11.08.2021
  609


Автор: Төрехан МАЙБАС

ҮРЕРГЕ ИТІ ЖОҚ, СЫҒАРҒА БИТІ ЖОҚ

Хақ Тағалла мақұлықаттарды Адам Атадан бұрын жаратқан. Жұмақтан Адам Ата Хауа Анамызбен, шайтанмен шығып қалған. Сонда шайтан мақұлықаттарды азғырған. Адам Ата сендерді құртады деп. Сонда бірінші болып ит қапқан екен. Алайда Жәбірейіл періштеден хабар келіп, Адам Ата оны қапса да жылы құшағына алады. Адам Атаның жұпар иісін алған иттер оның жау емес, дос екендігін біледі. Сөйтіп, болашақ иелерін қорғап қалады. Һақ Тағалла оларды мәңгілікке дос етеді. Үрерге иті жоқ деген сөз – қорғансыз қалды, доссыз қалды деген сөз. Бұл мәтелдің екінші жартысы біріншісімен өзектес. Иттің қызылмен қоректенетіні белгілі. Қызыл деп отырғанымыз ет. Еті жоқ үйге ит жоламайды. Қаны аз адамға бит жоламайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу