11.08.2021
  228


Автор: Төрехан МАЙБАС

ИТ ЖАҚСЫСЫ ӨЛІМТІГІН КӨРСЕТПЕЙДІ

Ит серті бар мақұлықат. Киіктің серті жол кесу болса, иттің серті ерте ме, кеш пе ата жауымен бетпе-бет келу. Ал иттің жауы кәдімгі қасқыр. Кез келген қасқыр итті бұтарлап кете алады. Керісінше, итте ондай қауқар болғанымен айбын жоқ. Кейбір иттер қасқыр алғанымен, көбінесе өздері жем болып жатады. Ит әбден қартайғанда да бұл сертінен тая алмайды.
Өлерін білген ит өлермен. Ол ұли бастайды. Ата жауын іздейді. Бұрынғыдай бұғып қала алмайды. Жауына жемтік болып кетсе де шайқасып өледі. Иттің жақсы аталатыны, өлімтігін көрсетпейтіні осыдан.
Негізінен бұл мәтел жүрексіздерге, қорқақтарға қаратылып айтылады. «Ит жақсысы өлімтігін көрсетпейді» дегенде бабаларымыз осыны айтып отыр. Бұл мақал «Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді» деп жарыспалы түрде де айтылып жүр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу