғырған.
Ұлтым деген ұлын едім қашанғы,
Аман қылсың Аллам сені зар-мұңнан!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу