Өлеңдер ✍️

  10.08.2021
  359


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Таудағы ту

АЛҒАШҚЫ КҮНДЕР
1 тарау
1
Уақыт — аяқ кезі қоңыр күздің,
Тырнасы жылы жаққа қайтып түздің;
«Сұр бұлт түсі суық» көкті торлап,
Дидарын көрсетпей тұр күніміздің.
Орманның, таудың, көлдің жыршылары,
Ортадан ғайып болып тыншығалы;
Үзіліп жапырақтар сабағынан,
Суық жел судың бетін шымшылады.
Дала саз, дала дауыл, дала қатқақ,
Балалар борбайларын отқа қақтап;
Кеміп жеп қоламтаға буылдырық
Қутыңдасып қояды жазды мақтап.
Демі аяз, лебі үскірік тентек қыспен,
Жекпе-жек майдандасып үйреніскен
Пан, Алтай көнетоз сұр шапан киіп,
Жайнаған жаз мау сыпырды үстен.
Желге ұшып — жаз түлеген жер мамығы,
Қуарып қара орманда тал қабығы,
Жаз бойы жаңғырығып жатқан жартас
Қайран қап, қалғып кетіп тұр жабығы.
Балбырап табиғаттың сұлулары,
Бар еді тыңдайтын бір сұлу әні:
Қайда екен сол титімдей жыршы бұлбұл,
Ол үшін кім жырламақ гүл туралы?!
Айналып меруерт шық боз қырауға,
Айналып көлде құрақ тозғындауға;
Тек қана балта даусы естіледі,
Жамылған күз көрпесін бозғыл тауда.
Бұлардың келіспестей ешбірімен,
Қайнарлар тау тесінен, шың түбінен
Шымырлап шапшып ойнап, ағып жатыр,
Болымсыз бойына шақ күлкілі үнмен.
Жамаулап қора-қопсы тесіктерін,
Жаңартып жатты шаруа есіктерін.
Жас ана мүдірместен су ап кайтты,
Оянып қалар-ау деп бесіктегі.
Мың шомбал, миллион шоғыр
Алтай алып,
Күз бұлтын, күз дауылын төске салып,
«Сезім жоқ күнге ғана» деп түр әне,
Асылы төсіндегі жарқыл қағып.

2
... Ақ Ертіс, арнасы кен, жары биік,
Ақ қасқа толқындары жал үйіріп,
Өз ұртын омырып ап, өзі жұтып
Өр тентек бұрқылдайды Обқа кұйып.
— Ертістен тегім кем бе?
Түсім кем бе? Бұлғын тау бұйратынан түсіп жерге,
Мен оған неге құямын, бөлек ақпай, —
Деп Ульба намыс сырын түйді белге.

3
... Жамаулы жыртық - тесік үйіміздің
Жабулы түндігінде бұлт кигізін
Жарқ етіп жарып шығып жапсарынан,
Жантайтты тулы шыңға ай мүйізін.
Ақ сәуле қиып түсіп түн қанатын,
Аялап жер-ананың жарақатын,
Ақырын тербеліп тұр алыс көкте...
Аужайлап жан-жағына қарады ақын.
Үш батыр бектерінің жазығында,
Алтайдың ұқсап ескі қазығына —
Бірі тайпақ, біреуі биік біткен
Адыр тұр қос мергендей киік күткен.
Көміліп тізесінен қазынды.
Үстімен бұл жердің де жылдар көшкен,
Адам бар бұл жерде де туып-өскен;
Астында осы жердің байлық жатыр —
Шалқитын ғасырларға сан белеспен.
Қымбатқа түссе дағы бізге тірлік,
Біз онда не түсіндік, нені білдік.
Қиратып, тонап қашты алаяқ жау,
Қансырап қала берді Алтын кіндік.
Жаңағы қос адырдың арасымен
Дауылға толқындары таласумен
Филип бұрқай ағып өтіп жатыр,
Ісі жоқ Риддердің жарасымен.
Үш батыр — тау аты.
Филип — өзен аты.
Өзеннің күнбатыс жақ жағасында,
Малынып баспалдағы қара суға
Шәу киген екі этажды үш-төрт үй бар,
Әтештей хал біткен таласуға.
Аумаған сол секілді көрер кезге,
Ағылшын үйлері еді ол, онан өзге
Үй дерлік, қала дерлік дәнеме жоқ...
Барақ тұр күн қуартқан ұқсап безге.
Қос адыр биігінің етегінде,
Келместей бұл күйінде көтеруге;
Байыту фабрикасы құнысады,
Кек саудай дәрмені жоқ жетелеуге.
Және сол қос адырдың төбесінде —
Вышка ма? Әлдененің елесінде
Бірдеме көрінеді арша - парша,
Бүлінген Риддердің денесінде.
Адырдың, аласасы Александр,
Асты асыл, көрінгенмен үсті жалбыр.
Биік адыр — Риддер...
Биігіне
Өрмелеп бара жатыр жаңа тағдыр!
Алтайда Риддердің кеншілері,
Өмірге өгей еді, кемсін еді;
Сонда да сорға біткен ұясында
Көктейтін гүл секілді жершіл еді.

4
Осында, кешегі бір кештен бері,
Алтайдың адуындап ескен желі
Үйлердің терезесін тырс-тырс қағып,
Шүйінші! Шүйінші! — деп шөпшеңдеді.
Әр үйдің күбір етіп еріндері,
Тағы да: Ленин! —деді, Ленин! —деді.
Өйткені күн боп шалқып қайта оралды,
Ленинге жолдаған бір сенімдері.
Кей үйге еніп кеткен аштық — патша,
Кесір төр алдында сұлап жатса;
Күрсініп шықты бүгін түн бойына,
Ақ мысық ай сәулесін доп қып қақса.
Кеншінің ұлдары мен келіндері,
Ерінге еркелесіп еріндері;
Бүгін бір нәресте ұйқы ләззатында...
Қария жас бөбекше керіледі!
Малынып боз қырауға түн қабағы,
Жиектен көрінгенде таң балағы;
Риддер күлімсіреп тұрды ұйқыдан,
Шалқайта ашты есігін жер барағы.
Бауырын сәл көтерген таңмен бірге,
Бауырлар беттегенде Риддерге;
Мұржалар мыжырайған мойнын созып,
Сілікті ескі кенін тозған ірге.
Кей кенші белдіктерін жолда байлап,
Кей кенші үлгермеген асын жайғап.
Екі ұртын бұлтыңдатып жас балаша
Барады қатқан нанын жүре шайнап.
Қарт шахтер, балаң кенші, кексе ана,
Шахтаға түсетін штольняда
Қауышып жымыңдасқан ғашықтардай
Көлкуге көктемгі Ертіс асыққандай —
Толқыды көңіл біткен бір арнада.
«Іске сәт!» — көкіректе жүрген бұғып,
Амандық, есендіктен бұрын шығып;
Ұядан көтерілген бала кұстай,
Мезгілдің қанат қақты сырын ұғып.
Бұл сәтте соқсын дауыл, құйсын жауын,
Елейтін емес түкті кенші қауым.
Ленинде болып кайтқан уәкілдерін,
Қоршап тұр ашып тастап омырауын.
Нелер бір жирен сақал, қара сақал
Матасып қалардай - ақ осы сапар;
Деевке — бас өкілге ентелейді,
Кейі артта, кейі алда тұрып қатар.

5
Зейнепті ортасына ап келген бетте,
Әйелдер дуылдасты оң жақ шетте.
Жер үсті шаттығымен жұмысы жоқ,
Сұрша бұлт баяу жылжып жатыр көкте.
— Ленинді өз көзіңмен көрдің бе шын?
— Зейнеп, сен бәрімізден бақыттысың!
— Рас па, өзіміздей жай адам ба?
— Ұқсамайды ол өзінен басқа жанға!
Дүниеде болмас адам онан асқан,
Ойы мұхит, ақылы одан да астам.
Ішке кіріп шыққандай... істегің
Білетінін айтсайшы айнытпастан!
Көз жасың, өткен күнге кеткен кегің,
Қай сағатта, қалайша алар демін;
Өзіне күмән болса Ленинге аян,
Түсіне бер, менің сол түсінгенім.
— Сезгендей жақсылықты көкірегің,
Ертіп ап Есейіңді кетіп едің;
Оқуға Ленин өзі орнықтырса,
Не деген бақытты еді жетімегің!
Әр кенші сұрап жатса өз керегін,
Әрине, бітпес еді сөз дегенің.
«Ленин не айтты?» -
Деевке қойған сұрау,
Тап басты көп жүректің көздегенін.
— Маған бер Риддерді жасасып шарт,
Деп сұрапты Лениннен.
— Кім?
— Уркварт.
— Бермеңіз арендаға, жолдас Ленин!
Өзіміз атқарамыз
Алтай кенін! — Дедік біз.
Сол еді ғой өздеріңнің,
Жолдаған тілектерің, сенімдерің.
Жайындай тынық кеште суды үйірген,
Бір төрткөз киіп кетіп бір бүйірден
Деп соқты: Беру қажет Урквартка,
Күйреген Риддерді сол күйімен!
— Қап, ол сойқан қайдан тап бола қалды?
— Елсіздегі ескі бір молаларды
Қорқаудай тінтіп жүрген сол
Төрткөздің Ой өрті денемізді орап алды.
Бұл қалай? Үмітіміз кесілмек пе?
Жас тағдыр бақытсыз боп шешілмек пе?
Қайтадан арендаға ап Риддерді,
Уркварт тағы - тағы есірмек пе?
Бұл қалай? Ленин бұған не дер екен?
Шынымен Урквартқа берер ме екен?
Терінде аштық — қылыш сұлап жатқан,
Кенші жұрт «арендаға» көнер ме екен?
Бейне бір жаңылғандай есімізден,
Суық тер шығып кетті төсімізден.
Саңқ етті сол минутта Ленин даусы:
— Капитал аулақ жүрсін көшімізден!
— Уа, садағаң кетейін, қайран Ленин!
Демеске төзе алмады кеншілерің.
Архимед арман еткен тұтқа болса,
Осылар қозғайтындай жер шеңберін!
Асығып шыққан арман ұзақ түнге,
Төзер ме бұдан арғы ұзақ тілге!
Риддер штольнясы бойын қулап,
Кеншімен бара жатты ұзап бірге.
II
Деев бастап, бір топты Горин бастап,
Кей жерде алақанмен көзін жасқап;
Бойлап кетіп барады тар қуысты,
Иығын, құлақшынын тамшы ластап.
Жылтылдап шахтер шамдар өмір үшін,
Тінткілеп шахта ішінің көрінісін;
Құртымдай қызыл тілі жалап өтті,
Жартастың іргедегі нөмірлісін.
Ауасы көзге тұнып, демге тұнып,
Жаралы шыңырау іші жатыр тұнып,
Тек қана әлдене бір түкпірлерде
Жатқандай сайтан күліп, аңдар ұлып.
Майысып штректер ойдым-ойдым,
Шетінен сындырыпты тіреу мойнын.
Көлкіген көк тұман мен борсық иіс
Күн асса шірітердей шыңырау қойнын.
Мұңдана мүлгіп тұрған жартастағы
Ақ күміс, көк қорғасын жалғастары.
Шахтер шам сәулесіне таласқандай
Қызық - ау, үнсіз-түнсіз арбасқаны.
Тарлан азбан тәрізді тас руда
Талықсып әр забойда жатыр суда.
Сан тоқтап, сан күрсініп кенші достар,
Тағы бір штрекпен тартты тура.
Бұлардың ендігі бір барар жері,
Жан-жаққа забойдың бір тарар жері —
Кетіпті кішігірім көлге айналып,
«Қалғандай болды-ау,— десті,— жол байланып».
— Жөн болар қуанғанмен асықпаған,
Болмайды бұдан әрі басып қадам,
Ақылдасып алалық,— деді Алексей,
Үмітін қайта шолып машықтаған.
Кенеттен тоқтағанда колонна алды,
Лып етіп сөнген шамдар қайта жанды.
Жалтылдап кез оттары кеншілердің,
Үңгиді забойдағы көк тұманды.
Жиналып ілгеріміз, кейін,
Кимелеп алдағыны кей ініміз
Қасына Алексейдің барып жатыр,
Кім сонша бұл Алексей Деевіміз?
III
Әр кенші: «Деев менің өзім» дейтін,
Әр кенші: «Көкіректе көзім» дейтін.
Сүйетін алғыр мінез адалдығын,
Бөтен ой ол туралы сезілмейтін.
Біріне ұл, біріне аға, біріне іні
Деевтің азды-көпті білгірлігі:
Сүйеді ол кенші өмірін, дос бақытын,
Жоқ оның ешбіріне көлгірлігі.
Жүрегін қаршадай қасірет тескен,
Жетім ұл, бұ да осында туып-өскен.
Бір сәуле көз алдынан жарқыл қағып,
Жеткізбей асушы еді сан белестен.
«Жетімнің» ынтықтығын сезіп хатқа,
«Жарар, — деп, — түбінде бір қолқанатқа»,
Шахтерлер тілек етіп көп атынан,
Деевті түсіріпті интернатқа.
«Айлығын» мырзасынан алған шақта,
Өздері батпаса да рақатқа;
Жіберіп тұрды бұған тиын-тебен,
Қорексіз отырса да бірер апта.
Жас Деев кеншілердің сол күндегі
Қадалған көз нұры еді болашаққа.
Жігіт боп соқтауылдай Леша бала,
Оқуын бітіргенде кеше ғана.
Риддерге учитель болып келді,
Бармастан үлкен қала шақырса да.
— Қадамың құтты болсын...
Алдың нұрлы! Мынау менің тентегім!
Қайла, бұрғы
Тірі болса ешқайда қашпас бұдан...
Жақсылап оқытып бер осы ініңді,—
Деевке балаларын әкеп тұрды.
Партия мүшесі еді Деев біздің,
Алтайға тап бергенде банда – құзғын.
Алексей комиссар боп барған еді,
Партизан жасағына халқымыздың.
Қарабек, Зейнеп пенен Горин, Яшка
Отырып бірі жерде, бірі таста:
— Алексей,— деді,— Риддер қирап жатыр,
Хош келдің, біз әзірміз, өзің баста!
— Риддер апатта тұр орны толмас,
«Лениннің ақылынсыз жөндеп болмас»,—
Деевтің, көпшіліктің арманы боп,
Ленинге барып қайтты бір топ жолдас.
Сол Деев сөйлеп кетті, сермеп құлаш.
Деев:
Қара суық, боз қырау,
Жеткізді қыстың хабарын.
Келе жатыр сол «Дырау»
Түкситіп ақ жал қабағын.
Жабады ол жалтыр мұзбенен,
Айдын көлдің табағын.
Аюдай жеміт іздеген,
Жаланып ақжем табанын.
Аспан сілтеп үлгірмей,
Қар шашатын қалағын;
Жасалық алтын үңгірдей,
Жаралы шынырау танабын.
Арылтпай жаудың лаңын,
Күйінген көңіл көншімес.
Қасара басқан әр адым —
Бақытпен ғана еншілес!
Шапағын құшпай ырыстың,
Шалдығар күн бе төзімің,
Сызып берген Ильичтің
Жоспары мынау өзінің!
Қалтадан жүрегінің тұсындағы
Деевтің суырып ап ұсынғаны
Лениннің өзі жазған тарақ қағаз,
Алтындай жарқ етті Алтай мысындағы.
Жатқан жан қызыл қанға боялғалы
Секілді қатты шошып оянғаны —
Үңгірде жаңа туған қуаныш үн,
Шахта ішін дуылдатпай қоя алмады.
Сорлаған соқыр забой тас қараңғы,
Көргенде күлімдеген жас заманды;
Сүйгенін қарсы алатын қалыңдықтай,
Шахтер шам сәулесімен шаш таранды.
Кеудеде жанбай жатып сөнген шырақ;
Әлгі бір тұрған кезде жыламсырап;
Басындай жас бұзаудың былқ-сылқ етіп,
Кей бастар кеткен еді төске құлап.
Алексей айтқанында Ленин сөзін,
Әркімді билеген бір жылы сезім;
Басты да, еңсені де сәт көтеріп,
Аударды хат бетіне жұрттың кезін.
Сауаты бары дағы, жоғы дағы,
Қадалып әр сөзге әр жолындағы,
Көсемнің жазуына көз қандырып,
Қадалды қойған колға соңындағы.
Күлімдеп хатқа төнген тамам көзден,
Болар ең мынадай бір сырды сезген;
Жапсырып көкірегіне сақтар еді,
Бәріне бөліп берсе бір-бір сөзден.
Алексей, оқып берші, дейтін бұрын
Қартымыз қатпар маңдай, кейкі мұрын,
Төніп тұр, қадалып тұр хат бетіне,
Ешкім жоқ ұят болар дейтін мұным.
Арманы Риддерлік жүмысшының —
Тірлікке тез келтіру жұмыс күнін.
Көктетіп кекіректе көңіл сырын, —
Жазыпты Ленин соның дұрыстығын.
— Мұнша ақыл (Зердемізге құйып тұрған)
«Титімдей хатқа қалай сыйып тұрған!»
Демеске шыдамады кенші жаны, —
Жалт қарап Алексейге биік тұрған.
Алысты ауыл үйдей шолып берген Ленинде,
Москвада болып келген
Алексей сүйкімді еді бәріне де,
Дембелше мүсінімен толық келген.
* * *
Көк тұман шыңырау ішін алған кернеп,
Несіне булығады «жеңіп көр!» деп.
Қақ! — деп түр жұмып сағат қоңырауын,
Жүрекке мұңын шағып жүрген еңбек!
— «Шахтаны арылтамыз қара судан!» —
Ұран боп шалқып еді жаңа туған.
Управ жетіп келіп, неге мұнша?
Алқынын баса алмай тұр аласұрған.
IV
(Рудаковтың анкетасы)
Кірісіп те үлгірген жоқ ісіне,
Кіріп шыққан кім бар оның ішіне?
«Үлкенді аға, кішіні іні» тұтатын
Ұқсайды екен кең мінезді кісіге.
Қирап жатқан Риддерге жаңағы,
Москваның жіберген бүл адамы,
Өзі управ, фамилиясы Рудаков
Басқарғалы келген адам жананы.
Жору қиын болғанымен кәріге,
Туғандығы көрініп тұр әріде.
Ұқсайды екен қос көзінің жанары
Ақ қасыққа тамған сарғыш дәріге.
Ат жақ бетті, ұзын иек, ақ сары,
Қан секілді кірпігінің жапсары;
Кейде адуын, кейде ілбіп ақырын
Мінезінен аумайды аяқ басқаны.
Жирен шашы бейне жуған жабағы,
Тыртықша бұғақ асты, тамағы.
Қос бармағын жасырғыш - ақ сол қолы...
Кейде қатал, кейде жарқын қабағы.
Кейде баяу, кейде өмірге өктемін,
Қалай дейін? Шолалықшы өткенін.
Жаралған ба қос қыртыс боп мінезі,
Жер-анамен қауышқанда көкте күн?
Елімізді жатқанда ауыр зіл басып,
Ағылшындар көк толқынға із ашып.
Дон жүрегін жер астында жұлқылап,
Күйінткен еді жарамызға тұз басып?
Некрасов қайтыс болған тұстарда,
Дон көмірін «тіске басып» ұстарға
Қақшаңдаған карт капитал ағылшын,
Сүт саумақшы біздің елде құстан да?
Инженер де, онбасы да өзінен,
Жыр да, сыр да өздерінің сөзімен.
Ұйқылы елді қымтай түскен арманы —
Жер жүрегін тонау еді тезінен.
Онбасы боп жүрген соның Иденің,
Рудакова Зоя қыздың сүйгенін
Намыс көрген құрбылары сөгіпті,
«Жөн емес,— деп бір жат тілге тигенің?»
Күннен күшті махаббаттың күшіне,
Сүйген жардың сөз бе ұлты, түсі де.
Кейін білді құрбылары: Иденнен
Перзент барын Зоямыздың ішінде.
Дүниеге ақ сазандай ұл келді,
Жас ананың жан күйіне нұр енді.
Әкенің де қуанышын сұрама,
Бөбекке арнап сатып ап бір кілемді.
Мұрттан күліп, мықынынан шіренді.
Эрнард қойды әке ұлының есімін,
Тербеткенде бөпесінің бесігін
«Ермегім» деп әлдилеген жас ана.
Өсірді ұлын ақ сүтімен төсінің...
Зоя біздің болып шықты жақсы ана,
Махаббаты толқымады басқаға.
Иден бірақ өмірдің бар ләззатын
Тіміскіді алтын менен ақшада.
Арманы оның жердің шарын қуыстап,
Алтын алып, алтын жұту уыстап.
Демі сөнсе тек сонан сән сенсе екен,
Оған дейін жатар емес тыныстап.
Жылдар етті. Жадау Иден ілбиген,
Довернай боп шыға келді күрбиген.
Алты жылда тіктіргені бір костюм,
Әкелгенде сылап-сипап бір киген,
Жетінші жыл сол костюм тұр со күймен.
Жоқ шығар деп ойламаңыз «көр» мұнда,
Кесегімен ақша жұтып ол мұнда;
Үш жылда бір барып қайтып жүргенде,
Шарап зауыт салдырыпты Лондонда.
«Мелдек атып саған қашан тоямын,
Сені ойласам басқа үмітті жоямын;
Қадіріңді бір өзімдей кім білер,
Жаным — алтын!
Жаным деп ат қоямын».
Иденнің бұл жатқан сыры тереңде
Толқын айдап шықты бір күн кемерге: —
Оянып-ақ кеткені ғой Зояның,
Алтын мөрін Иден сүйіп өберде.
Күл қалақтай көтеріліп иегі —
Төр үйде екен әкесінің сүйегі.
Бір көк шыбын кейде шұқып танауын,
Кейде мұздай ернін тістеп сүйеді.
Дәрменсіз біліп алып қазаның,
Жалғыз шыбын істеп жатыр мазағын.
Фабрикасын салдырғанмен шал марқұм
Шығарта алмай кетіпті у қағазын; —
Тарттыратын шыбынға өлім азабын.
Бұл бір сұмдық кетірді Эрнард тағатын,
Жұлмақ болып көк шыбынның қанатын
Қу білекте жатқан алтын сағатын.
V
Жентектеп уысына жер мен көкті,
Жаңағы не жасамақ? Не деп кетті?
Үзбек пе кенші үмітін тербетілген,
Алтын жіп кемпірқосақ әткеншекті?
Бірде үзіп, бірде жалғап тамшы жібін,
Көк тұман түкпірлерде қағып бұлың,
Жыбырлап қара судың тынық беті,
Тамсанды тар забойлар халық үнін.
Көкірек дауылынан рең беріп,
Булығып күретамыр білем деп;
Қалың топ қарауытып сыртқа шықты...
— Анау кім? — управ қой күрең бөрік!
— Тоқта, жолдас управ, біз мұнда! —
Деді Зейнеп жүгіріп,— сөз тыңдаңыз.
Завод мүмкін қалпына келмесе де,
Жұмысшыны сақталық бұл жылда біз!
— Қарысқанды жек көрем шөккен бұлттай,
Беттеуіңмен гуілдеп, шектен шықпай,
Бір жүзің кел де жазыл, жұмыс берем,
Шындыққа сенер болсаң, бос қырсықтай.
Рудаков айтты - дағы айтар сөзін,
Жөнелді алып қашып топтан өзін.
«Түсінбеймін» — дегендей кейбіреулер,
Алартып қала берді сотқар көзін.
— Соны айтсаңшы!
— Елге көшем, таусылды ішіп-жемім.
— Онысы рас!
— Менің ше? Күйім ток па?
— Керек жүздің бірі бол Рудаковқа!
— Жүз бірінші кім болмақ?
— Ол, мына мен!..
Дауыстар шығып жатты шиыр топта.
Алексей тұрған жоқ-ты жұлдыз санап,
Немесе қалған жоқ-ты жерге қарап.
Кемедей көп толқынның тесіне ерлеп,
Тұр еді жаны тулап, ойы терлеп;
Көзінің қос фонарын елге қадап.
— Оның рас!
— Қайнары сол бір күштің: —
Жұмысқа жазылмастан тоң-торыс күн,
Шахтадан арылталық суды сыртқа,
Жалақы сұрамайтын болсын ешкім.
— Сол ғана ма?
— Осы да емес шағын.
Сонан соң сөйлесерміз арғы жағын.
Шелекке жүгірді жұрт барактарға
Жүйткітіп жүрегінің арғымағын!
VI
(Аштық лаңы)
Аласа үй, айналасы ескі қорда,
Төбесін жаба салған ұқсайды орға.
Сүзектен жаңа тұрған шахтер
Тата Иіннен демін алып отыр сонда.
Шиеттей үш жас бала үлкені онда,
Бүк түсіп боздап жатыр он, мен солда.
Жас бесік. ойбай салып шиқылдайды,
Қамалған балапандай аштық торға.
Ақылын ауру, аштық умен буып,
Алқынып, қос танауы қусырылып,
Ажалға азу тісін шықырлатып,
— Көрші, — деп отыр Тата, — бірің жуып!
Болмаса бала қымбат ата-анаға,
«Жүрегің», «Бауыр етің» атана!
Татаның бар тілеуі — үш қарғашы,
Жұттырмау соларды аштық сатан».
Баланың шырылдаған үнін ұқса,
«Қорегін не болады ала қысқа?» —
Деп әке үңіледі бөбегіне,
Ілінген қолын созып тарамысқа.
Келгендер қолда барын бөліп беріп,
Жеп отыр соңғы нанын отқа көміп.
Кетпесе зауыт жүріп бүгін-ертең...
Ажал сұм аялдамақ нені көріп?
Торанның жалғыз ұлы Сиқым деген:
— Ей Тата, жан емес ең қиқым жеген.
Мынауың не, мынауың сұмдық екен,
Өлесің ғой бүл күй, бұл сиқың менен.
Шырқырауын көрдің бе үш аш ұлың?
Білесің ғой, біздегі көл ашығын.
Өзімізге көшіп кел, өзімізге,
Бізден артық кім сенің жан ашырың?
Зауыт, зауыт дейтін бір төрем!
Аш - аруақ түрінді көремісің!
Жүзден артық жұмысшы алмас бопты...
Үйлі жаның қырылып өлемін?
Жүнісбекті, Әмірді, Балтабайды
Өзіндей ғып басыпты аштық қайғы.
Оларды да шақырдым көшіп кел деп...
Қайда жүрсең бәрі бір сол бір еңбек»
Бізде болсаң асайсың аппақ майды.
«Туысты» кім қияды ажал сұмға?
Қарайласпай бола ма мұндай жылда?
Өлмесіңді ойласаң, — деп кетіпті ол, —
Көшіп кел, бұл арада бір күн тұрма!
Тата айтыпты: мұныңа нанам, депті.
Ең қымбатым мынау үш балам, депті.
Жүзден артық жұмысшы алмас болса,
Мен тіпті бүгін көшіп барам, депті.
Таңертең шахта жаққа кеткен Зайла,
Үйіне арсалаңдап келу қайда?
Күрсініп зорға аттады босағасын...
Шыдар ма Тата жаны мұндай жайға?
Қалшылдап, ұстағандай безгегі ескі,
Күрсініп кірген жарға шақ тілдесті...
Жүгіртіп үлкен ұлы Сәлімжанын
Шақыртып алған екен арбакешті.
Тата айтады, жарайды, берем, — дейді.
Атшы айтады: әуелі көрем! — дейді.
Жаңа ғана күрсініп кірген Зайла, —
Қой, Тата, оған қалай кенем! — дейді.
Алып кел, ашып көрсет самауырды!
Дейді Тата.
Зайланың, жаны ауырды:
— Тілеу ғып алған едік үй болған жыл,
Арбакеш, алшы басқа қалауыңды!
Атшы айтады: жақпайды сөздерің бұл!
Кешпейміз десең онда өздерің біл!
Бақырайып кетіпті Сәлім кезі,
Ішіне сыйғыза алмай «сезгенін бұл».
— Күн суытып келеді, қыс жақындап,
Аштық ит үйлі жанды тұр тақымдап.
Қатын сезін сөз деме! Түсінбейді ол,
Елге жеткіз осыны жол ақыңа ап!
Зайланың отырғанда жалыны өшіп,
Ашылды сықыр етіп аласа есік.
Зейнеп кеп тұр...
Сарсыған ауру үйге
Таза ауа кіріп берді таласа есіп.
* * *
Ойлары Деевтің де, басқаның да,
Кеше бір шүйілгенде «аш қамына» —
«Мың сіз - бізден, бір шыж-мыж артық»
Қорек кілті ұғымды аш қарынға.
Ас тілеп, аштық ұлып ішіндегі,
Таусылып төрт үй отыр ішіп-жемі.
Бетіне қорқыныштың тура қарап,
Зауытты қимаулары шын еді.
Қорек керек бұларға бүгін тандық,
Қорек керек күн көріп, жан жалғарлық.
Жасайды өлім тойын аштық малғұн,
Бір минут қарсыласпай кетсең қалғып.
Рудаков, жұмыссыздық, аштық, Торан
Төрт жақтап алай-түлей соқты боран.
Жан отын жалау етіп қысылшаңда,
Деевтер жекпе-жекке шықты соған.
Бір-екі мерген жігіт оқтап мылтық,
Таңертең кеткен еді тауды тінтіп.
Күнімен аң кездеспей жүр екен ғой,
Шаңқ етті мылтық даусы өлім бүркіп,
Түсірді тау ешкіні тастан қырқып.
Еркесі еркіндік табиғаттың,
Дей көрме жазығым не, неге аттың?
Көздерің аянышты қарағанмен
Өмірі ойыншық па адамзаттың? —
Деді де арқасына бөктерді аттың.
Гүрс етсе мылтық даусы даладағы,
Деевтер күлімдейді қаладағы.
Оқ тиген жолбарыстай қапылыста,
Аштық ит қан табанын жаланады.
Осы бір шағын жабдық күні бұрын,
Оятып көкіректің күңгірт сырын.
Желпінді жер ұршығын үйіргендей...
Көбейтті Торан мырза күрсінуін.
Достарым, тоқталармыз Торанға да,
Ол жатқан мың-мың жылқы боран дала.
Айдап мыңдарына қосар еді ол,
Жан бітсе, жая бітсе томарға да.
Әр жерде от тұтатпай сөз қышына,
Торанды қалдырайық өз тұсына.
Күтіп қап кейіп жүрер, оралайық
Татаның үйіне енген жыл құсына.
Өксіген, бұлау көзді жас балаша,
Томсарып тұрған Зайла жалт қараса.
Аштық сұм қоныс таппай қырдан ырғып,
Бұл үйді алған екен әбден «құл ғып».
Азуға қатты кұртты бірер басып,
Татекең апыл-ғұпыл жұтты қылғып.
Зейнеп айтты: Сонымен қалай тындық?
Деев айтты: «Көшем» деу мүлде сұмдық.
Зайла айтты самаурын қойып жатып:
Неге көшем, істеген жоқпыз ұрлық.
Түсті деп бір күн жерге қырау - қырбық,
Кім болдық мұнша жасып, мұнша ынжық
Не көрсек достарменен бір көреміз...
Түнермей көзіңді аш, істе құлдық.
Естіртпе, Тораның жайын жыр ғып,
Алмақ қой екеумізді күң мен құл ғып.
Сенімен менің қалған өмірім түгіл,
Жұтады ол үш баланы тірі қылғып.
«Жүргенің Торан болса ел іші деп,
Оныңыз — масқара екен» дегісі кеп
Сәлімі әкесіне қарай берді,
Тұрса да күрт пен майдан жегісі кеп.
VII
— Бассаңшы, бас насосты!
— Е, солай бас!
Дауыстар шыққан сайын бір орайлас,
Шахтаның күмпілдетіп түп көмейін,
Насосты басып жатыр бір орай жас.
Сағынып еңбек қимыл жүрген көп жұрт,
Ісі жоқ түскенімен қараңғы ымырт.
Метро басқышымен сырғығандай.
Барады шыңырауға бойлап сүңгіп.
Зулаған штольнямен аға, жеңге,
Жеткенде кешегі бір сел бар жерге,
Лента боп екі айрылып тұра қалды,
Шұбалып арты сыртта, алды көлге.
Тар забой тарлан төсін тамшы жуған,
Тас ірге сел кеміріп, тұман буған,
Адаммен бірге «әуп» деп, қалды ырғалып,
Ақ шелек шыбығынан сықап алып,
Найқалып шыққан кезде қара судан.
Сайтандай ойламаған бір елерін,
Сасық көл солқ еткізіп сұр кемерін:
Жыбырлап татты жүзі кемсең қақты,
Кеншінің «қарғағандай» бұл өнерін.
Кейі тайпақ, кейі биік,
Кәдімгі темір шелек, иін шелек.
Аттанып жатыр сыртқа шыңыраудан,
Бір өзі бір бөшкеге бұйым шелек.
Жөн де су, өңір де су, төбе тамшы,
Ұлып тұр штольнядан жел итаршы.
Қоңырқай келіншекке Зейнеп айтты:
Зайла, сен шаршадың ғой, аз демал!
— Жоқ, Зейнеп, шаршағам жоқ, — дейді
Зайла — Мынау сел арылғанша шаршау қайда!
— Оныңа нанар ем - ау, Зайла шырақ,
Терлеуін осыншама, жайдан жай ма?
— Көрші, Зейнеп, барады су құлдырап!
— Бар деймін, жатқан шығар балаң жылап
Селді еңсеріп келеміз деп,
Татаға айт...
Келем деп әуре болмай жатсын шыдап.

II тарау
TYH СЫРЫ
1
Әйтеуір бір жас жігіт пайда болды,
Өзім де ол арасын дәл білмеймін.
Управпен келді ме, яки кейін,
Риддер таныс емес бұған дейін.
Сүймеймін, — дейді, — өмірді тыныстаған,
Мүмкін ол сонысымен ырысты адам?
Үстінде аю тері жарғағы бар,
Келдім, — дер, — Ленада бір прескадан.
Атым Гум, — дейді жігіт, — ағылшынмын,
Бүкпейтін жан секілді барлық шынын.
Ыстық қан реңінен баяндайды,
Құлы деп мақсатының, намысының.
Бар еді Риддерде жесір Зұлгүл,
Керемет сұлу еді со бір құрғыр.
Күлкісін сылқ-сылқ күлген естігенде,
Түр дерсің көмейінде жыршы бұлбұл.
Қойғандай ақ мандайын аймен сүртіп,
Қара қас аш сүліктей, қара кірпік.
Ақ жүзі ақ тегешке құйған сүттей,
Түспеген титімдей бір қара кіршік.
Астында тамағының бала бұғақ,
Қос бұрым мықынынан төмен құлап;
Түртеді қаз кеудеде омырауын,
Қос алма әлденені үнсіз сұрап.
Көзінен құралайдың қара кезі,
(Дегізер қандай екен бала кезі)
Еркелер ләззатына жас шағының,
Ауадай таңертеңгі таза кезі.
Кемедей дауыл тілер желкеніне,
Зүлгүл ме тоятын ерке күнге?
Басқаға тілінен бал сорғызыпты,
Күйеуі өлген күннің ертеңінде.
Кигендей ауыстырып таза киім,
Сүйгенін кетті ұмытып ала құйын.
Қанжардан өлерінде сол арыстан,
Қабыршақ қабығына қан жабысқан;
Сарнайды терек қана аза күйін.
Қанатты қиялында ұшқыр ойдың,
Бұрау ұшқан оқтай түннің қойнын;
Іңірде кіріп келді бір жас жігіт,
Аққудай айдын көлге иген мойнын.
Отырған махаббатқа жастай жұтап
Зүлгүлді сөнер оты жайнап тұтап,
Ақжарқын амандасып сұлу үнмен,
Қарсы алды жат қонақты танысқа ұсап.
Сол үйде тұрып жатты ол күлім қағып...
Оңынан айы туып, бағы жанып,
Қораға күн батарда шыққан еді...
Моланың іргесіне алып барып,
Тілінен бал сорып тұр өліп-талып.
* * *
Ескілік ұшырарда от - дауылға,
Зүлгүл қыз оқуда еді Барнаулда.
Әкесі Торан болыс қайғылы екен,
Зүлгүлі оқ астымен келсе ауылға.
Топшылап енді оралмас заман сырын,
Шақыртып Зүлгүлінің жарын бір күн,
Той жасап, жасау беріп ұзатыпты,
Ақшалай алып бітіп малын бұрын.
Сол күйеу мынау жатқан мола ішінен,
(Кеп тұрған Тас Меймандай қоласымен)
Ақырып шыға келсе не болар еді,
От шашып көз жасынын сорасымен.
Сүйретіп ақ кебінін шықса өлік,
Гум «батыр» аруаққа от боп төніп,
Зүлгүлді күшағынан босатпастан,
Тастар еді жас көпесті қайта көміп.
Ағылшын жалған күліп тұрған шақта,
Қаңқ етті қамшы тиген ағаш қақпа.
Қызының қорасына Торан кірді,
Теңселіп қамыс құлақ, ақжал атта.
Қосшысы қасындағы ұры Барақ,
Зүлгүлге ат үстінен күле қарап,
Қорыған жат қорасын қабандай бір,
Көре етті қасқыр көзін Гумге қадап.

2
Рудаков, Гум, Торан
Әйнегі жабық төргі үйде;
Көкірегі зіл, ой боран,
Сөйлесіп отыр әр күйде.
Сырласып қасірет мұндарын,
Сүзілді көздер тұмандай.
Жұтынды жүрек уларын,
Жаралы жатқан жыландай.
Жұмбақтап бастап біреуі,
Жұмыла шешіп өзгесі;
Қырақта алтын тіреуін,
Жас ғасыр болды төзбесі.
Ас дайындап Зүлгүл жүр,
Барақ та сол ас үйде;
Шеп етісіп қалды бір,
Тамсанып жатты тас ірге.
Мінгесіп сынған қайыққа,
Кемені тонар қашқындай;
Top үйде жансыз сайысқа
Құлшынды үшеу — қасқырдай.
«Рас болса ондай күн!» —
Жіберді еңіреп Торан бай.
Жалын боп ұйтқып есті Гум,
Жапанда соққан борандай.
Отты дауыл сындырған,
Байлықтың найза, қылышын
Бүтіндеу жөнін айтты лаң,
Тарылтып заман тынысын.
Ескегі сынған қайықтай,
Ұрылмас үшін кемерге;
Управ отыр, балықтай
Жүзуді ойлап тереңге.
Өрт шарпыған бұтадай,
Торан отыр мүләйім;
Өз қуаты тұтамай,
Гум деп танып құдайын.
— Арылтпау керек,— дейді Гум.
Қаптаған селден зауытты.
Управ оны көріп мін,
Уытты берді жауапты.
Болады,— деді,— ол балалық,
Қолыңмен от басқандай.
Қыранша алыс қаралық,
Қоян қорқып жасқанбай.
Көз алдында тұрды оның:
Нажағай Зейнеп, Деевтер;
Жасақтап алған серт оғын,
Жаужүрек кенші кейіптер.
Әр үйге кірген аштықтың
Азуын аспен сындырып;
Әмірін күтпей бастықтың,
Арылтып жатыр суды жұрт.
Сұрамай бұған жалақы,
Жазылмай бірі жұмысқа;
Секілді майдан солдаты,
Кеншілер қатал «ұрыста».
Сенімі долы көк жойқын,
Сертіне жетпей мойымас.
Арманы биік, алды айқын,
Болғанмен әзір ойы жас.
Ленин мақұл көрген іс,
Қуатын құйып тасқынның;
Жасайды ойран өзгеріс,
Қанатын отап аш жылдың.
Кеншілер ашық жауықса,
Темірді соқ,— деп,— қызғанда;
Басынды шабар тауық,
Тірлігіңді қызғанба?!
Рудаков тас басқан,
Гумның жаны шошырдай;
Нормасынан аспастан,
Ақылын айтты осылай.
Алып қашпа ағылшын,
Бір езулеп лепіріп;
(Жанкешті жанды не қылсын)
Көнбеді тулап, көпіріп.
Біріне бірі ысқырып,
Тап беріскен жыландай;
Салғыласып... ышқынып,
Мелшиіп қалды тұра алмай.
Көгеріп кетті түстері,
Аларып кетті көздері;
Безбенге түсті күштері,
Қоя тұрып өзгені.
Құлымсың,— деді Гум сонда,—
Төленген құның алтынмен..
Айтқанды істе, қимылда,
Мойныңа не артып ем!
Рудаков мүләйім,
Бақсыда жынын алдырған;
Көзінде көлкіп уайым,
«Кешір, — деді, — балдырған!»

3
Жел құтырды терезені тырналап,
Ауар емес аспаннан бұлт сырғанап.
Түн тұнжырап үстінде тұр көк үйдің,
Күзеткендей жан түршігер сыр қамап.
Шылапшынның шарасында татты жез,
Қос бөлмеде үш төсекте алты кез
Ояу жатыр...
Пысылдайды өтірік,
Бірін-бірі алдап... күтіп «сәтті кез».
«Кездесуден» санасына сыр түйген,
Торан кеткен, ас ішісімен бұл үйден.
Сырқаттанып қалған еді Сиқым,
Әке жаны қалай төзсін бір күймен?
Қимады ма, «қыз күнінен тамырын»,
Қызғанды ма Гум «көзінің шалымын»,
Барак бүгін қонып қалды осында,
Өшірмек пе Гумнің обыр жалынын?
Өртесе де қызының ар орманын,
Барақтың тап бүгін мұнда қонғанын
Торан неге мақұл көрді кетерде,
Пісіргендей бір ойының толғағын.
Бақ-дәулеті ғасырына сыймастай,
Болыс еді патшаменен сыйлас.
Риддерде Урквартпен дос еді,
Дастарқанын айлап, жылдап жимаста.
Заманының күлпарша етіп ордасын,
Соқты дауыл, соқты жасын, қорғасын.
Патша күйреп, тайып берді Уркварт,
Жоғалтты бұл таянышын, жолдасын.
Қарауытып бұған деген көкте күн,
Сыпырды үстен шені менен шекпенін.
Қансылатып сүтке тиген төбеттей,
Айдап шықты жиындардан өктем үн.
Ұлы дауыл соғар жылы көктемде,
Қаһар болыс қамшымен күш өктерде;
Шабарманы осы Барак болатын,—
Ұмытпайды «қамшы жеген» көп пенде.
Талайында жарлы, жақпай, жалшының,
Таңбасы бар бұлар соққан қамшының.
Қарғылы иттей Барак қалған Торанда,
Баспақшы боп сұм жүрегі қалшылын.
Жігіт еді ол жолбарыстай күші бар,
Алқам-салқам тұлғасы бар, түсі бар,
Қандыбалақ қарақшыдай жанкешті,
Орақ тілді, от жүректі іші бар.
Жас шағында - ақ он жетіден аспаған,
«Бұзау тісті» өріп алып таспадан;
Төбелеспен аты шыққан «Қабан көз»
Жан жуысса жанжалсыз жақ ашпаған.
Күні сөнген көр аузында Торанның,
«Билеп-төстеп» бағы тайған тор алдын,
Қорғаны да, қосшысы да осы боп;
Адасып жүр түтегінде боранның.
Соз бе оған миын улау бір мұның,
«Қосамын» деп күйеуі өлген Зүлгүлін;
Еліртіп жүр...
Ертіп келіп бүгін де...
Шытырманға тастап кетті құрғырын.
Шылапшынның шарасында татты жез,
Үш төсекте жатыр деп ек алты көз;
Қараңғыны кірпігімен тінткілеп,
Күткен еді өзді - өзіне «сәтті кез».
Шәу-шәу үрді төбет бір күшік,
Терезеде көлбеп жатқан сұр мысық
Сонан шошып, қараңғыда қапылыс,
Күжірейген бір кеудеге түсті ыршып.
Барак шошып оянды да ақырын,
«Неғып қалғып кеттім екен, апырым?
Зүлгүл жақта сыбыр-күбір немене?»
Қызғаныш у жұтты шайнам ақылын.

4
Мысықтай тышқан аулаған,
Шығармай басып тықырын.
Жүрегін ұрлап жаулаған,
Тыңдады ол төсек шықырын.
Түк те жазым баспапты,
Жазық жоқ сезген жүректе.
«Сүйісіп жатыр... тас тапқыр»
Қараңғы үй, қара түнекте.
Құшам деп жүрген асылын,
Құшақтап жатыр өзге жан.
Құйылып кетті жасырын,
Құтырып алған көзге қан.
Тесіне шығып түктері,
Сазарып, табан аудармай,
Құрысып тамыр біткені,
Барак тұр есі ауғандай.
Сым желісін жел бұрап,
Дыңылдап ұлып бағана;
Жатқандай жақын тау құлап,
Гүрс еткен не далада?
Аспан аунап, ай сынсын,
Аландар күй жоқ Баракта.
Төбемнен, — деді ол, — жай ұрсын,
Төзгенше мұнша мазаққа!
Ақылдың қалың орманын,
Ашудың бұлты қиратып:
Андамай дайын жол барын,
Аңырай тартты шыңға тік.
Шөп-шөп сүйіп сұлуды,
Шөпілдеп жатыр ағылшын.
Ашулы қолда у тілді,
«Бұзау тіс» қайдан аңырсын.
Көрпесі үстен кетті ұшып,
Зу етті қамшы ысқырық.
Жалаңаш жаурын түсті ыршып...
Ит кұсты сыртта ышқынып.
Саусағы бейне тістеуік,
Темірдей ауыр жұдырық,
Бүйірден соғып үш теуіп,
Шығарды үйден Гумді ұрып.
Қараңғы бөлме, төрт бұрыш,
Қарқылдап мәз боп күлгендей,
Қара бұлт аспан тым-тырыс,
Арс етті мұржа үргендей.
«Қайдасың, сұлу?» — деп енді
Бұзау тіс қайта ысқырды.
«Болайын күңің көгенді, Ұрма!» — деп
Зүлгүл ышқынды.
Қалың толқын қара шаш,
Оралып ұры білекке;
Қарақат көзден ыршып жас
Құйылды қара түнекке.
Ақ мандайын қамшы осып,
Қос алмасы көгеріп;
Аузынан қызыл қан жосып,
Солқылдап жатты тірі өлік.
Түнеріп тұр күзгі түн,
Құрымы үсте бұрқырап.
Бір әйнекті қақты Гум
— Осында ма управ?
— Осындамын... Сенбісің,
— Сездірме, достым, басқаға!
— Тіл алмайтын «жеңгішім»,
Мынауың не масқара?!

III тарау
ӨМІР СӨЙЛЕЙДІ
I. Жыр
1
Бармастан управқа жұмыс сұрап,
Бес күнге Деев айтқан тұтас шыдап;
Шахтадан сел арылтып жатты кенші,
Темірдей оттан шыққан жалын шылап.
Газ - тұман үстін басып тастың, жардың,
Бу адыр босатпайды шахтер алдын.
Жұлдыздай жылтылдайды сонда дағы,
Титімдей қызыл тілі шахтер шамның.
Айқасқан ақ кемеге тас қайрандай,
Аштық ит ұлыса да тас шайнардай,
Ашулы азат қимыл тынар емес,
Атқыған тау астынан тас қайнардай.
Дегенде: «Өзімдікі — өзендей күш»,
Бұл жолда мою қайда, түзелмей іс!
Жөн де су, аяқ та су, тебе тамшы,
Зулайды сондай да бір бөгелмей іс.
Көлкіген меңіреу сел тұйықтағы,
Мүмкін бе, бұрынғыда ұйықтауы?
Арылып шыңыраудан сарсыған су,
Биіктеп келеді адам иықтары.
Далада сарнатып кеп кер қурайды,
Жер астын штольнямен жел қулайды.
Бұрқаған еңбек толқын ырғағымен,
Томсарған горизонтты тер булайды.

2
Бесінші күн! Тағы да түсті ымырт,
Бесінші күн! Тағы да білек түріп;
Қотарып шахта селін жатыр кенші,
Кей-кейде әзіл-қалжың үлестіріп.
«Бойлауық неткен мұнша бір бет халық
Көңілі маған деген кірлеп қалып.
Сойқанға соғып жүрер бүйте берсем,
Корейін, —деді управ, — өзім барып».
Гум бұған «көнбес» ойын айта алмады,
(Басылып қалған білем сайтандары).
Масқара өткен түнгі миын шағып,
Жыландай қамшы тиген қайқаңдады.

3
Дауылсыз, бұлтсыз кешкі тыныстағы,
Тау қалғып өзінше бір тыныстады.
Аспанда алтын бүршік жұлдыз андап,
Жылжиды сүйіскелі, жұғысқалы.
Жел ерке теңіз бетін сүйіп келген,
Жөнекей жортып асып биіктерден;
Қалада мұржалардың мойнын сүртіп,
Далада жарысып жүр киіктермен.
Аспанға аймалатып аркасынан,
Ай жатыр доңғалақша шалқасынан;
Ақ жұлдыз аш баладай қасында тұр,
Дәметіп айдың алтын малтасынан.
Осы бір табиғаттың еркелері,
Жаһанға жас бөбектей еркеледі.
Сүзектен жаңа тұрған ауру Тата,
Неліктен терезеге ентеледі?
«Кел, қазақ кедейлер,
Ұйымдас жалшымен!
Байларды, молданы
Қойдан қу қамшымен!»
Шырқалып ат үстінде осы бір ән,
Барады ел сырына қосып ұран.
Қырдағы туыстардың бүл даусына,
Сәт тілеп тыңдап тұрды досы мұнан.
Бұл әннің көкесінен құдіретті, —
«Интернационал» күркіретіп төңіректі,
Шахтаның беткейінен шырқалды да;
Толқыны қырдың әнін көміп өтті.
Ауыздан тастай беріп ауыл әнін,
Атының басын бұрып бауырларым;
Риддер төскейінде кеншілерден
Үйреніп алып жатты дауыл әнін!

4
Шахтадан бергі әне бір дөңнің үстін
Келеді қайта-кайта қарай түскің.
Безбендеп беріп жатыр аш үйлерге,
Жас етін арқар, қоян, бала құстың.
Он жасар Сәлімжаны Татаның да
Сондағы үлкендердің қатарында;
Өлшетіп алып жатты өз үлесін,
Әйнекке үңілгенде Тата мұнда.
Құлағын баспай киіп малақайын,
Қуланып, әзілдесіп қарапайым
Деев тұр үлестіріп бар азықты,
Деп: «Мұны өз көзіммен таратайын».
Ұшқындап шашыраған үлкен оттан,
Осы бір толқып жатқан шағын топтан
Аулақта қараңдайды қос көлеңке,
Адамдай тірі жүрген лаж жоқтан.
Анада, бұл көргеннен әлдеқайда,
Су сейіліп «аралдар» бопты пайда.
Түбіне ескі апанның шөккен тастай,
Тұнжырап шықты тапқа, тотты қайла.
Күтпеген сәтте мұнша шат боп келген
Бастықты қабыл алып Зейнеп жеңгем;
Жиекте өз қасынан орын беріп,
Бір сүртіп қойды, терін сіреу жеңмен.

5
Рудак управсып киіп-жарып,
Шелекті босап қайтқан күтіп алып;
Аттанып жатыр суды көсіп беріп,
Келгендей бірер бокал жұтып алып.
Шелекті тез алғаны, тез бергені,—
Әрекет куәсіндей сөзден гөрі.
Сонда да әркімге бір ой тастап тұр,
Бастықтың мұнша құлап, өзгергені.
— Бүйтер деп управты жоқ ем күткен?
— Есті екен, көп күшіне тізе бүккен!
Советтік управ қой, көрмейсің бе,
Атқытып жатыр селді өзі түптен.
Жеткенде бұл сөз оның құлағына,
Жеткендей көптен бергі мұратына;
Рудак миығынан күлімсіреп,
Жан сырын құйды көптің құлағына.
Деді ол: —Жасырмайын, айтам тура,
Көшкенмін мен де бұрын талай суда.
Кешкенмін де шахтер өздеріндей,
Тек қана ол — көмір еді, бұл — руда.
Десті жұрт: сөзге мынау қандай ұста,
Осындай басшы қажет мұндай тұста. –
Естідің бе? Қашаннан өзіміздей
Шахтердің бірі екен ғой бұл байғұс та.

6
Кім екен қасындағы, ағылшын ба?
Неміс пе салып жүрген бағын сынға?
Орынбасар дейді ғой управқа,
Оты бар жігіт болар намысында.
Басқасы жөн-ақ болсын Рудаковтың,
Мұнысын мақұл деуге мүлде жоқпын.
Кен жайын, кенші жайын кең білетін,
Адамы жоқ боп тұр ма кенші топтың,
Горин неге болмайды, Зейнеп неге? —
Деген ой сөйлеп кетті оқтын-оқтын.
Түбінен шыға келіп апанының
Бағытын белгілерде «сапарының»
Алыстан иіс тартқан аш қасқырдай,
Жанынын сездірмеске қапалығын.
Гум айтты: Бақыттымыз, кенші достар,
Лениннің өзі жасап берген жоспар,
Осылай шарықтамақ биігіне!..
— Бұл кім бұл? Өзінен де сөзі мосқал.
Әрине, тұра алмады ол жайдан - жайға:
— Келгем жоқ әуес үшін бұл забойға,
Орныңды маған бер деп болмаған соң
Баласын емізуге кетті Зайла.
II. Көк үйде
Таң білінді, жұлдыз сөнді көктегі,
Тарқамай тұр желдің түнгі өкпегі.
Ирелендеп таңертеңгі көк түтін,
Көлбей ұшты көрші тауды өпкелі.
Жесір қалған аруындай араптың,
Айғыздалған терезесін барактың
Ақ сиырдай бұзау қанын құрғатқан,
Сүртіп жатыр сәулесімен жалап күн.
Алаңдамай не қатын деп, бала деп,
Шайнарлық күнде өзімен ала кеп,
Түніменен насос басқан шахтада,
Жігіттердің бірі біздің Қарабек.
Болса дағы сменасын тапсырып,
Жүрегінде жүрген бір сыр асқынып.
Таңмен талас оянып ап бүгін бір,
Қамалап түр жігіт жанын састырып.
Мінезі кең кеңдігінде даланың,
Дейтін егер болса не бір адамың,
Соның бірі осы жігіт дер едің -
Сүйер едің жарқын жүзін, қабағын.
Жалқы туып ата менен анадан,
Дос-жарларын туысына санаған;
Өмірінің азды-көпті жылдары
Жігіт еді жыр боп жұртқа тараған.
Көкірегіне сәуле кірмей, күн кірмей,
Бөбек құшып, бақыт құшып үлгірмей
Қайтыс бопты жас жұбайы өткен жыл,
Жігіт жаны қасіретке ділгер.
Москвада Ленинде боп келгелі,
Көңілді бірі еді бұл елдегі;
Қимылы да басым еді өзгеден,
Дәу толқындай дауыл күнгі көлдегі.
Сменасын тапсырса да қайтпастан,
Сезім күйін жанға сыр ғып айтпастан;
Жігіт жаны тұнжырап тұр, тұнжырап...
Қимас досы қайтпағандай шайқастан.
Қарап еді үй жағына бұрылып,
Есігінде томсарып тұр сұр құлып.
Терезесі жетім қыздай жаутаңдап,
Пеш мұржасы түтін тілеп тұр ұлып.
Мұны көріп жетімсіреп өмірі,
Қара түндей қарауытып көңілі,
Елестеді көз алдына жан жары, —
Махаббаты, тіршілігі, өлімі.
— Ех, ажал сұм, бар ма сенің аялың?
Бар ма сенін, есіркерің, аярың?
Жас бақытын тонап жігіт жанының
Көрмейсің бе, нендей халге таядың?
Басқа үйлерге таң шапағы ентелеп,
Күн сәулесін күлімдетіп ерте кеп;
Өмір күйін шерте кірді есіктен,
Хозяйкалар ләззатына еркелеп.
Басқа үйлерде тірлік қайта қыбырлап,
Сменадан кайтты кенші тынымдап.
Дастарқанын жайып, күтіп күйеуін,
Қарсы ап жатыр сүйген жарлар жымыңдап.
Дастарқанда болмаса да молшылық,
Жатқандар жоқ оның сиқын қомсынып.
Тілім нанын тістерімен бөліп жеп,
Тірлік отыр бәрінен де зор шығып.
Басқа үйлерде үй іші боп сырласып,
Ортақ оймен, ортақ деммен қыр асып;
Ботқа буын бұрқыратып көтеріп,
Үйлі - жанды жағалайды бір қасық.
Соның өзі отбасылық жылылық,
Соның өзі отбасылық ұлылық,
«Қайда менің, қайда отбасым?» — деген сыр
Қарабектің кезінен түр ұғылып.
Тас емес қой адамзаттың жүрегі,
Талай ысып, талай суи біледі.
Көкірегінде біздің Қарабектің де
Бұл қасірет жылдан бері жүр еді.
Алқам-салқам піл сияқты жаралы,
Ауыр басып, қайда тартып барады?
Көк төбел үй, жесір Зүлгүл, балсыра,
«Кел мұндалап» неге күлім қағады?
Білсе де ол Зүлгүл сұлу жесірін
Ашқан емес жігіт болып есігін.
Жақындады қақпасына сол үйдің,
Өзіне өзі жасап бұ жол кешірім.
Арманы оның сұлуда емес, басқада,
Шелек сыра сатып алып ақшаға,
Мас қылмақшы көңілдегі қайғысын
Көз тұмандап, кірпігін от жапса да.
— Рұқсат па?
Неге жауап қатпайды?
— Рұқсат па?
Кір деп неге айтпайды?
Шыдамады, кіріп барды Қарабек,
Шықырлатып бояулы еден тақтайды.
Басты ілгері. Зүлгүл шырақ, қайдасың?
Қоныстауға кеткенбісің ай қасын?
Қай мырзаны дастарқанда күтіп тұр
Ыстық шайың, стаканың, майлы асың?!
Жатқан несі айна - тарақ шашылып,
Жатқан несі жылы төсек ашылып?
Қарабекке бар қажеті бал сыра,
Бөлмелерін аралап еді асығып —
— Ах! — деді бұл.
Зүлгүл жатыр асылып.
Төменде орындық,
Төбеде шығыршық,
Тамақта обыр жіп,
Өлімге тықыршып.
Ақ жүзі көгеріп,
Қара шаш жалбырап,
Алма ерін қан өбіп,
Кірпігі қалжырап.
Қарақат көзде нұр
Бір жанып, бір сеніп.
Қылғынып сұлу тұр
Демімен өртеніп.
Буылғандай көкіректе өз демі,
Жігіт даусы қалтырады, «тез!» — деді.
Одан кейін не жасап, не тындырды
Ол секундта жігіт оны сезбеді.
Оң қолымен суырып ап пышағын,
Белге әзірлеп сол қолының құшағын.
Тамағынан жіпті кесті Зүлгүлдің...
Төніп отыр күтіп тірлік нышанын.
Ептеп басып асыранды сұр мысық,
Қысық көзін сығырайтып қылымсып;
Кірген еді бұлаңдатып құйрығын
Мияулап жүр шыр айналып тыпыршып.
Не масқара, бұл не деген сұмдық хал?
Бұдан артық адамға не қорлық бар?
Өзіңді өзің аямаған сұр өмір,
Бар көріңе, бізге өкпесіз болып бар!
Деуге тілі күрмелгендей Қарабек,
(Тұрғандай - ақ өзі өлімді ала кеп).
Қорғасындай ауыр деммен күрсінді,
Күрсінді ауыр, бұ не деген «жара» деп.
Жүрегіне төгілгендей у дәрі,
Көз тұмандап, миы у-шу шулады.
Мұндай халге кездесуі жігіттің
Осы болар өзі жан боп туғалы.
Яки тірі, яки өлі десек те,
Сұлу жатыр сұлық түсіп төсек те.
Қорқынышы, реніші қат-қабат
Жігіт демін салып отыр есепке.
— Бұған да ортақ адам деген төл есім,
Тудың екен түбінде бір өлесің,
Құрбым, бірақ неге өзіңді құртасың,
Мейлі, тірлік қан көбікке бөлесін.
Бүйтер болсаң несін өсіп - өнесің?
Бүйтер болсаң кім көрсетпек төбесін?
Бүйтер болсаң адам атын кірлемей
Құрт болып ту, күрт боп жерге енесін.
Осы ой тіліп тұрса да ыстық жүрегін,
Жігіт жаны неге үзбейді күдерін?
Маңдайынан ептеп сипап сұлудың,
Айырмайды алақаннан білегін.
Бір заманда жан үзердей ышқынын;
Шиқ етті өңеш жібергендей үш тіліп.
Сонан кейін қимыл бітіп кірпікке,
Сорлы Зүлгүл жіберді бір түшкіріп.
— Уh! — деді тірлік жеңіп елімді,
Сұп-сұр көзден сұр мойыншақ төгілді.
Қайран өмір, неткен тәтті!
Сол өмір Сорлы көзге Қарабек боп көрінді.
— Тірімін бе, Қарабек - ау, осы... мен?
— Түңілген ем, түнерген ем, шошып ем.
Тірі екенсің!
Қорықпа тірісін!
— Ағажан - ай, өмірімнің досы ма ең!?
— Уһі! — деді тірлік жеңіп өлімді,
Сұп-сұр көзден сұр мойыншақ төгілді.
Қайран өмір неткен сұлу!
Сол өмір Сорлы көзге Қарабек боп көрінді.
III. Жоғалған забой
Тіркеліп күн артынан күн тізбегі,
Тоқсанды шығарып сап бұл күздегі,
Аспанның ақ мақтасын төгіп-шашып,
Жаныңды қытықтайды күлгізгелі.
Ақша кар, мүмкін ертең ұйытқыр борар,
Аязы ақша беттің қанын сорар;
Түн қатып алай-түлей ақ түтегі
Арыған жолаушының жолын тонар.
Көрсетпей көгімізден күн қылаң,
Көтеріп соғып жатар тұз құланын.
Қызартар құшырлана сорып сүйіп,
Құдықтан су ап қайтқан қыз құлағын.
Ақ күртік басып салып төңіректі,
Алған дем аяз болып өбер бетті.
Ақ кірпік анадайдан елес берер,
Біткендей кез орнына теміреткі.
Ақша кар алғаш құйып тұрған бойда,
Бұлардың бірде-бірі келмейді ойға.
Қар емес, жұлдыз жауып тұрғандай - ақ,
Аулаңа, ауылыңа, көк тоғайға.
Ішіңде белгісіз бір сыр ойнайды,
Балалап көкіректе жыр ойнайды.
Алғашқы жауған қардың таза ауасы
Аспанның таңдайына кір қоймайды.
Көтеріп балалық шақ алауларын,
Шығады сыртқа ойнақтап балаң жалын,
Саусақпен кар бетіне әріп жазып,
Қос - қостан тартқылайды танауларын.
Кей бала шана, шаңғы ағызбақты,
Қеңес қып кеңкілдесер аңыз тапты.
Биылғы сырғанақты шынға жасап,
Шанамен биік таудан ағызбақшы.
Кей бала жентектеп ап ұлпа қарды,
Атқылап өзі құрбы балаларды.
Ақ қарға қызыл тілін қалақша ғып,
Аспаннан қағып ойнап кете барды.
Тіккендей ақ торғынға алуан кесте,
Бұл бір сыр жастық шақты салады еске,
Қайдасың базынасыз балалық күн,
Қайдасың жүрген шағым төрт пен бесте.
Деп жырлап Зейнеп жаны, Яшка жаны,
Жамылып ақша карды қасқалары;
Шахтаға түскен еді штольнямен,
Бүгін бір жаңа қимыл бастағалы.
Ақ ұлпа таң атқалы жауып тұрған, —
(Секілді аспанды жер сауып тұрған).
Кеншіге керемет боп елестейді,
Жер үстін қожалақтан сауықтырған.
Әркімнің өз жүрегі болып ақын,
Жырлайды алғаш жауған қар ләззатын.
Аңсайды, ұмытпайды сонда дағы,
Алтын ту, жасыл жібек жаз қанатын.
Барысымен жер астына шыңырау бойлап,
Жүрген жоқ кенші жүрек бұларды ойлап.
Алдынан елес беріп армандары,
Еркелеп тұрды алыста жұлдызша ойнап.
Бұрқ еткен ауыр күнде бастаманың,
Шахтадан селді арылтып тастағанын
Қойыпты бізден бұрын мезгіл жазып,
Газеті тілшісінде Москваның!
Забойда — күміс кемер мыс жартаста
Зауығып жатқан не бір сан пласта,
Бөбекше сезімге ойнап тілсіз үнмен,
Толқиды жемісі көп жасыл бақша.
Ақ қар да, алып тау да даладағы,
Қар шашып ойнап жүрген бала дағы
Кеншінің көз алдынан ғайып болып,
Жаңа арман жұлдыз болып балалады.
Шіркін қол, ана тұрған кен тауларын,
Орнында опырғанша кең ауланың.
Жалын боп алақанда жанған еңбек,
Не қылсын қыс түскенін, қар жауғанын.
Тазарған су селінен горизонттың
Табанын күреп жатқан әрбір топтың
Тағдырын Зейнеп бастап, Яшка бастап
Әзірлеп жатыр орнын бүгін жоқтың.
«Өзіме жоқ құрысын іріп-шіріп!» —
Деп Уркварт жасаған бүліншілік,
Сол жол үстінде ит кемірген,
Кетіпті бірі сынып, бірі сіңіп.
Қираған ұңғысынан қайла сабы,
Шіріген тасқа, қашау забойдағы,
Тот басқан сынық бұрғы, сынық күрек,
Алдынан жұмысшының азаймады.
Біреудің біреу жөндеп білмегенін,
Ұлыңдай ойнап-күліп бір ененің;
Түрінген тамам білек қимылдайды,
Тең толқып мүшесінде бір дененің.
Забойлар қоқыстармен ластанған,
Арылып жаудан қалған «мирастардан».
Іргемен су сырғанап ақ күмістей,
Асылдар жылтылдайды пластадан.
Шыққандай жер астынан таза көк шөп,
Шахтаның көрінісі жаңа көктеп,
Шахтердің саз қопарған күрек жүзін,
Сумаң жел зулап кіріп сүйді шөп-шөп.
Зейнептің көңіл күйі, әйел жаны,
Осы бір жылылықты шахтадағы
Әлдилеп нәрестедей жана туған,
Жүр еді күлімсіреп әлсін-әлі.
Сұрланып Яшка келіп ызалы ойлы,
— Таба алмай қайттым,— деді,— бір забойды,
Нанарын, нанбасын да білмеген жұрт,
Ду етіп неге мұнша қыза қойды?
Зейнеп айтты: — Забойды жер жұта ма,
Жау жұта ма, немесе сел жұта ма?
— Көжек деп тұрсыңдар ма, — деді
Алексей,— Көрінбей бұғып қалар кер бұтада.
«Забой жоқ» деген қос сөз ызың қағып,
Шахтаның ауа жолын сызып алып,
Шарлады түкпірлерге, жартастарға
Кеншінің кең пейілін бұзып-жарып.
* * *
Білетін Алексей де тыныс кенін,
Әр жүрек соған өлшеп тыныс демін.
Түгендеп забойларды кезіп берді...
Емес деп горизонт тұр бұл іс тегін.
Насоспен су қотарып тұрған сыртта
Қарабек жүгіріп кеп ішкі жұртқа: —
Шын ба забой жоғы? Қай забой жоқ?
Табамыз әкетпесе орап бұлтқа! —
Деді де қара мұртын қайырды ұртқа.
Кеншілер кезген сайын әр забойды,
Көз тынып, көкірегі актарды ойды.
Мейлі олар он санасын, жүз санасын,
Орнасын бір забойдың таппай қойды.
Мұндайда инженер ме құрар өкім,
Ашты да иықта сүр планшетін,
Үңілді картасына шыңыраудың,
Қай жаққа сонан іздеп бұрар бетін.
Ізіндей иір-шиыр құмырсқаның,
Көп ноқат, көп сызықтың бұрыштарын
Мың қойды түстеп жоқтар бақташыдай,
Түгендеп шықты Горин өз көзімен,
Шахтаның түкпірлерін, қуыстарын.
«Пантелей» картада бар, шахтада жоқ,
Тынар ма оны таппай аптыққан топ!
Қайтадан тінтіп берді үңгірлерді,
Қаптаған қатулы көз, қақтыққан от.
Елеусіз штректе бір бүйірді,
Ебдейсіз еңсеріп тұр көп үйінді.
Инженер «осы жер!» деп тоқтай қалды...
Солдаттай қорғандағы жұрт жиылды.
Танкте басқа орнынан қозғалта алмас,
Тау болып қаланыпты алуан тас.
Саз құйып, топырақ құйып, цемент құйып
Жасапты бір пәлені адам нанбас.
Кенші топ қашауды да, қайланы да
Жағына жартастардың қайрады да,
Жанының жалынымен бұрғыны ұштап,
Тап берді сұмдықтың сол айғағына.
Қарабек ашуланып алған пілдей,
Қиратпау бір басына болар міндей,
Үлгерді маңдай терін бес сыпырып,
Қайланы, сүйменді де сілтеп бірдей.
Тау болып шөгіп жатқан бөгет жолда,
Табанда күреп тастар емес қорда,
Қаруы Қарабектен басқасының
Сайыста сан ауысты қолдан-қолға.
Біреулер ләм темірмен ұрғылады,
Біреулер қашауларды бұрғылады.
Жол таппай қашарына жау сұмдығы,
Үңгірде ұлиды да, шыңғырады.
Жақын ба?
— Күңгірледі.
— Жақын онда!
Шойындай төбесінен соққан бомба,
Сұр цемент, түйе тастар шор - шор ұшып,
Гүрс етті жау қамалы құлап орға.
Қара үңгір қараңғы екен зынданнан да...
Қаһарлы қара түннен ызғар барда,
Қол созған азаттыққа тұтқын қыздай,
Күңіреніп қоя берді біз барғанда.
— Бері келіңдер! Мынау не? Бәрі барды.
— Станок қой?
— Станок не заманғы.
— Неғып шіріп кетпеген?
— Бояулы екен.
— Шатасып тұрғаның не сыр деп қанды.
— Адам қаны!
— Ойпыр-ай, неткен сұмдық?!
— Адам қаны Уркварт кеткен қырып.
Кеншілерді тірідей қасаптайтын,
Станогы екен ғой, токпен ұрып.
Барың қырай бергенде әртін үңгіп,
Диірмен тұр үгетін тасты үн ғып.
Қамалған тұман болып қарауытып,
Жүзеді түкпірдегі ауа күңгірт.
Кен кептіргіш науаны кен жуатын,
Станокты, түтікті су буатын.
Тонап әкеп тығыпты осы үңгірге
Жұрдай ғып фабриканың күш-қуатын.
— Көрдіңдер ме!? — даусы күңіреніп,
Деев бастап, басқасы түгел еріп;
Түкпірді тағы тінтіп көріп еді,
Қақшиған бағана тұр күреңденіп.
Ілмекті шынжыр арқан тұр салбырап...
Көрісімен жан түршікті ой қалжырап.
Қуарған бағананың өне бойын
Кетіпті шашыраған қан тарқылдап.
Алеша, жуын енді, шай әзір тұр,
Жалықсаңшы кішкентай ақымақтан!!
Құрметтеп құртымдай сол «ақымақты»
Қос жүрек сыр айтыспай күлім қақты.
Махаббат, шын сұлулық, іште екен ғой,
Жас бөбек соның нәзік кілтін тапты.
Бір! Екі! Үш! — деп тұрғанда Деев тағы,
Уілдеп кетіп қапты балапаны.
Ентігіп кіріп келді жастау кенші,
Саз - саз боп сұр қалақтай алақаны.
Алқынып тұрған жасқа бүлдіршіндей,
Жайша ма? — деді Алексей,— жай жүрсің бе? —
Жүріңіз! Жанжал туып жатыр,— деді ол.
Көрмеп ем болып мұндай ірісін де.
— Не жанжал?
— Гумшы әлгі... Зейнеп әлгі...
Е, солар, тыңдар емес ықты - жарды.
«Қаздырам!», «Қаздырмайым!» — жат та керіс,
Өліспей берер емес ықтиярды.

2
Деев келсе «Табылған забой» іші
Әр жерде жағылған от, толған кісі.
Әр қолда лапылдаған алаулардың
Май күнгі ту секілді қозғалысы.
Забойға жұрттың жаңа кіргені де,
Тінткілеп шам отымен іргені де;
Қарайды тас төбеге мойнын созып,
Қарайды су сырғыған жүлгені де.
Боз тамшы қонған сайын иығына,
Жалбыр төс жартастардың қиырына
От шашып азуынан алмас қашау
Қызмет қып жатыр жүрек бұйрығына!
Кейістік белгісіндей кен жоғына,
Кейбіреу басын шайқап бұл жолы да;
Көтеріп қазыңды күрегімен,
«Көр!» — деп тұр алып барып бір шоғырға.
— Зейнеп қайда?
— Зейнеп пе? Анау төрде.
— Горин қайда?
— О дағы жүр со жерде.
Қолдағы алаулары әрқайсысының
Жатқандай тасқа сызып ай айшық;
Забойдың тарғыл төсін отпен бояп,
Шахтаның сүзіп жатыр «лай сырын».
«Көріңдер топырағын, тасын дағы,
Көріңдер, бар ма осының жасырғаны?»
Зейнептің өтініші, ашынуы
Жартасқа жалын болып шашырады.
— Жер-жерді қазып көрдік, қапы бар ма!
Соларда кеннің түйір заты бар ма?
Ендеше, — дейді Зейнеп, — бұл забойды
Ешкімнің іске қосар хақы бар ма?
Мысықтай өрмелеген сұр бұтақты,
Гум көзі тырналайды управты:
Беріш боп масқаралық өкініш сыр,
Бетіне білеуленіп тұрып апты.
Дауылдай ұйтқып соққан құба жонда,
Забойдың түкпіріне оңға, солға
Алауын жарқылдатып біздің Зейнеп:
— Көр, — дейді, — тағы да көр, қапы қалма!
Тамам жең тағы кайта түріледі,
Тамам көз тағы да бір үңіледі.
Тамам от қып-қызыл боп тасқа төніп,
Тағы да үңіледі... түңіледі.
Тұрған Гум бірде күйіп, бірде жаурап, —
Бекіткен, — деді, — онда несін жаулап? —
Қақшиып қарауытып қалды Рудак...
Тас беті сұр тамшымен тұр жасаурап.
VI. Он үш пен біреу
Партия айтсын, партия берсін шешім,
Тәртіпке бірімізді келсін,— десін,—
Деді де салды Алексей жиналысқа,
Жұрт еркі: — дұрыс десін, ерсі десін.
Қираған Риддерде өмір құштар
Болатын он үш қана коммунист бар.
Бомбадай сеңге атылған бұрқылдатып,
Бастайтын солар көпті жаз бар, қыс бар.
Болса да азды-көпті кемшілігі,
Болса да кейбір істе ерсі міні.
Осы он үш қимылдайтын тұтас дауыл,
Тау құлап, тартылса да жер сіңірі.
Бірінің мінін бірі төгіп бетке,
Қалады бір-біріне өкпелеп те.
Ертеңіне киын бір іс кездессе
Бұлардан тату жан жоқ төңіректе!
Қашаннан жүрегінің жыры бірге,
Қашаннан мұны бірге, сыры бірге
Кеншінің ой-арманын жанмен ұққан,
Осы он үш партячейка Риддерде!
Көпшілік осыларды құрметтейді,
Баста деп тайғақта іс міндеттейді.
Қияға бұлар бастап сүрінсе де,
Сенімін жүрегінің кірлетпейді!
Өзімен үндес елге, бірлес елге,
Қажетті істің жайын тілдесерде
Я забой, яки бөлме, дала демей,
Он үші бас қосады бап тілемей —
Жол іздеп қиындықпен күресерге!
Жатпайды мұндай сәтте жазып қаулы,
Ол үшін тудырмайды соны дауды.
Ауызша - ақ көпшіліктің шешкені заң —
Біледі соны ғана орындауды.
Бүл жолы хатшы сайлап, бастық сайлап
Мәжіліс хат жазылып, ашық, сайрап,
Қызу - қызу айтылған қысқа сөздер,
Шындықтан шығып жатыр ақтық қайнап.
Управты мінеді, ол мойымады.
Он үштің бәрінің де ойындағы:
«Замдық тан босатылсын
Гум жексұрын,
Зам болып ұсынылсын
Зейнеп бүгін!»
Управ бұған мүлде бой ұрмады.
Қаулы алынды, управ тайып берді,
Деев айтты: — Мәселе сайып келді;
Фабрикаға директор ойланайық!.. —
Яшка лайық, — деді жұрт, —Яшка лайық!

IV тарау
ТҰҢҒИЫҚТЫҢ ТҮБІНЕН
1. Өкініш
Именбеуші еді Зүлгүл бұрын өсектен,
Бұл жолы? Ұрылғандай кесекпен
Кеудесінде құр шықпаған шыбыны,
Кірпігі де қимылдайды есеппен.
Көтере алмай жүрегінде жараны,
Тұңғиыққа батып кетіп барады.
Қармануға тал таба алмай, ышқынып...
Қарауытты қан саусаған қабағы.
Ақ койкасы бейне өлім төсегі,
Қара кезден мүмкін жалын өшеді?
Қорғасындай қасірет уы ойып жеп,
Мүмкін, ертең көкірегін теседі.
Көркі қайда, еркі қайда бұрынғы?
Кімге айтармын,— деп өксиді,— сырымды?
Ақ жастықта етпетінен солқылдап,
Зүлгүл жатыр тарқатылып бұрымы.
Өткеніне ой жүгіртіп тесіле,
Тудым екен деп жатқанда несіне? —
Бір кездерде жиренішпен оқыған,
«Еркек құмар пұшық» түсті есіне.
«Ол кедей де, мен дәулетті — айырмам,
Ол балалы, о да ерінен айрылған.
Ол маскүнем, ол «пұшық кар», мен, мен
Деп ойлап па ем мұнша күйреп қайғырам?
Аулағанда мырзалардың көңілін,
Қор боларын ойладым ба, өмірім?
Көк төбел үй, сауда, сыра, сұлулық...
Өзі екен ғой кіретін көрімнің».
Күрсінеді, өкініш от тулайды,
Басы мең-зең, құлағы ұлып шулайды.
Көз көгерген, маңдай жара, дене зіл,
Сындырарлық қуаты жоқ қурайды.
Мүмкін енді, төсектен ол тұрмайды.
Соғуынан жаңылғандай жүрегі,
Кеудесінен түсіп кетті білегі.
Қытықтауға әзірленіп бүйірін,
Бұрыш жақта шайтан сық - сық күледі.
Төмен лықсып кереуеті жерменен,
Өні түгіл түсінде де көрмеген
Сұр тұңғиық тартып ала жөнелді,
Не қалды енді, не қалды енді өлмеген?
Бара жатыр мүлде батып тереңге,
Жас дәурені жылау тұр кемерде.
«Құтқарыңдар, ізгі адамдар!» — дер еді,
Тұншыққан үн тіл қатуға көнер ме?
Келмегенмен тіл сөйлеуге күрмеліп,
Жатса дағы алма ерні көгеріп;
Елестеді көз алдына талай сыр,
Бірі келіп, бірі кетіп көнеріп.
Елестеді сорлы қызы Оршаның...
Сорлы Арсений сілікпе жол шаңын;
Құлпы бұзып қыз қамалған бөлменің,
Кіріп барды ішке тартып өр демін,
Сөнбесін деп сығырайған қол шамын.
«... Он руки с трепетом простер,
Он ищет взором милый взор,
И слабый шепчет он привет:
На взгляд и речь ответа нет!
Однако смято ложа сна,
Как будто бы на нем она,
Тому назад лишь день, лишь час,
Главу покоила не раз.
Младенчески вкушая сон.
Но, приближаясь, видит он
На тонких белых кружевах
Чернеющий слоями прах,
И ткани паутин седых
Вкруг занавесок парчевых...
Громаду белую костей
И желтый череп без очей,
С улыбкой вечной и немой,
Вот что узрел он пред собой.
Густая, длинная коса,
Плеч беломраморных краса,
Рассыпавшись к сухим костям
Кой-где прилипнула... и там,
Где сердце чистое такой
Любовью билось огневой,
Давно без пищи уж бродил
Кровавый червь — жилец могил!».
Қарғыс айтып қаһарына Оршаның,
Бәрі сол ғой, — деді
Зүлгүл, — солса гүл, 
Бірақ ол қыз — шын махаббат құрбаны,
Ол өлмейді, өлмес ләззат болса бір.
Мен кіммін?
Мен... өзін-өзі тонаған
Қарақшымын: қарақшы боп жоғаламын.
Шашым жидір, сүйектерім саудырар,
Жан табылмай шығарар «бұл моладан».
Әкем менің он есе сұм Оршадан,
Кімдер еді айналамды қоршаған?
Нәпсі құмар мырзалардың мазағы —
Сорлы Зүлгүл, осы қорлық қол саған.
Өшкен шығар, — деп жатқанда, — есімім,
Біреулер кеп ашты үйінің есігін.
Деев, Зейнеп, Наташа мен Зайлалар
«Мүмкін бе?» — деп сұрай кірді кешірім.
II. Партхатшының өзі кеп...
Уа керемет! Партхатшының өзі кеп,
Қасіретке қажет нәрсе төзім деп: —
Көтер, Зүлгүл, көтер, — дейді, — басыңды,
Бас көтеру тірліктің тел көзі, — деп.
Батып бара жатқан Зүлгүл тереңге,
Хатшы ұсынған қолға қолын берерде:
Тұңғиықта ауыр деммен күрсініп,
Үш түшкірді шығарыңда кемерге.
Құбыжықтай көретін бұл бұрын,
Коммунистер ала кіріп күн нұрын;
Көк тұманды қуып шығып көк үйден:
Сыпырып жүр әйелдердің бірі еден,
Бірі өріп беріп жатыр бұрымын.
Құндақтардай жас нәресте баланы,
Неткен жандар ішке кіріп барады,
Сұрамайды қасіретінің себебін, 
Сұрамайды маңдайында жараны.
Сорлы Гүлге осылары - ақ ұнады!
«Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық»
Аздырар екен адамды,
Ұйтқысын боран,
Табасыз сонан жүрекке шыққан жарамды, —
Деді де Зүлгүл мұңайды:
Аңғартып не бір лайды.
Деев:
Өзіңнен де бізге бекем сеніңіз!
Аһ ұрмайсыз, арамызға келіңіз!
Сауат ділгір болып отыр достарға,
Қаласаңыз хат танытып көріңіз!
Сол ғана әзір қасіретіңе еміміз!
3үлгүл:
Білмей айтып отырсыз ғой тегімді?
Деев:
Тұңғиыққа қимаймын жас өмірді:
Жаның жаттық жасамаса болғаны!
3үлгүл:
Ақтар едім қисаңыз бұл сенімді!

III. Тізім алғанда
Торды бұзып қол-аяғын күрмеген,
Жаңа ғана босағандай түрмеден:
Зүлгүл шықты қақпасынан көк үйдің,
Он бір жасар қара шолақ ұлменен.
— Баста, Сәлім, мен білмеймін ешкімді! —
Деген даусы жүрмей жатып естілді.
Барактардан барактарды кезді олар,
Күн де батты, жұлдыз туды, кеш кірді.
Қолтығына қысып алып тымағын,
— Әке,— деді кірген бетте - ақ ұланы,—
Танисың ба? Танысаң бұл қай тәте? —
Қып-қызыл боп кетті Зүлгүл құлағы.
Шегір көзі қадалғанмен Татаның,
Білмей қалды бірден кім деп атарын.
Зайла жеңгей әзір жандай күн бұрын,
Маңдайынан сүйді дағы Зүлгүлдің:
— Құтты болсын,— деді,— жаңа атағың!
Қарсы алғанда Зайла жылы сөзімен,
Ыстық тамшы ыршып Зүлгүл көзінен,
«Білмеппін ғой жаны сұлу жандарды», —
Деп ішінен тілдесіп тұр өзімен.

2
«Шын танымай қалдың ба?» — деп, —
Зүлгүлді. Зайла жеңгей күйеуіне бұрылды. —
Алдамаңдар,— деді Тата қуланып,—
Бізден не алсын, Зүлгүл болса бұрынғы?
Құйып тіккен құлақшыны басына,
Желкесіне жетпей тұрған шашы да,
Қара юбка, қара шолақ тоны да,
Алтыны жоқ құлағы да, қолы да
Наташамын деп тұрған бұл кім еді?
Деп Татакең күлдірді, өзі күлмеді.
Ашамын деп бұл сөзінің астарын,
Татакеннің тағы бір сөз бастарын —
Сезді Зайла, көзін қадап көзіне!
— Қой, — деді оған,— айтып тұр ғой өзі де,
Үлгі еткенін жаңа күннің жастарын.
— Әке! — деді арсалаңдап Сәлімжан —
Жақсы деуші ен. оқыған, хат таныған.
Оқытады, жазыл Зүлгүл тәтеге.
Қара тиын төлемейсің жаныңнан,
Мен де үйретем жазыл, әке... Жалынам! —
Әзіл сөзден қалып Тата жаңағы,
Сәліміне қабақ түйе қарады.
— Көзің менен сонша ішіп-жеп немене,
Өртейсің бе, — деді Зайла,— баланы?
— Бас қатырып өнбес істі атама! —
Деген дауыс зілді шықты Татада.
— Мен оқимын, оқымаса қойсын бұл,
Өзімді жаз, Зайла деп жаз...
Қош, Зүлгүл!
Кетті олар... қала берді ата-ана.

3
Зайлаға арнап махаббатты, құрметті
Зүлгүлдің жас жүрегінде сыр кетті.
Үйден үйге ертіп барып Зүлгүлді,
Сәлім бала «бұйымтайды» жыр етті.
Кей үйдегі құрдастары Татаның, —
Әкеңді оқыт! Ой әкеңнің сақалын...—
Деп Сәлімге қалжыңдайды, күледі,
Қарай гөр, —деп, — құртымдай боп шатағын.
Кейбір үйге тізелерін бүкпейді,
Жай жүрсің бе? — деп айтуды күтпейді.
«Жазыл, — дейді, — жазып жүрміз оқуға!»
Осы бір сөз өзгермейді, бітпейді,
Зүлгүлге тек «жазу жағын» жүктейді.
— Кім жазылды? Тізімдерің толық па?
— Тізім толық, о жағынан қорықпа!
— Әкең-ші?
— Әкем жазылды,— деп Сәлімжан
Жібереді өтірікті соғып та.
Шыға бере сықылықтап күледі,
Келесі үйге тағы екеуі кіреді.
— Сәлім, жай жүрмін, бала? — деп
Зүлгүлге де амандасты Қарабек:
«Қайда көрдім? Бұл ақ маңдай кім еді?»
Лап етіп жалын іштегі,
Дүрс-дүрс соқты жүрегі.
Аузына сөз түспеді,
Мұнша сұлу кім еді!
Қарақат көз, қыр мұрын,
Құлын мүше, ақ маңдай;
Арман болып күн бұрын,
Жүректе ғана жатқандай.
Қойнына тығып тұрғандай,
Жігітке бақыт ала кеп:
Осы бір сырын ұрлардай
Сұқтана қалды Қарабек.
IV. Алғашқы сабақ
1
Таң атқалы лүп-лүп соғып жүрегі,
Күніменен толқып Зүлгүл жүр еді.
Келе жатыр сақал-мұртты шәкірттер...
Зүлгүл қазір сабақ бере кіреді.
Мұғалима болғаным ба, расқа!
Бақыт деген алда екен ғой күн асса!
Құрмет етпес деп ойлап ем үлкендер,
Сабақ беріп көрген жоқ ем класта...
Енді қайтты? Сабыр ете тұрмас па?!

2
Оқу бөлме, ортада шам аспалы.
Кейбіреулер шешпепті де касканы.
Кейбіреулер қарындашын суырып...
Кейбіреулер шылым тарта бастады.
Күткен жаны — ұстаздары бұлардың,
Кіріп келді тап - талдырмаш мұғалім.
Бас көтермей тізімді оқып шықты да ол,
Бас көтермей ашты бетін құралдың.
Мынаң қара! Асау Тата кешегі,
Жазылғандай ол қырсық, ол кеселі;
«Оқыт, қызым, біздей надан түйені», —
Деген даусы таңғы желдей еседі.
Өзіне де ыстық шалқып өз лебі,
Қарабектің күлімдейді көздері;
Қызараңдап тұрған Зүлгүл ұялып
Оның бұл бір бақытты ойын сезбеді.

3
«А» - ны жазып көрсетіп тұр қарындас,
Күрек емес, бұрғы да емес, қарындаш.
Нәзік шіркін шахтер қолда бұлтыңдап,
Тайқып кетіп жатқанының бәрі рас.
Шебін бұзып, сызып берген жолдардың,
Дейді дағы: «Қайта жазсам оңдармын!»
Қызық дерсің өшіргені саусақпен,
Тарамысы білеуленген қолдардың.
Терезеден сығалайды ай көкте,
Күміс қырау жылтырайды әйнекте.
«Жазғанымды көріп кет» деп жан-жақтан,
Дауыстайды «Зүлгүл» деп те, «ей» деп те.
— Қу таяқты оқымай-ақ білемін,
Бұдан басқа бар ма өзіңнің білерің?
Олай болса, — дейді,— тура хатқа үйрет!.. —
Білмеді Гүл не жыларын, күлерін.

V тарау
ӨРТ
1
Меймандай шығарып сап алты ай қысты,
Жамылды жаз жібегін Алтай үсті.
Сайларда бұлақ ағып, өзен тасып,
Бұлбұл құс қызыл гүлге сайрай түсті.
Алтын күн алаулап кеп шығыс көкті,
Жарқ етіп жер үстіне нұрын төкті,
Сығалап терезеден кірген сәуле
Жетелеп ойнатып жүр бал бөбекті.
Гүл орап ақ қайыңның балақтарын,
Жамырап таудағы үн мен алаптағы үн,
Есіктен, терезеден енген жұпар,
Желпіп тұр кенші үйлерін, барактарын.
Қайғымен көкіректе көп жаншылған,
Сорлы үміт тас қайнардай кезі аршылған;
Жайраңдап жазбен бірге бойын жазды,
Айдын көл орнатардай әр тамшыдан.
Түнерген қақпасында фабриканың,
Көк кептер «кірр-и-уу!»-леп таңғы әнін,
Ойнайды ұшып барып дуал жаққа,
Әлдилеп еркіндіктің ләззаттарын.
Май туып, дала көктеп, күн қызғалы,
Кен қойын Риддердің ұл-қыздары
Тоналған тетіктерін фабриканың
Колға алды тұғырына қонғызғалы.
Бұраса кілті барлар винтті кілтпен,
Кейбірі дейді: «Мен сол кілтті құтпен!
Қолмен де станокке винтті бұрап,
Шығамын техниканы түгел құрап!»
Бәсеке туып жатыр жас тірліктен.
Фабрика қабырғасы сом қарағай,
Қашаннан қаңсып тұрған домбырадай;
Сөйлейді адам үнін көтеріп ап: —
Болмас деп ол бір винтті мол бұрамай!
Науаның кен жуатын іргелісі —
Аумаған темір жолдың рельсі,
Шұбалып кетіп жатыр әлдеқайда...
Кеншінің мұны көріп күледі іші!
Тайтұяқ көне қар тоз басындағы,
Бар деп тұр Наташаның асығары:
Балапан балаларды сапқа тізіп,
Мектептен шықты қырға асырғалы.
— Бір!
— Екі!
— Үш!
Тартты бұлар тауға беттеп, —
Өсетін қызғалдақтай тауда көктеп,
«Смело товарищті» жас шәкірттер,
Шырқайды үлкендер даусын өктеп.
Қутыңдап Сәлімжаны Татаның да,
Алдағы төрт баланың қатарында
Әндетіп бара жатыр:
— Бір!
— Екі!
— Үш!
Мұртынан күлімдеп тұр Тата мұнда.
Жетпек боп зерттеуінің анығына,
Горин жүр қада қаққан адырында.
Деевтер гүл көтеріп бара жатыр,
Дөңдегі «туысқандар қабырына».
Поселкенің орталық алаңына,
Барғыштап жүргені жас ананың да
Клуб салмақ... Іргесі қаланыпты
Тас қиып, цемент құйып табанына.
Рудаковша «шешілмес шойын жұмбақ»
Риддердің өн бойын гүл боп шырмап:
Кеше ғана қағылған жас шегелер
Кешкі аспан жұлдызындай тұр жымыңдап.
Гум сайтан мұны көріп, мұны сезген,
Оқ атып төңірекке шүңгір көзден.
Ішіне от түскендей аласұрып, Оллахи! — деді өзіне.
— Бұған тозбен.
Бұлдырап... көзі жетпей өлмесіне
Рудак сыймай отыр бөлмесіне.
Гум барды, бомба болып жарылардай...
Күрсіне қабылдады жемдесі де.
Г у м:
Жүректен жауды түйрер найзаң қайда?
Нанбаймын! Кімге бақыт ондай айла?
Антыңды ұмыттың ба, сатылған құл?
Рудаков: Т-сс-с!
Масқара боламыз, баспа айқайға!
Г у м:
Олай болса сөзді қой, айтқанды істе!
Фабрика қосылғалы жатыр іске.
Өртеймін! Адамдарын тауға әкет!
Тауға әкет! — «Клубқа ағаш түсіріс!» - де.
Істейсің бе осыны, әлде жоқ па?
Сеземісің, тұрғанын жаным отта?
Рудаков:
Мақұл делік! Гум мырза, бірақ, токта!
Қарағай керосинше жанады отқа!
Түнде өрте, шырт ұйқыда жатқанда жұрт...
Тіпті ақыл өртегенің тап мен жоқта.

2
Түн. Смена әлгіңде ауысқан кез,
Қушық шеке ағылшын, сауысқан көз;
Шоқақтап фабриканың әр жеріне,
Жытты тез, қолдағысы тауысқан көз.
Не істеп кетті? — дегендей жел оянды,
Неғып қалғып кеткем? — деп жер оянды.
Ашулы Филиппканың ағысынан,
Сыбайлас өзенді өлке, қол оянды.
Жұмыстан шаршап қайтқан кенші халық,
Түннің мол тыныштығын еншіге алып,
Ұйқтап жатыр. Ояулар сменада. —
Шахтада, забойда жүр тер шыланып.
Волейбол алаңының тақырында,—
Тақтайлы фабриканың шатырынан
Қап-қара көлеңкедей бірдемелер
Иреңдеп көтеріліп атылды да.
Астынан жалын кернеп әр жерлерде,
Лап беріп от бүрк етті ақырында.
Қарағай қабырғасы тұрған қурап,
Алаулап қызыл мойнақ оттар қулап,
Көк жалын фабриканы орап алды...
Жіберді жел ысқырып, өзен шулап.
Құтырған қара түтін, қара бура,
Аспанды асыққандай қақалтуға;
Ұмтылды айдың бетін айғыздардай...
Кек бөрік орман шулап байғыздардай,
Күмп берді бақа шошып қара суға.
— Не боп қалды? — дегендей
Ақтау биік, Шабдар шашын шалқайтып, көтерді иық.
Үш батырдың бөктерін отпен бояп,
Байыту фабрика жатыр күйіп.
— Өрт!
— Өрт! Оянды ел:
Бұл не сұмдық?!
Өрт дүлей фабриканы жатыр қылғып.
«Япыр-ай, бұл не пәле, бұл не бүлік» —
Киімін шала киіп, зыр жүгіріп
Деев те жеткен еді іле-шала,
Қалмапты фабрикада түк мағына:
«Масқара!» — деді ағылшын іштен күліп.
«Сөндірсек те соңғы бір бөренені»
Деген арман басқа түк елемеді.
Шатыры, карниздері жанып бітіп,
Қып-қызыл отқа айналған тор іргені
Сонда да ұмтылды жұрт сөндіргелі.
Адамы кездессе егер жолын ашар,
Жоқ екен қызмет нашар, орын нашар!
Адамдарын іріктеп жатты Яшка,
Бір винтті болмасын,— деп,— көмір басар!

VI тарау
СЕНБІЛІК
1. Нарядныйда
Күн еңкейе ескен жел
Жұпарын сеуіп алапқа,
Кеңіді тыныс, кеңіді ел,
Кеңіді пейіл баракта.
Көлеңкеде кемпір-шал,
Күн астында балалар,
Әңгіме,
Ойын қос базар –
Бал жиғандай аралар!
Нарядныйда кеншілер,
Әзірлеп шамын, бұрғысын,
Күтеді жұмыс кезегін,
Күткендей - ақ жыл құсын!
Біреулер қайрап қашауын,
Біреулер тартып шылымын;
Қоршалап «мінез асауын»,
Түртеді «мә» деп мұрынын.
Туады күлкі әрқилы,
Ауыздан әзіл кетпейді;
Қалжыңды қалжың аңдиды...
Нарядный оны сөкпейді.
— Оқуға кеше келмедің,
«Қорықтың ба» Зүлгүлден?
— Ауырып... үйде терледім...
Нанбасаң тыңда түріңді.
— Сабақ десе сылтау көп,
Қалмайсың неге жұмыстан?
Ұятында қымқау жоқ...
Бері кел, бері жылыспа?
Қарабекпен де ойнайды,
Қалжың сөздер ашық кеп,
Ғалым етпей қоймайды,
Зүлгүл саған ғашық,— деп.
Көз алдына жігіттің
Елестейді сұлу Гүл,
Шолпаны ойнап үміттің,
Көрер емес тыну бір!
Атаса есімін Зүлгүлдің,
Лүп-лүп соғып жүрегі;
Іште бір жатқан сырының
Ұшқыны от боп күледі!
Тұңғиықтан, «төсектен»
Тұрғалы Зүлгүл екі жыл.
Арылып сонау өсектен,
Мінезі гүл, беті нұр.
«Мұғалима қарындас!»
Дейтін болды үлкендер;
Қалдырмапты ойда лас,
Қаумалай ескен үлкен жел.
Зүлгүлде отыр,
Зүлгүлде Қарабектің жүрегі...
«Қарекең бар ма мұнда?» —
Кіріп келген кім еді?
— Майдансың? Майдан! — деп.
Құшақтай алып Қарабек,
Таптың мені қайдан деп,
Амандасты «бала» деп.
Ұзын бойлы, жас жігітке жаңағы,
Кенші қауым таңырқасып қарады:
Қарабектің пілдей ауыр мінезі,
Егіліп те, төгіліп те барады.
Майдан:
Ауыр күнін қанды майдан жорықтың,
Алда ұят - ай, ұмытқандай болыппын.
Кешір, Қареке, содан бері неше жыл?
Деевке де жаңа ғана жолықтым.
Комиссар еді, бейне туған әкемдей, —
Тынбайтын көк жұлдызын әпермей!
Жүріппін ғой өскеніме болып мәз,
Сол кісіге ел сәлемін әкелмей!
Бұл кінәм сұрайын деп кешірім,
Арсалаңдап аштым да оның есігін,
Сәлем беріп, кішілікпен қол беріп,
Танисыз ба? Майдан,—дедім,— есімім.
Қатер бұлты төнгенде жас қауымға,
Болғанымды айттым отты дауылда,
Бергізгенсіз,— дедім,— маған винтовка,
Сары аязда, түнде, Сауыр тауында.
— Сондағы сол бала жігіт сен бе едің?
Содан кейін көрінбедің, келмедің? —
Деп Леша ағай қолымды алды қайтадан...
Қатты ұялдым... қатты ұялдым терледім.
Көктем күні қыздырғандай белесті,
Ол екеуі ыстық - ыстық кеңесті.
Сағыныш сыр канатынан бұлардың,
Сан айлардың бірге өткізген лебі есті.

Шахтер достар ортаға алып Яшканы,
Жігіт кім? — деп желпілдете бастады,
Сөйлеп кетті Яшка жаны бұлданбай,
Жез қалпағы бірге сөйлеп тұрғандай,
Жорық жылдың отпен жазған дастанын.
Я ш к а:
Ақырған аязында дүлей қыстың,
Айқасқа әзірленіп үш күн, үш түн,
Жатқан ек Сауыр тауда партизандар,
Комиссар кім десеңші? Деевіміз!
Дар ағашқа толтыртып жолдың үстін,
Дала бетін көруге төзбеді ешкім, —
Осы айқаста жау қанын шаша алмасам,
Осы қылыш езімді орып түссін, —
Деп, Қарабек қылышын қайта қайрап,
Мұз қатқан қара мұртын алды шайнап.
Ортада жанып жатыр алау жайнап;
Отырмыз кейбіріміз мылтық майлап.
Қар жатыр айқас сайын өбіп қанды,
Әр сайда, әр селода өлік қалды.
Сапырып көк дауылы көңіл бұлтын;
Ар оты нажағай боп ерікті алды.
Отыр ек бұйрық күтіп сол бір түнде,
Комиссар үстімізге келіп қалды,
Бұрқатып ат тұяғы көбік карды.
Комиссар кім десеңші?
Деевіміз!
Ол келсе - ақ жадырағыш пейіліміз.
Ұмытып жорықтағы тәртіпті де...
Мәз - мәре әзілдесті кей ініміз!
Сауырдың көргендей - ақ тауын бүгін,
Бұлт басып босатпай тұр сауырлығын,
Комиссар көп аңғартты от басында,
Шайқастың қаталдығын, ауырлығын.
Ас жақта жүретін бір бала «жігіт»
Арсаңдап тобымызды жара кіріп; —
Комиссар, мылтық бергіз маған,— дейді, -
Мазақтар болды қарлы дала күліп!
Комиссар:
Қашаннан жорықтасың?
Бала:
Он ай ғана.
Комиссар:
Қайдансың?
Бала:
Ұланмын.
Комиссар:
Ойлан, бала!
Жастаусың ғой, үйінде жатсаң нетті?!
Ерте ғой саған әзір майдан дала!
Бала:
Денемнің қораштығы, — жетім өстім:
Винтовка сыр бермесе сыр бермеспін!
Мінеки документім жасым жайлы; Сеніңіз!
Комиссар:
Талабы зор бұл жерлестің!
Күзетте мен ғанамын «жеке батыр»,
Тыншыпты бақылдаған қарғалар да.
Кірпікті мұз қыраумен қарықтырған,
Сары аяз арылмай тұр алып қырдан.
Ашыққан ақ күшіктей белі бұраң,
Құйрығын бұлаңдатып сырма боран.
Алауға телміреді жанып тұрған.
Сезбестен ағаш жанып таусылғанын,
Бөлшектеп винтовканы қаусырғанын
Қызықтап,
Қайта бұзып, қайта құрап,
Жас жігіт іздеп отыр жау сырларын.
Қарабек оянды да: —
Ей шырағым,
Жетер енді, жөн болар тыныққаның! —
Деді де, бәсеңсіген отқа салды,
Сындырып қарағайдың бір бұтағын.
Майдан:
Ағеке, ондай сөзді айта көрме,
Сіз неге ұйықтамайсыз?
Қ а р а б е к:
Маған ерме!
Майдан:
Сіз сонда, шыдар ма еңіз мызғымастан,
Мысалы он үш, он торт тәуліктерге?!
Қарабек:
Ойнама, біздің шахтер халықпенен,
Қайратқа тең түседі алыппенен!
Сергей Гудков командир о да шахтер,
Кешікті - ау,—деп еді,— тез барып келем.
Комиссар Деевші әлгі!
Жерлес біздің;
Бес саусақтай біледі жердің жүзін.
Сол айтады (учитель Риддерлік)
Лениннің мақсаты — дейді,— коммунизм
Сөздерін көрсең оның үнем тыңдап,
Ақылды болғың келер!
Үйрен, шырақ!
Коммунизм дегенге түсіндің бе?
Майдан:
Аз-аздап...
Қ а р а б е к:
Өз зердем де орашолақ,
Шығу мұң, шыққаннан соң шабуылға,
Қауіп деген бұқпантай, залым бура,
Безіп берер шошынып октан, оттан;
Жанында мұрша болмас талығуға!
Майдан:
Әрине, нар түйедей алып дене,
Бұл кісінің қасында мен немене?
Пілден де күшті шығар бұл Қаракең,
Әрине, бітеді ғой күш денеге!
Әрине, ажал деген бұған сөз бе!
Қайдан ол тура қарар мынау көзге!
Маған - шы?
Қарабек:
Майдан, бекер күрсінесің,
Денесі қораш аз ба сенен өзге?!
Солдат күші тек қана денесінде
Деп түсінбе, айтқанға сенесің бе?
Сенер болсаң әңгіме жүрегінде;
Жүрек күшін бар болса жеңесің де.
Анау жатқан жігіт қой тұрымтайдай,
Айқасса құдайды да құрытардай;
Астан-кестен жасайды қан майданда...
Жау зарлайды ажалын жуыта алмай!
Командир неғып жатыр, кешікті - ау бұл,
Бір сұмдық туды ма ой суытардай?
Майдан:
Сіз несін асығасыз шабуылға,
Сонан соң дәулетті боп бай тұру ма?
Қарабек:
Байлықтың қажеті жоқ маған, шырақ,
Соғыстың тез бітуі керек бірақ.
Ел қайда, қайлам қайда, қайда руда,
Ойлашы, мен асықпай, кім асықпақ?..
... Аттандық қанды айқасқа сүргін жылда:
Оқ тынды, соғыс бітті.
Бүгін мұнда
Кездесіп тұрмыз сол бір «бала» доспен! —
Деп Яшка ноқат қойды жорық жырға!
* * *
— Сол бір отты жыл сырын
Өзіңмен бірге ала кеп,
Қуанттың ғой сен бүгін...
Қайдан жүрсің «бала?» — деп,
Сұрады онан Қарабек.
Майдан:
Ауыл совет бастығы ем Көкөзектің,
Келмейді ол туралы көп сөз еткім.
Уваров Риддерге шақыртыпты...
Өзі келмек... Қалайша мен төзбекпін.
Жіберді гудок шырқап осы шақта.
Әскердей әмір күтіп тұрған сапта:
Шахтерлер қозғалғанда нарядныйдан,
Есіне Қарабектің түсті қайдан:
— Жүр, Майдан,— деді,— біздің майдан жаққа!
II. Дөң басында
Тау қалғып сәулесінде балғын айдың,
Орманнан жұпары аңқып қарағайдың,
Сылдырлап күміс бұлақ қойнауларда,
Ән сап жүр жыршылары сұлу майдың.
Аялап жас келінді, жеңешені,
Аңғардан қоңыр самал жел еседі.
Жиылып дөң басына жатыр халық,
Бар еді асығыс бір кеңесері.
Бұл не деп Риддерді бұйықтырған?
Шаруа өкілдері,
(Құйып тұрған Жаңбырда пайда болған жаңа өзендей)
Кеп жатыр бір кездегі «тұйық» қырдан.
Көк бояқ жазғы дөңнің пүлішіне,
Күлімдеп ағасы да, інісі де,
Ұқсайды адам толқын,
Бұлтсыз кешкі
Жұлдыздың ұсағын, ірісіне!
— Болғанмен тынымсыз қаншалық кең,
Бұл минут — минут таң күткен,
Риддер өзі айтсын, — деді Алексей, —
Жатқанын қандай халде, қанша үмітпен!
— Мәжіліс тілек жәйлі болса егер,
Көрініс оны айтуға өзі шебер, —
Деп Леша Риддерді биік дөңнен
Достарға көрсетіп тұр қырдан келген,
— Риддер, туды шағың сөйлеп берер!
Келгендер мен тұрғындар бұл өңірде,
Ай сәулесін жарық қып түнгі өмірге,
Жаралы Риддерге үңіліп тұр:
Фабрика орны жатыр күл - көмірде.
Темір жол станция үйі төңкеріліп,
Қазығы, шпалдары жерге сіңіп,
Иіліп рельстер жас доғадай,
Тат басып жатыр ойда, дөңде шіріп.
Айрылып баспаналық күтімінен
Барактар жерге батып бүтінімен.
Жау шапқан елдің ескі жұрты дерлік,
Мұржалар тіл қатпаса түтінімен!
Шетінен, ортасынан осылардың
Даусына балталардың қосылған үн,
Араның ағаш тілген созымды әнін
Келеді жүрегіңе тосып алғың!
Кей үйдің жаңа қалап ірге тасын,
Кей жерде безендіріп үй тұлғасын,
Көмкеріп көк шатырмен күмбездерін,
Карниздің бояулапты бет шырғасын.
Майданның мақтан етіп бұл сөздерін,
Қарабек ой түйісін, жан сезгенін,
Зүлгүлдің сыбырлайды құлағына,
Айқайлап жіберуге шақ төзгенін.
Сөйледі үйші тұрып тастың жайын,
Сөйледі ағаш жайын басқа ағайын,
Сөйледі біреу кірпіш, шеге жайын,
Сөйледі қырдан келген жақсы ағайын.
Аңғардан түнгі самал саулап тағы,
Тартып тұр ай сәулесін тау жақпары,
Алқынтып Қарабектің алақанын
Зүлгүлдің аппақ нәзік саусақтары,
Ойнаған ақ шабақтай аунады!

III. Арада күндер өткенде
1
Көкжиектен қызарып таң балағы,
Сары алтынмен боялып тау қабағы.
Оянып ап ойнап жүр ормандарда
Қарт Алтайдың бұғысы мен маралы.
Гүлге төніп гүл майысқан сайдағы,
Шіркін бұлбұл, мың құбылтып сайрады!
Сол бір әнмен ашты Риддер кірпігін,
Бұрқ еткендей жүректің жыр қайнары.
Будақталған шаш тәрізді тарақта,
Бұйра түтін бұрқырады алапта. —
Болыңдар тез, шығындар! — деп Зейнеп жүр,
Барактардан құстай ұшып баракқа.
Дөң басында түнгі жиын өткелі,
Алдында бір тұрғандай тар өткелі;
Әркім өзін жүруші еді әзірлеп,
Күйсін, жансын сол арманға жеткелі.

2
— Зейнепжан,
Тізіміне жаз мені де!
Жаздыр деп,
Айтып кетсем келініме,
Мен жоқта, сен келгенде жаздырмаған,
Мені бір өлген кісі дегені ме?!
— Сізсіз де жетеміз ғой, шешек тай,
Қойыңыз, ондай сөздің керегі не!
Кейбіреулер асыға ұрттап шайларын,
Кейбіреулер қолына ұстап шайнамын,
Кейбіреулер жүре байлап белдігін,
— Қайда Зейнеп, қайда, — дейді, — майданың?
Бір топ адам судан өтіп сайдағы,
Винтовкаша иыққа сап қайланы:
Күректердің күн шағылтып жүзіне,
Дөңге тартты қанатты кең жайғалы.
Бір шахтер:
Инженер - ay, жетеміз ғой басқамыз,
Күрегіңді иығыма тастаңыз!
Горин:
Не дегенің, ұят қой ол.
Мен кіммін? —
Өзі де шпал көтерген күн Лениннің!
Өзіндей көр, мен үшін түк саспаңыз!
Қуанышын жасырмай да, төкпей де
Алексей тұр ту көтеріп беткейде.
Тау астынан жанып шығып күн шары,
Сәулесімен сипап алыс қырқаны,
Қызыл туға шағылысып қиядан,
Алқаптарға септі алтын ұлпаны.
Қасіретті талқан етіп тұйықта,
Жас бақыты жайраң қағып миықта,
Зүлгүлді ертіп шықты үйінен Қарабек,
Дәу қайласын қондырып ап иыққа!
Тартты бұлар тулы дөңге ентелеп,
— Ұят болды-ау, шықсақ еді ертерек! —
Дейді Зүлгүл, күлімдейді Қарабек,
Жар көзіне жан көзімен еркелеп!

3
Күн нұрымен күміс бетін алтындап,
Қос терезе әлсін-әлсін жарқылдап,
Иелерін ұзатып сап қарап тұр...
Өтіп жатыр әзіл, күлкі қарқылдап.
Жиылғандай жер үсті бір алаңға,
Дөңнің үсті тарлық жасап табанға.
Кең жайылып кеншілердің қанаты
Күткен еді өздеріне команда!
Генералдай жайын шолған ұрыстың,
Барлап алып картасын бар жұмыстың,
Басшыларын жариялап әр топтың,
Командасын берді Алексей ұлы істің!

4
Ұясынан өргендей көп құмырсқа,
Қаптады жұрт тұс-тұстағы жұмысқа!
Кеше ғана ірге тасы қаланған;
Фабриканы биіктету бар арман,
Тұра алсын ба қалтарыста, бұрышта!
Соған арнап жақсы әзілін, күлкісін,
Ортақ ойдың сәулеті үшін, мүлкі үшін;
Біреу цемент, біреу балшық әзірлеп,
Көк құрышпен өріп қалап кірпішін,
Құйып жатыр өмір күшін, жыл күшін.
Кейбіреулер өрттен қалған қоқырды,
Алдыменен сен жоғал деп опырды.
Кейбіреулер кесіп, бұтап тындырып,
Маялады жағатын отынды.
Жаңбыр күні жүргізбейтін жолдарды,
«Әй, сені ме?» — деп жүргендер колға алды.
Қайлалар, сүйменді бір тобы,
Дон үстінен вокзал жаққа қозғалды.
Аңқылдаған уәдешіл даланың,
Бағы жылдан бала мінез адамын
Унаровтың өзі бастап орманда,
Көрсетіп тұр қай ағашты шабарын.
Сертке берік ауыл совет,
Ұланнан Майдан кепті,
Аты терге бұланған.
Риддердің жер шеңберін құрсаулап,
Адамдары шығып жатыр құмардан.
Ақ боз атта Чапаевтай Уваров,
Адал қимыл адамдарға қуанып,
Күлімдейді, ауқым жұмыс сырының
Ырғағымен, жырларымен нұрланып!
Кейбіреудің мән бермей бос сөзіне,
Жұмыс тілеп жүрегі де, кезі де,
Қайда барса түсе қалып атынан,
Қимылдап жүр Уваровтың өзі де.

6
Аудан - аудан жұмыстың бар алабы,
Тамсантқандай ауаны да, даланы,
Бар төңірек күн сәулесін тербетіп;
Аңғарлардан есіп тұр тау самалы.
Сыңғырында күрек екеш күректің,
Күші бардай құдіретті жүректің,
Жел боп есіп жердің жүзін шарлардай,
Теңізді де тең дерсің бұл екпін.
Сенбілік Ленин ашқан нұр,— десіп,
Кенші қолдар қимылдайды бірлесіп.
Зейнеп жеңгей қалап жатып кірпішті,
Қимылдаңдар! — дейді шаққа тілдесіп.
Иелерін ұзатып сап қарап тұр...
Өтіп жатыр әзіл, күлкі қарқылдап.
Жиылғандай жер үсті бір алаңға,
Дөңнің үсті тарлық жасап табанға.
Кең жайылып кеншілердің қанаты
Күткен еді өздеріне команда!
Генералдай жайын шолған ұрыстың,
Барлап алып картасын бар жұмыстың,
Басшыларын жариялап әр топтың,
Командасын берді Алексей ұлы істің!

4
Ұясынан өргендей коп құмырсқа,
Қаптады жұрт тұс-тұстағы жұмысқа!
Кеше ғана ірге тасы қаланған;
Фабриканы биіктету бар арман,
Тұра алсын ба қалтарыста, бұрышта!
Соған арнап жақсы әзілін, күлкісін,
Ортақ ойдың сәулеті үшін, мүлкі үшін;
Біреу цемент, біреу балшық әзірлеп,
Көк құрышпен өріп салып кірпішін,
Құйып жатыр өмір күшін, жыл күшін.
Кейбіреулер өрттен қалған қоқырды,
Алдыменен сен жоғал деп опырды.
Кейбіреулер кесіп, бұтап тындырып,
Маялады жағатын отынды.
Жаңбыр күні жүргізбейтін жолдарды,
«Әй, сені ме?» — деп жүргендер колға алды.
Қайлалар, сүйменді бір тобы,
Дөң үстінен вокзал жаққа қозғалды.

5
Аңқылдаған уәдешіл даланың,
Бағы жылдан бала мінез адамын
Уваровтың өзі бастап орманда,
Көрсетіп тұр қай ағашты шабарын.
Сертке берік ауыл совет,
Ұланнан Майдан кепті, аты терге бұланған.
Риддердің жер шеңберін құрсаулап,
Адамдары шығып жатыр құмардан.
Ақ боз атта Чапаевтай Уваров,
Адал қимыл адамдарға қуанып,
Күлімдейді, ауқым жұмыс сырының
Ырғағы мен, жырларымен нұрланып!
Кейбіреудің мән бермей бос сөзіне,
Жұмыс тілеп жүрегі де, көзі де,
Қайда барса түсе қалып атынан,
Қимылдап жүр Уваровтың өзі де.

6
Аудан - аудан жұмыстың бар алабы,
Тамсантқандай ауаны да, даланы,
Бар төңірек күн сәулесін тербетіп;
Аңғарлардан есіп тұр тау самалы.
Сыңғырында күрек екеш күректің,
Күші бардай құдіретті жүректің,
Жел боп есіп жердің жүзін шарлардай,
Теңізді де тең дерсің бұл екпін.
Сенбілік Ленин ашқан нұр,— десіп,
Кенші қолдар қимылдайды бірлесіп.
Зейнеп жеңгей қалап жатып кірпішті,
Қимылдаңдар! — дейді шаққа тілдесіп.
Иелерін ұзатып сап қарап тұр...
Өтіп жатыр әзіл, күлкі қарқылдап.
Жиылғандай жер үсті бір алаңға,
Дөңнің үсті тарлық жасап табанға.
Кең жайылып кеншілердің қанаты
Күткен еді өздеріне команда!
Генералдай жайын шолған ұрыстың,
Барлап алып картасын бар жұмыстың,
Басшыларын жариялап әр топтың,
Командасын берді Алексей ұлы істің!

7
Тапқыр сөз де, әзіл-оспақ бәрі де,
Туып жатыр, туып жатыр әлі де.
Бірде тоқтап, бірде «әуп!» деп алқынып,
Күлсеңдер күл, - дейді үлкендер, - кәріге.
Қыздар жүрген, жастар жүрген қырқадан,
Ән толқынын тосып алып шырқаған,
Фабрикада, тау қойнында, вокзалда,
Қосылады отыз адам, қырық адам.
Мылқау жартас, алыс аспан, кәрі күн,
Қайдан ұқсын сырын адам жанынын,
Жүрек жыры, жүрек үнін (мен ұқтым)
Шырқағаны мынау ән еді бәрінің.
Ән
Қимылда, достар, қимылда,
Риддерден шер кетсін!
Әніміз шалқып қиырға,
Дос көңілін тербетсін!
Жақсы келмей өмірге,
Жаманның бітпес жалғаны,
Жаңа қызған темірге,
Жалтартпай сок балғаны!
Ескілер босқа өлмейді,
Күресте жаңа жеңбесе;
Күлімдеп бақыт төрлейді
Еңбекте маңдай терлесе!
Қимылда, достар, қимылда,
Риддерден шер кетсін,
Әніміз шалқып қиырға,
Дос көңілін тербетсін!
Қалықтаған ақ канатын сол әннің,
Шықпыртқандай у құйрығы жыланның.
Бұзып кетті жыр толқыған ауаны,
Бұл не пәле? Бұл қырсыққа шыдар кім?
Вокзал жақта, көмекке кеп даладан
Жүрген еді шпал төсеп сан адам.
Ащы дауыс сол аймақта бұрқ етіп,
Тағы - тағы шығып жатыр жаңадан.
— Ұста деймін!
— Ұста итті, ұстаңдар!
Не жөні бар бізге келіп тыңдаңдар!
Қап бәлем - ай, колға түссең көрер ем! —
Кіжініп тұр кек алуға құштарлар.
Әкесінің құны бардай ышқынып,
Қайыс қамшы қолдарында ысқырып,
Қос салт атты шауып өтіп ұрып жүр,
Топ жаяуды топырлатып, тықсырып.
Ұзын бойлы, сарша жігіт, қапсағай
Самайынан қан сорғалап таспадай,
Қасқайып тұр жатқызғалы күрекпен,
Айқайы да, шуы да жоқ басқадай.
Жазығы не жұмыстағы жандардың?
Себебі не төбелестің, жанжалдың?
Аттылар кім? Қайдан келген бұзықтар?
Қапы қалдым, кейінірек аңғардым.

8
Тас ұсатып жатыр еді Қарабек,
Ажалымен ойнауларын қара деп,
Аттыларды күтті жаяу шоғырда,
Ұзын сапты дәу балғасын ала кеп.
Ақ қамшысы желді үйіріп күн бұрын,
Ағындатып келіп қапты «су мұрын»,
Кекті жігіт омақата құлатты,
Тартып қалып бай ұлының шылбырын.
Ашу өртеп шаруалар төзімін,
Қамшысымен сол сойқанның өзінің
Жат та шыпқырт... «ағатайлап» боздады ол...
— Солай ма екен? Сөзін түгіл, өзің кім?
Мұны көріп екіншісі мұңдардың,
— Сендер түгіл, Гумді де иттей ұрғанмын.
Сабыр, сабыр, қалшылдама «бұзау тіс»,
Қарабек пе? Түйедей боп тұрған кім?
Бұзау тіс, содан бір қан шығар
Өткерген сұм сайыстардың талайын,
Осып өтті Қарабектің самайын.
Қарауытып білеуленіп тамыры,
Қан бүрк етті, шошып қалды ағайын.
Барак еді ол.
Тағы ұмтылды, тағы да,
Үшінші рет аман кетті бағына. 
Төртіншіде түтеп тұрған Қарабек
Сарт еткізді қақ сойылды жағына!
Шың етті де тас боп бітіп құлағы,
Жүрегінің қақшаңдаған жыланы,
Акырғы рет ысқыруға үлгірмей,
Аһ! — деді де, төңкеріле құлады.
Шұбатылған шылбырынан шап беріп,
Жел мініп ап жөнелді айдап Құланы!
Кім жазықты, айтшы, достым, тыңда да:
Торан болыс тоған байлап жылғаға,
Егін салмақ су қаптатып қырға да.
Ол жалдаған он бес кедей «әу» десіп,
Мұнда кепті, тоған қазбай Ульбада.
Беттей алмай дөңеске де, жотаға,
Ыңыранған жаралы андай қопада.
Күңіренеді кәрі Торан таңертең,
Үнін қосып енесі өлген ботаға.
Ашылсын деп қаһар шалдың қабағы,
Атқа мінді Сыйқымы мен Барағы.
Риддерден қуып кайтпақ «он бесті...»
Содан соңғы істің арты жаңағы.
Ызалы бай күн батқанын білмеді,
Нұрлы аспанда жұлдыз қайда күндегі?
Жарқылдайды от аспанда бұлт тебісіп,
Иттері ұлып тырналайды іргені.
Кісі өлімі, таяқ жеген ұл кегі,
Күрсіндірді, тамағына ас жүрмеді.
Ел ұйқыда, ол мазасыз түнімен
Сайлап шықты «біреулерге» түрмені.
— Қызың кеп тұр, ертіп бала Сәлімді!
— Қызын кеп тұр, гүл еді ғой қадірлі!
— Қызың кеп тұр, рұқсат па, кірсін бе!
— Неге кепті? — дейді Торан зілге
— Соттатпасын, — дейді, — сүйген жарымды!

VII тарау
ӨЗЕН ҮСТІНДЕ
1
Ақ Ертістің толқын перзент құндағын,
Долы ағыны тулап тербеп Ульбаның,
Құйып жатыр бұрқырап та күркіреп,
Тыңдамайтын құдірет жыл заңын.
Қайда кеткен жердің пүліш төсегі?
Қайтқан тырна не деп кетті кешегі?
Мыжырайған Өскеменнің үстінен
Суық бауыр, сұр бұлт қана көшеді.
Жаз бойына жайқалып көк терек,
Жалқы қалған жапырағына өкпелеп.
Бұтағымен бұлтты теуіп ашулы,
Тіленіп түр кәрі тентек жекпе-жек.
Мүктеп кеткен сол қаланың заманғы,
Көшелері көз көрім жер қараңғы,
Пристаньда жарқырайды үлкен от,
Омбыға жүрмек соңғы пароход.
Шақырып тұр сапар шегер жандарды.
Ашу бұлты қабағына түйілген,
Деев жалғыз шықты да уком үйінен.
«Мүмкін емес!» — дейді даусы күңіреніп, 
«Мүмкін емес!» - дейді жаны күйінген.
Пристаньға беттеді сол күйімен.
Әншейінде алты-ақ аттам квартал,
Кім ойлапты жолын мұнша ұзартар?
Емен болып елестейді көзіне,
Жас қабығын ешкі жеген шұбар тал.
Сезер емес түн жылы ма, суық па?
Сезер емес ай батып па, туып па?
Сезер емес жел ескенін өзеннен,
Сезер емес бұлт алыс па, жуық па?
Шыға салып укомдағы бюродан,
Тартушы еді Риддерге қираған,
Ол әдеттен бүгін қалай жаңылды?
Не қасірет жанын мұнша қинаған?
— Мәжілісте болса егер Уваров,
Жүрегімді түсер ме еді у қарып?
Мүмкін емес!.. Москва бар, ЦК бар,
Сонда,— дейді, әділдік пен туралық!

2
Бұрқыраған басылмай ой бораны,
Деевіміз көтерілді жоғары,
Жылжып берді пристаньнан пароход
Кәрі Ертістің лықсыды ағын жолағы.
Палубада көп болса да халқымыз,
Ақ қанатты көгершіндей алты қыз,
Тобын жазбай күлімдеп те, сыңқылдап;
Қош тұр, — дейді, — туған дала, алтын күз!
Қош тұр, — дейді, — қош, батагөй қартымыз!
— Бұрынғы уком секретары, қазір Москваға нарком.  
Түнгі алқапта дән жинаған комбайн,
Ауыл жаққа бергендей от мандайын,
Пароходтың прожектор сәулесі,
Сүйді Ертістің көк толқынды таңдайын.

3
Тұншыққандай ащы ыза, намысқа,
Түн қойнында көзін қадап алысқа,
Булығып тұр, алқынып тұр Алексей,
Бұрылмастан палубада танысқа.
Ақ пароход қозғалғанда жағадан,
Төс қалтасын ақтарғыштап қараған
Қолы қалш - құлш...
Еріндері дірілдеп...
Шыққандай боп кетті көзі шарадан.
— Жүрегімді жаралаған, талаған,
Неге кетем қиянатшыл қаладан?! —
Деп Алексей палубадан қарғымақ,
Босатпады жақын тұрған жас жігіт,
Жоқ! Мұныңыз жон емес,— деп,— ағажан.
— Қайда менің партиялық билетім?
Не қақы бар мені тірі көметін?
Жазығым не? Айыбым не? Күнәм не?
Айтшы, інім! Айтшы... жақсы көретін!
Қайда менің партиялық билетім?!
Ақ пароход зулап ағып сымпылдап,
Толқын құшқан күзетші оттар жылтылдап,
Жел жұлмалап трубадан түтінді,
Жағалаудан тамсанады сыр тыңдап.
Каютаны толқын ағын тербейді,
Түн жүрісі жылжыса да өнбейді.
Жұрт ұйқыда, Алексейде маза жоқ,
Жан дауылы тыншығуға көнбейді.
Сонан соңғы сұмдық жайлар жаңағы...
Қанға толып қарақат көз жанары.
Сорлы Зүлгүл бақсы еміне қор болып,
Біздер жетсек, естен танып барады.
Шыдай алмай айуандық күйікке,
Қолым егер кеткен болса тиіп те,
Азат еггім қазақ қызын азаптан,
Жаны таза, ойы адал биікте.
«Ауыл шаптың» дейді менің осымды,
«Қорғағаның бай қызы» деп шошынды.
Қайда әділдік, қайда терең ойлану?
Жат көрсетпек мақсаты бір досыңды.
Ауыр ойдың ұзақ ойдың үстіне,
Тағы - тағы тебірене түсті де,
Жоқ! — деді ол, үстірт шешім, ұшқары ой,
Иер басын, иер шындық күштіге.

4
Жатарында кең бір тыныс алуға,
Деев шықса, бос қалыпты палуба.
Капитанның қою даусы биіктеп,
Бинокльмен су оқабын аңдуда.
Іңірдегі көкті жапқан қара бұлт,
Көкжиекке бүйрек - бүйрек таралып,
Жарқырайды көзге таныс жұлдыздар,
Оралғандай бақытты шақ балалық!
Ай еңкейіп су ішердей кемерден,
Сәулесіне балық шапшып төменнен,
Ақ пароход зулап ағып барады,
Палубадан Москваға үңіліп,
Жалғыз тұрған Алексейді көрем мен!
Сәуле құйсын мейлі айдың табағы,
Қыбыр етсін мейлі өзеннің қабағы;
Бәрінің де дирижері капитан,
Оркестр боп толқын ойнап барады.

VIII тарау
ҚЫСҚЫ КЕШТЕ
1
Терек те аппақ, жер де аппақ,
Риддерде қысқы кеш,
Түтіндер ұшты қалбақтап,
Көрінді көкте көп бикеш!
Қыршиды беттен аямай,
Қызыл шұнақ сары аяз;
Өлеріне қарамай
Өкіргендей кәрі ояз.
Сықырлайды дала қар,
Өкшең тисе ойбайлап.
Ойнайды дөңде балалар,
Күртікке малтып борбайлап.
Қарабектің үйінің
Алдында бір пар ат-шана,
Жылы ма, Зүлгүл, киімің? —
Дейді, құтсыз баспана.
Қарабек кеткен сотталып,
Ісін қуып жан - жары
Кірпігін жас пен от қарып,
Оқтанды Семей барғалы.
Танауынан бу атып,
Тұяғымен кар күрер,
Атшыға жайын сынатып,
Шұлғиды қос қарагер.
— Сәлем айт бізден жолықсаң,
Қарабекке! Қарекеге!
Хат жазып тұр, тарықсаң...
Қалт етсе қолың әр кеште.
Аяғында ақ пима,
Үстінде жарғақ күрбиген,
Тағдырдан келген «жат сыйға»
Қасарып Зүлгүл шықты үйден.
Шығара келген ағайын,
Абысын, құрбы, үлкендер,
Ашылсын, — дейді, — талайың,
Мархабат жасап үлкен жер!
Сүйді де Зейнеп мандайын,
Қош, — деп, — Зүлгүл қарағым
Өзінде тағы бар дайын,
Зүлгүлге берді тарағын.
— Сапарын алыс, қыс қатты,
Аяғын ауыр және де,
Тоқталсаң қайтер, қымбаттым?
Дейді бұжыр кәрі әже!
Қоштасқалы келгеннің
Қоштайды мұны бәрі де!
— Талайды мен де көргенмін,
Ойлан, шырақ, әлі де!
— Аясаңдар жанымды,
Айта көрме тоқтал деп,
Құтқармай жолдан жарымды,
Қорықпа су бар, от бар деп.
Ая мені, дос-жаран!
Аясаң, тоқтал дей көрме!
Қаймықпа аяз, ақ қардан,
Қайда да адам өлмей ме?!
Аяғым ауыр, бірақта,
Аяулы менің бөпешім,
Жатқанша жетім құрсақта,
Іздессін сорлы көкесін!
Махаббат күші, ар күші,
Жолбасшыға алғаным!
Атпай ма өмір қарғысы,
Омалып өлсе арманым!
Шу! — деді сонда көшір шал,
Жылжыды баяу ат-шана!
Қош! — деп тартты адал жар,
Құлазып қалды баспана.
Момақан көкте алтын ай,
Ақ кірпік абыз қартыңдай,
Сапарын қоштап Зүлгүлдің
Сарғая жүзді қалқып жай.

2
Сол кешкі аяз тымықта,
Кенші достар толқыны
Құйылды жаңа клубқа
Бітпеген әлі ол-пұлы.
Кетік тіс кемтік біреулер
Тілдеспей аяз «өшпенен»,
Ақ құйқа, тайғақ, сіреу жер,
Қағып қап жатыр өкшеден.
Жоқ болса да клубтың
Әшекей, күмбез, ернегі,
Туғаннан бері бұ жұрттың,
Осы еді «нардом» көргені.
Сіресіп тоң боп жатса да,
Сыз топырақ едені;
Ой бұрар емес басқаға,
Ұнайды осы үйлері.

3
Ақ балақ бағанадан жирен сымды,
Монтерлер ішке тартып жаңа үлгірді,
— Тез бұра лампочка шыныңды! — деп,
Әркім бір асыққан үн ала кірді.
Орындық қайдан әзір бола қалсын,
Даладан тақтай тасып әлсін-әлсін;
Кей жерде қатарларын дұрыс сақтап,
Кей жерде шығып та қап жатыр шаң-шұң.
Бірақ ол «шаң-шұңдары» ызғып зілсіз,
Зулайды дос жүректен шығып кірсіз.
Сыңқылдап, қарқылдап та күлкі туып,
Сұлулық ту желпиді туып мінсіз!
— Хабарын бар ма! — дейді кей ініміз,—
Қайтадан шалқыр болды пейіліміз!
Бекіпті Москвадан, келе жатыр,
Қайтадан партхатшы боп Деевіміз.
Жазылып маңдайының қырыстары,
Күлімдеп егде шахтер бұрыштағы.
Жайраңдап әйеліне айтып отыр,
Ұмыт боп кешегі бір ұрысқаны.
Сүйердей «хабаршының» еріндерін,
Кимелеп інішектерін, келіндерін,
— Не дейсің, қаттырақ айт! — деп со жаққа,
Татекең созды жуан кеңірдегін.
Аталса «жамау-жасқау» бастапқы әні,
Жаңарған кенші әнінің мақсаттары:
Жақында жөндеп шығып Риддерді
Жаңа бір белестерден аспақ тағы.
Дейді олар: біздік болсын жер тереңі,
Көмкерсін кенді рудник кенерені!
Қорғасын қорытылсын өзімізде,
Ол үшін ток қуаты ең керегі!
Осы арман Риддердің келешегі,
Алдағы асар шыңның белесі еді.
Осы арман мәжілісте шықты сөзге,
Осы арман Зейнептің де кеңесері!
Жоқ еді ол сөйлер сөзін жазып алған,
Шахтадан кеше өздері қазып алған
Алғашқы руданы ұнша үккенде,
Жазбай-ақ сөйлеп шығар «азық» алған.
Бір кезде қалған едік ауыр жүдеп,
Соқ енді, қаттырақ сок, дауыл жүрек!
Фабрика өртегенде күлде қалған,
Шырқады мотор жырын бір ауыр цех.
Жырлатып тағы - тағы басқаларын,
Апаттың талқандаймыз тас қамалын.
Қорғасын қорытатын зауыт керек,
Алды сол,— деді Зейнеп,— бастаманың.
Рудак түре келіп түсі ызғарлы:
— Ей, Зейнеп! — деді даусы тым ызбарлы,
Бүтіндеп болмай жатып бүлінгенді,
«Зауыт керек» дегенді кім шығарды?
— Жоқ, бастық, келіспейміз оныңызға!
Тұтпаймыз барды місе қолымызда.
Сыймайды Риддердің болашағы,
Кем өлшеп келте пішкен тоныңызға!
Тартыншақтай беретін нені сіздің,
Соныңыз бағымыз ба, сорымыз ба?
— Қайланы, қашауды да әкет менен!
Бұрғы бер, бұзғышты бер түсем терең!
Жоқпыз ғой Урквардгта жалда жүрген,
Мәз болар тапқан үшін тиын-тебен!
— Сокольный руднигін неге ашпаймыз?
Сөйтіп бір жаңа белес неге аспаймыз?
— Управ, жер астына ток бермесең,
Сіз бен біз бітіспейміз, жараспаймыз!
— Көз жетті күшіміздің жеңеріне,
Бойлаймыз жер астының тереңіне!
— Осында қорытпасақ қорғасынды,
Осынша бейнеттің де керегі не?
— Баладай құдық қазған инеменен,
Құрысын қашаумен құр күйбеңдеген.
Құрал керек, соны ойлап табу керек,
Ол ұрса, тау қалмайтын күйремеген!
Бастығы мәжілістің Горин еді,
(Деевтен көп үйренген көрінеді).
Кең ойлап, кең тыныспен кен басқарып,
Шолып тұр белестерді өмірдегі.
Бұрынғы сауатсыз көп достарының,
Бүгінгі жаңа арманға қосқан үнін!
Алғашқы жемісі деп жас ғасырдың,
Ардактап тұрды ақыл-ой бостандығын!
Сақалы омырауын жапқан қария,
Іңірде тынық ағып жатқан дария.
Дүбірге тан біліне үн қосқандай:
— Ісі екен жастар түгіл, кен қостардай;
Ей бастық, неге ыршыдың? — деп тастады,
Арқаңды аңдаусызда қамшы осқандай?
Кейбіреу даусын кенеп тоқтап алып,
Сөздерін жан отымен оқтап алып,
Атқытты ойдың, ауыр снарядын,
Дәл түс, — деп, — сарсаң еткен дотқа барып.
Атылар зеңбіректей тас қамал да,
Бұрқанды сөйлеуші де, басқалар да.
Қайықтай дауыл күнгі толқындардан
Рудак жан ұшырды жасқанарға!
Түскендей қақшаң еткен жылан құлап,
Өзегін өз қайғысы тырнап жылап,
Қос көзін қоса сүртіп орамалмен
Орнынан түрегелді жыламсырап.
— Бұ несі? Жынданған ба, бұл управ?
Айтсаңшы ей, не боп қалды, жылдамырақ!
«Жолдастар!» — деді де ол күрсінді ауыр,
Кеткендей жер шайқалып, ой бұлдырап.
— Мені бір топас жандай қорладыңдар,
Лениндей қамқоры бар, қорғаны бар, —
Риддер менің де өз Риддері
Түк емес келешекке қолдағы бар.
Адамбыз түйсігі бар, толғамы бар,
Менің де ақыл-оймен шолғаным бар.
Деп едім, айтпаспын - ақ болмадыңдар,
Көктегі күнімізге орнады қар.
— Не боп қалды, айт! — деді залдағылар.
— Тірліктің өмір, өлім заңдары бар.
Егер Ленин сау болса бұрынғыдай,
Ол күнде, — деді ол, — кімнің арманы бар.
Ильичтің сырқаты әбден ауырлапты,
Күніміз сөнердей жер бауырлапты,
Онымен істерің жоқ, лақтыңдар, — деп
Рудак даусын мүлде ауырлатты.
Мұны естіп жан түршікті, мазаланды,
Тартыс ой ұмыт болып таза қалды.
«Келіп пе ем мұны естуге жиынға?» — деп,
Манаты қария шахтер назаланды.
Тамам көз қарауытып жүдеді де,
Тамам ой үңілді өз жүрегіне,
— Хат жазсақ қайтер еді?
— Қайда, кімге?
— Ильичтің докторына, Кремльге!
— Сүйтіңдер! Сен жаз оны,
Горин шырақ,—
Деп қария түрегелді жыламсырап.
— Осы жөн!
Сүйту керек!
Жазу керек!
Демеске төзе алмады ешкім шыдап.
Хат
Доктор жолдас, Ильичті емдеп жатқан
Көрмесек, білмесек те атыңызды,
Құрметті кісіміз — сіз, біздің тапқан,
Отырмыз сізге арнап бұл хатымызды.
Деп бастап алғашқы бір жазғандарын,
Дауыстап оқып шықты Горин жайлап.
Күтпестен хат сөзінің қалғандарын,
Жарқ етті бұлдыраған көздер жайнап.
— Жаз, Горин, тағы да жаз, тағы - тағы,
Кестелеп келтіріп жаз сөз татымын!
Құрметті доктор жолдас, қайтсе - дағы,
Ильичтің тапсын емін сырқатының!
— Алтайда неше алуан дәрі шөп бар,
Демінде нәрестенің таза ауа.
Асқар шың, жасыл орман, пүліш көк бар,
Қайнарлар есепсіз коп дертке дауа!
— Ақтарып жүрегімді алсын менің,
Аурудан айығатын болса Ленин.
Суытпай кең дүниенің ыстық демін,
Сырқаттан жазсын әлем кемеңгерін.
— Лениннің тірлігіне ғасыр да аз,
Ажалға ара тұрсын доктор ғалым!
— Пролетар жүрегімен ұқсын, — деп жаз
Ильичтің өмір үшін жаралғанын!
Шебер жаз, мен шебер сөз таба алмадым
Әр кенші өз көкірегін тінтіп қазып,
Тапқанын тапжылтпастан айтып жатты,
Солардың тілектерін талдап жазып,
Сол жерде оқып шықты Горин хатты.
Манағы шахтер қария, күміс сақал,
Қол қойып бірінші боп осы хатқа:
Уә тәңірі! — деді даусы шығып қатал, —
Біздерді таба қыла көрме жатқа!

IX тарау
СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫНДА
1
Есей жасты ұмытты деп сөкпе,
Ұмытарлық жүргенбіз жоқ көкте біз;
Жер үстінің ләззатымен деміміз,
Жер үстіне жоқ ешқандай өкпеміз.
Болғандығын білеміз ол Ленинде;
Содан кейін оралмастан еліне
Оқып жатыр Москвада жас шәкірт...
Ұмытқан жоқ кіндік кескен жерін де.
Сонан бері үш жыл өтті арада
Ұқсамайды ол сонау Есей балаға;
Күндіз-түні көз еттері сарғайып,
Кеміргені білім тасы қалада.
Қандай қала! Жер жүрегі Москва!
Москваның нұрлы аспаны астында
Жүзеді Есей мұхитына ғылымның,
Жүзігінде алтын балық жаз шыға!
«Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып күн болам;
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам!»

Деп күбірлеп шәкірт ерні, жүрегі,
Арманының аясында түледі.
Рабфакты биыл ғана бітіріп,
Институтқа түскендердің бірі еді.
Өзі құрбы балалардың қасында,
Талап еді Есейіміз жасында.
Қазір көрсең бойшаң шәкірт болыпты,
Ақ тал шашы өзгермепті басында.
Мұрт шығатын ойы бар-ау тегінде:
Қоңырқай түк пайда бопты ерінге.
Жетім мұңы жоғалыпты көзінен,
Қуаныш сыр қоныстапты өңіне!
Әкесінен аумапты өткір жігері,
Шешесіне тартыпты отты жүрегі.
Әкесінше кенеп сөйлеп тамағын,
Әкесінше күлсе де шын күледі.
Әкесіне тартқан қалың қабағы,
Ренжісе тұнжырап та қалады.
Әкесінше шалқақ жүріп, нық басып;
Кірпіктерін қақса сирек қағады.
Ана жүрек сағынады Есейін,
Есейі де неге ұмытсын шешейін!
Сағынады, сарғаяды, шыдайды,
Дейді де бір — «білімді боп өсейін!»
Сағынады туып, өскен өлкесін,
Қарт Алтайдың ақ ала бұлт еркешін.
Сағынады бала күнгі достарын,
Сағынады бала құрбы Күркесін.
Ой шалқиды қиырларға асады,
Ой шалқиды, күннің қызыл шашағы,
Жаз жыршысын қасына әкеп сайратып,
Қарт Алтайдан қызыл гүлдер шашады.
Өткен күнге жарқыл қағып от кегі,
Елестейді алдағы тар өткелі.
«Білімді бол!» —
Қоңырауын қағады,
Оны үйреткен өмірінің мектебі.
Сол кезде Есей өзін-өзі тергейді,
Бала болып кеткенім бе, мен? — дейді.
Қызараңдап құлағы да ұялып,
Беті дулап, мұрын ұшы терлейді,
Содан былай сағынышқа ермейді.
Москваның ауасы да, таңы да
Бал құяды, жыр құяды жанына;
Шалқып жатқан мұхит өмір толқыны,
Нәрестедей тербетеді тағы да.

2
Қайран со бір шәкірттік күн, жастық шақ,
Келші бері жас қиялға мастық шақ!
Айыл ортақ, оқу ортақ, нан да ортақ,
Намыс ортақ сүрінсек, не қақтықсақ!
Сонда тағып мойынға гүл - галстук,
Сонда алғаш жан достармен таныстық.
Бұлтты бұзып, желді буып, күн құшып,
Аспан өрлеп нажағаймен алыстық.
Сонда тұнғыш өмір сырын ойладық,
Сонда түңғыш жас дәуренге тоймады.
Жаратушы күші болып әлемнің
Және соның бөбегі боп ойнадық.
Жас қауырсын шамамызға қарамай,
Пәлсапа да соғушы едік шалағай.
Азсынушы ек жүз жасауды адамға,
Азсынушы ек өкпелеген баладай.
Қапы соққан қасіретке қарыстық,
От канатты уақытпен жарыстық;
Адам деген ұлы есімді ең алғаш
Ардақтауды сонда біліп табыстық!
Жүрсе дағы башпайымыз жылтыңдап,
Көргіміз жоқ жаман оймен сыр тыңдап.
Жарқын көңіл, адал мінез арман боп,
Кеудемізде жүрді жалын жылтылдап.
Білмедік біз күндеу деген әлекті,
Жанымыздың жұлдызы еттік әдепті,
Білмедік біз жағынуды, мансапты,
Ұясынан шыққан күндей әдепкі.
Жас бұтақтай бүршік атқан тармағы,
Балапан ой баршамызда андады.
Алдан көрдік, жетеміз деп талпындық,
Балаң қиял шолғандарын тандағы.
Серігіміз нұрлы үміт, жақсы үміт,
Кеудемізде жүрді шалқып тасқынын.
Біз алмайтын қамал бар деп сенбедік,
Біз үшін деп білдік бүкіл жақсылық!
Шәкірт өмір, достық жүрек қауышып,
Киер едік жаңамызды ауысып.
Шығар едік романды тағы да,
Кезек оқып, кезек тыңдап тауысып.
Шәкірт біткен егіз ұлдай көрініп,
Сұрағандай болушы едік көрімдік.
Сол бір күннің сәулетімен, дуымен,
Ойламаушы ек кетер күнді бөлініп.
Есейдің де бүл жылдары осы еді,
Бұлтсыз күндей көңіл күйі хош еді.
Құрылысшы институтке түскелі,
Митялардың жолдасы еді, досы еді!
Қыстың кеші. Жатақхана, кең бөлме,
Ұзын үстел қанат жайып кең төрге;
Айналасын қоршап шәкірт балалар
Дайындалып жатыр бәрі ертеңге.
Біреулері өлең оқыр жатып ап,
Біреулері ойнап отыр шахмат,
Есейіміз хат жазуға кірісті,
Басқа істерін бітірді де сатылап...
Есейдің хаты:
Жүрсің бе, апа, саламат!
Оқуым жақсы, көңіл шат.
Сәлем айт елге саралап,
Барған күні бұл бір хат.
Өзгерді дейді Риддер
Естідім дядя Деевтен.
Көз алдымда әлі жүр,
Сонау күн бізді кейіткен.
Апажан, мүлде жадыра,
Өткенге қапа болмастан!
Тәжрибе алып тағы да,
Жаңада келдім Донбасстан!
Ондағы өмір тым қызық,
Еңбек пен байлық қауышқан.
Шахтаға түстім қызығып,
Жақсы екен білген, танысқан.
Бір тізерлеп отырып,
Арыстан шахтер айламен
Бұзады екен опырып,
«Қаратауды» қайламен.
Бәрін жазып бұл хатқа,
Сыйғыза алма, жан ана!
Ұяттай естір құлаққа,
Айтарым бар бір ғана.
Біз жатқан үйде Донбасста,
Ұмытпа Зоя шешейді.
Сырлассам кеште жолдасқа,
Шешей де құлақ төсейді.
Тағы бір еске түсірдім,
Риддерді, Алтайды.
Сағыныш құсын ұшырдым,
Сайрандап қайт! — деп,— әр сайды.
Достарымды атадым,
Ойнап-күлген, бірге өскен,
Есіме түсті қапа күн,
Жалаң аяқ сыз кешкен.
Түсірдім еске жылдарды,
Көзіндей көріп атаның;
Айттым талай сырларды,
Управты да атадым.
— Рудаков дедің бе?
Ермак па аты? Құдірет!
Тірі екен құлыным менің! —
Жіберді ана еңіреп.
Екеу ме? — деп сұрады, —
Сол қолының бармағы?
Тыртық па? — деді, — бұғағы.
Менде де тағат қалмады.
Хабарсыз кеткен еді, — деп,
Зоя шешей зарлады.
Тірімде бір керсем деп,
Қамданып қалды барғалы.
Қызық екен өмірі,
Со бір ғазиз ананың...
Дей бергенде от ұрды,
Есейдің көз жанарын.
Алғандай қаламұшын сауыт қыршып,
Қаламы жас Есейдің түсті ыршып.
Кеткендей жер сілкініп, үй шайқалды,
Япыр-ау, не боп кетті, бұ не қырсық?
Жайы жоқ шатаққа да, атаққа да,
Момақан еді осы бір жатақхана.
Жансыздай жаулағалы соған келген,
Бір сұмдық кірді ауаны тапап қана.
Жатқандай тарқатылып шығыр сымы,
Төрт сағат қоңырауы зар сыңсыды.
Жайымен желдеткіштен есіп тұрған,
Түнгі жел ышқынды да ыңырсыды.
Бөлмеде жанып тұрған жұлдыз ақты!
Нендей күй еңіретті қыздар жақты.
Япыр-ау, айтсаңдар, шәкірттерді
Осынша нендей қайғы қалжыратты?
Ол — ол ма,
Жырақ жатқан Москвадан,
Баладай көкірегіне тас құлаған,
Риддер сұлық түсіп, неге өксиді?
Зейнептің көзін неге жас бұлаған?

X тарау
ЛЕНИН ҚАЙТЫС БОЛҒАНДА
Түсті ме заңғарынан аспан сынып?
Жұмыр жер кетті ме әлде үгітіліп?
Күн құлап су түбіне батты ма әлде?
Не болды өксігендей жел қылғынып?
Аспан да, жер де, күн де бәрі орнында,
Қалшыл не, сары аяздан күн тонды ма?
Кірпігін жас қырыққан жесірге ұқсап,
Күн көзі неге қызыл нұр орнына?
Жыл түгіл, ғасыр бойы келер-келмес,
Неткен суық хабар бұл адам сенбес?
— Ленинді ауру жеңіпті.
— Жап аузыңды!
— Ильич тірі! Тірі Ильич, өлмек емес!
Жеткенде шахта ішіне қаза хабар,
Қарауыта жылау өшті фонарь,
Қайласы ұңғысынан кетті сынып...
Шахтерлер құлап кетпей тұрды азар.
«Хабардан» шахта аспаны төмен төнді,
— Жап аузыңды!
Дей көрме Ленин өлді
Әр забой, әр горизонт, штректе
Дірілдеп қарауытып шамдар сәнді.
Қолдардан қайла, күрек кетті түсіп,
Тұлабой жансызданған бейне үсік;
Сол секунд қимыл, тірлік қалды тоқтап...
Гудок тұр беу - беу қақсап, жиі ыңырсып.
— Өмірге келер ме екен Ленин енді!
— Тапсырып кетті екен кімге елді?
— Жүз рет көрге барып кірер едім,
Бір рет Ильич қайта алса демді.
Кезінен тамған жасы бүртік жауын,
Советтік байтақ Отан, бүкіл қауым
Ажалға қимады ұлы данышпанын...
Қаламен тең қайғырды бүкіл ауыл.
Мектептен оқушылар үйді-үйіне
Жылап қайтты. Алтайлық бар дүние
Бұзылып кеткендей боп боздап тұрды.
Ауылдан тартты адамдар Риддерге.
Мендік бол, құдіретті мендік сенім!
Ленинді жеңбек емес өлім - мәлім.
Жоғал тез, өлім деген суық хабар,
Міне отыр ортамызда тірі Ленин!
Не шара! Рас болды со бір хабар,
Жан-жақта боздап кетті бағаналар.
Сым сыңсып жоқтау жырын төбемізден,
Үзіліп кете жаздап қалды азар.
Кигендей тастан етік аяғына,
Табаны мұз басқандай таяды да,
Сан тоқтап, сан күрсінді пошташы,
Жүрерін жаңылғандай қай жағына.
Қолында телеграмма қағаз тілдей,
Тілдей қағаз соншама неткен зілдей?
Әрең жетті ол Зейнептің кеңсесіне,
«Берсем бе, бермесем бе»,— тұрды білмей.
Сырқырап ашылды есік, үй солқ етті,
«Япырай, бұ не ғажап? Не боп кетті?
Ленин опат болыпты».
— Неткен сұмдық?
— Құдірет - ау, ол үшін мен өлсем нетті!
Өмірге несін туып, несін өстік?
Тірлік не мұны көріп, мұны естіп?
Ленинмен қоштасамыз деп жасап па ек?
Жіберді Зейнеп жаны балаша өксіп.
Партхатшы қара байлап білегіне
Тысқа шықты;
Жол таппай жүреріне
Адасып түнде от көрген жолаушыдай;
Қарай берді ол батысқа — Кремльге.
Бар әлем кемеңгерін мезгіл жоқтап,
Бар тірлік бір ноқатқа қалды тоқтап.
Жарадай үңірейді шахта Риддер...
Кең көше көрінді бір тарлау соқпақ.
Басқандай забой құлап ол бойлаған,
Жанымен күйреп тұрған ойлы адам Горин еді:
— Уа, Ленин, Ленин! — деді,—
Сізбенен қоштасам деп кім ойлаған.
Көзде арман,
Көңілде арман,
Жүректе арман,
Кеудеге қасіретті бұлт қамалған
Неткен ауыр минут бұл? Ғасыр бойы
Жан шіркін қашан мұндай жараланған?
Рудаков: —
Енді қайттік? Қалай болды?
Кім бастар болашақты, барар жолды?
Қамқорсыз қалғаны ма енді Риддер?..
Өмірде өтелер ме бұл қаза орны?
— Не деп тұрсың, Рудаков? — деді Горин.
Деев айтты:
Партия — тірі Ленин!
Жасайды Компартия,
Совет халқы!
Партия басқарады Совет елін!!!
Ленин тірі! — Ленин штабы бар!
Ленин тірі! — Ленин күш заңы бар!
Ленин туы лениншіл берік қолда,
Деп тұрған зауыт, қала, қыстағым бар!
* * *
Спасск сағаты қағып сырт-сырт
Ақырғы төртке жетті;
Алтайда ымырт;
Аяқ басу қорқыныш — табан астың
Түпсіз шыңырау... бар катер болды ұмыт.
«Ақтық секунд қоштасу Ильичпенен» —
Уа тағдыр, едің мұнша неткен керең?
Көз жасын көрмейсің бе миллиондардың,
Тында жүрек үнін еңіреген.
Тарих, ғасыр,
халайық жетімсіреп,
Ұлы Отан ауру жандай зорға уһлеп,
Көсемін ақтық сапар шығарып тұр,
Сөзді қой, орныңды ауыс, жер менен көк!
«Ақтық секунд қоштасу Ильичпенен, —
Қасірет болар ма екен мұнан ерен.
Күйреп түс көк төсінен жұлдыз біткен,
Ақпа, өзен, тына қал, жел, тоқтал, өлең!
Марш пен зардың қалқып иығында,
Қызыл табыт ішінде мүлде ұйқыда
Ғасырдың данышпаны бара жатыр...
Қара жер, «көмбеді» деп сен бұртима!
Өзінің шәкірттері, серіктері,
Шалқыған ту қанатты ерікті елі.
Көтеріп иығына келе жатыр,
Үйінен Одақтардың шығып бері.
Болғанда не бір ауыр, қатал майдан,
Не бір танк, пушкаға қайыспаған
Қызыл Алаң — күрсінді адамзат
Табыттың салмағынан майысқаннан.
Арайлап жаңа шыққан күн сөнгендей,
Бар тірлік Ильичпенен бірге өлгендей.
«Әр адам орынында қалды қатып»,
Қара жер лықсып кетті сүрінгендей.
Жүрегі бар халықтың қалып жетім,
Тұрғанда қасірет басып жердің бетін,
Жүзіне қорқыныштың жүректегі,
Партия жарқ еткізді күн келбетін!!!
Атынан жас ғасырдың, бар халықтың,
Ант берді партиямыз жас тарихтың.
Сол бір ант — антымыз еді бәріміздің:
Отанға адалдықтың, жаңалықтың.
Сол бір ант нажағайдай бұлтты жарып,
Жарқ етті ғасырларға қанат қағып;
Жіберді жарқыратып Риддерді,
Сөнердей күнгірт тартып қалған жарық.
Жер шары, күн шеңбері көтерді иық,
Байтақ ел партия үнін тыңдады ұйып,
Қарт Алтай ақырғы рет күрсінді де;
Қайтадан ширай түсті қуат жиып.
Тағдырдың ырық бермей бұйрығына,
Көтерген бар салмақты иығына Партия!
Партияның таныс даусы
Шарлады еліміздің қиырына!
Қайғымен жаураған ел жүрегі.
Кенеттен
Көк толқындай теңіздегі
Тәкаппар ер қалпына қайта келіп,
Қанғыбас қасірет жау безілдеді.
Тамылжып бұлбұл даусы бақ - бауларда;
Ағардай өзен тасып кек таулардан;
Сол анты партияның майдан тартты;
Жарқылдап нажағайдай бұлтты аударған.
Көтеріп Ленин туын өз қолымен,
Партия ел бастады нұрлы жолмен;
Сол тудан Ленин қарап бара жатты,
Отанға мархабатты ұлы деммен!
Теңізге шықты бұрқап крейсерлер!
Шекара күзетіне — жауынгерлер!
Моторы ақ қанатын дауылдатып,
Жөнелді көтеріле дирижабльдер.

XI тарау
ЖАҢА ЫРҒАҚ
1.
— Атып тастап откостың сол қанатын,
Белес ассақ Вознесенге баратын;
Жердің асты келді деп бір қалпына...
Қарап қойшы, оңай да ма сағатың!
Шұрқ-шұрқ тесіп көгілжім сұр ауаны,
Тас тамшысы тырс-тырс жерге жауады.
Алтын маңдай, қорғасын төс жартастар,
Жақпарынан жасыл өзен сауады.
Шалғышыдай белінде аспа қайрағы,
Шахтер қауым қашауды да қайланы
Шарт-шұрт соғып қатып жатқан откоске
Шақ мұқалса тұра қалып қайрады.
Құрт жегендей құдіретті жүректі,
Жердің асты сарсыпты да жүдепті.
Шахтер ертең забойларға баратын
Штректің тас табанын күрепті.
Кейбіреулер қырнап лас іргені,
Кейбіреулер көк тұманды түргелі,
Кейбіреулер тачкаларын әзірлеп,
Кейбіреу тұр көк жартасты тілгелі.
Со бір достар сұр костюм, сұр каскалы,
Әр қырқада болғанымен жастары,
Әзілдесіп бір жыл туған құрбыдай,
Үңіледі кен сырына тастағы.
— Сүртсеңші, сүрт, сорғалатпай терінді,
Сен ғана ма тірілткен бұл өмірді?
Деген қалжың бүгін ғана ойнақтап,
Тайраңдаған жас ботадай көңілді.
Қарт Алтайдың ауасы да, желі де,
Жасыл орман, күміс толқын көлі де,
Сарқыраған бұлақтары сайдағы,
Саяғы кең алыс аспан көгі де
Құштар еді жаңа Риддер лебіне!
Табиғаттың тентек перзент бораны,
Мүмкін емес бүгін-ертең соғары.
Аспан — жалтыр, құз қияда сақ қыран
Саңқылдап жүр, шарықтап жүр жоғары.
Ерте оянып Риддердің жер үсті,
Жер астында мұрттан күліп жүмысшы,
Күн көзіне шағылысқан ақ қарда,
Жарқылдатып шындайды ұста құрышты.
Жер үстінде ойнап жатса балдары,
Жер астында кеншілердің арманы.
Шабуылға тұтас шыққан солдаттай,
Жеңісіне шалқиды ертең тандағы!
Әрқайсының қызу - қызу қимылы,
Боран болып, дауыл болып құйғыды.
Жарқылдайды белестегі түнгі оттай,
Кешегі бір тас қараңғы ылдиды.
Қан жамылып қарауытқан жаралы
Риддердің көтеріліп қабағы;
Кірпігіне бірте-бірте жан еніп,
Күн нұрына еркелейді жанары.
Жердің астын сықап еңбек ырғаққа,
Бөленгендей бөбек әмір құндаққа,
Жылдар бойы көк мұхитта малтығып,
Уһ! — деп алғаш шыққан жандай құрғаққа,
Жайраңдайды кенші достар бұ жақта.
Күлімдейді аппақ тісі, көздері,
Қызық жан - ау бала мінез өздері!
Забойдағы, откостегі бәрінің
«Перфератор» болды айтар сөздері.
«Перфератор» жат сөз еді бұларға,
Жел ме, су ма, сағым ба, әлде мұнар ма?
Жер кенедей жабысқақ бір жәндік пе?
Әйтеуір олар ұқсатпау еді құралға.
— Кім беріпті?
— Ленин өзі беріпті.
Ленин өзі тау бұздырып көріпті!
Деевіміз Москвада болғанда,
Лена барып, сонан алып келіпті.
Алтын Лена жасап асыл ағалық,
Риддерге жіберген бұл жаңалық.
Тереңдегі забойлардың бірінде,
Жарқ етті ұшы тас бетіне қадалып.
Күймесіне газ тиелген кабелі
Аумайды екен тапаншадан кәдімгі.
Желі арқандай жерде жатқан түтігін
Алыптардың дерсің күре тамыры.
Көк буалдыр меңіреу күз тұйықта,
Бұрғы түбін тиеп оң жақ иыққа.
Деев еді алтын таумен айқасқан,
Қуаныш сыр күлімдейді миықта.
Ағаш болса мәселе онда бір басқа,
Сүңгі ойнату оңай іс пе көк тасқа!
Сонда да ол өз көргенін, білгенін
Үйретпекші мұндағы көп жолдасқа.
Кенші достар үңіледі жымыңдап,
Бұрқырайды бұрғы ұшынан көк ұнтақ.
Жеңіп көр деп қасарғанмен кен тауы,
Болат сүңгі бойлай берді шыңылдап.
Жалтыр мұздай сіреуіне жартастың
Шыны тілген өкшесінде алмастың,
Қадалғанда перфератор найзасы
Күркірейді орай ұшып алғашқы үн.
Әркім содан аудармай көз қиығын,
Аймалайды былтыры мен биыл!
Перфератор майдандасып таспенен,
Теңселдірді Алексейдің иығын.
«Қайтеді - ей!» — деп тұрса кейбір аталар,
«Маған берші!» — дейді Яшка, Таталар.
«Бізге берсе!» — дейді ішінен жастар да...
Не ойда екен қарындастар, апалар?
Деев оған қысылмайды, саспайды,
Бірді тесіп, екіншісін бастайды.
Қадалғанда тарғыл тасқа бұрғы ұшы,
Маңайына оттар шашып тастайды.
Үстеріне кіріп келген Рудак
Тұрып қалды қабан көзі бұлдырап: —
Қарлығаштың ұясында жардағы
Тесіктер не? Олармен не тындырмақ?
Шабуылға траншея бұлары,
Сөзсіз болар таудың күйреп құлары: —
Жау дотының амбразурасынан ішке атқан
Снаряд боп динамиттер ұрады!
Рудактың шыққан үнін міңгірлеп,
Көміп кетті бұрғы даусы күмбірлеп,
Беті ғана жалтыр мұздай жарқырап,
Ұлыды оның ой бораны уілдеп.
Құдіретін ешбір күштен жасырмай,
Шұбар бұлттан шыңға түсер жасындай;
Перфератор от найзасын ойнатты,
Тау екен деп, тас екен деп бас ұрмай.
Үйренуін арман етіп басқаның,
Иығынан тартып Тата, Яшканың;
Орнын беріп, Деев өзі қарап тұр...
Перфератор тамсай берді тас дәмін!
— Құрал деген осы екен ғой, досым - ай!
— Әркімде бір бұрғы болса осындай!
— Қайда әлгі, қайда біздің управ?
Қимылдаңдар,—деп кетті ол, шошынбай.
II. Оның халы
Орындыққа тиеп ауыр салмағын,
Орай сипап сол қолда қос бармағын,
Рудаков оңаша отыр үйінде,
Алмастырып ащы-тұщы арманын.
Үшінші жыл іштен шалып қиырда, —
Дегеніне жете алмады биыл да.
Мақсатына маңайласар бір іс жоқ,
Мың жауыздық түнесе де миына.
Күннен күнге Риддердің жаралы
Тамырына қан жүгіріп барады.
Соққалы тұр Кенді Алтайдың жүрегі:
Соқтырмас бар ма мұнын амалы?
Күн ұялап асам деген белесін
Өрт орап ап, шығам деген төбесін;
Елестеді бір басына көп қауіп,
Ақ бұлттардан қызыл жалын от жауып;
Алмас қылыш орғалы тұр өңешін.
Тоқталғандай жүрегі де, демі де,
Қос бармағы жоқ боп кетті жеңіне.
Үн келгендей болды сонау Лондоннан:
Сорлаттың деп, өзіңді де, мені де.
Елестеді ұмыт болған балдары,
Елестеді ұмыт болған жар - дағы.
Елестеді тұман Лондон бұлдырап,
Елестеді алтын шайнек, шамдалы.
Түсті есіне жастық жалын жылдары,
Түсті есіне ыстық - ыстық сырлары.
Түсті есіне жар тілінен бал сорып,
Алғашқы бір отырғаны құмдағы.
Түсті есіне әкесінің мұрасы,
Түсті есіне тұңғышының інгәсі.
«Әкем қайда?» — соның үні - ау құдірет,
Уа сүм жүрек, тына қалшы, тыңда!
Аз келгендей Лондондағы байлығы,
Жүргеніне арқалап бар қайғыны —
Бірінші рет өкінді де Рудаков,
Бірінші рет адамша бір қайғырды.
Біліп қойып толқуын бұл мұңдардың,
«Ой ақымақ неге бүйтіп бұлдандың?» —
Деп ақырып; тысырайған жағынан
Шарт еткізіп шапалақтап ұрған кім?
«Тақсыр Төрткөз, мырза Уркварт, кешірім!» —
Шыққан даусы еді бар кезінде есінің.
Бір кездерде: «Осында ма Ермак?» — деп,
Біреу кеп тұр, қақпай ашып есігін.
Жалт қараса құйрығымен көзінің,
Келіп тұрған шешесі екен өзінің. —
Мама! —деді ол.
Маңдайынан сүйді ана,
Сағыныш хал сапырып бар сезімін.
III. Сағынған ана
Көрмегелі көп жыл болған ұлына,
Көп-ақ еді өкпесі де, сыры да;
— Ең болмаса — деп бастады шешесі,—
Бір хат жазып тұрсаң етті жылына?
Айтты себеп. Білмеді ана нанарын:
— Алайда тек тірі бол, қарағым!
Шыдамадық, тас емшегім игенде,
Осында деп естіген күн хабарың.
Асқақ желдей жазғытұрғы далада,
Аңқылдады қайран ана, жан ана:
Махаббаты, қуанышы қат-қабат,
Бәйек болып іштен шыққан балаға.
Зоя жаны болатын-ды ақжарқын,
Ермегінің шолып өмір алды-артын,
Құтты болсын, — деді, — осы бағытың,
Әкең басын жұтқан еді сары алтын.
Ойда жоқта оқ тигендей ышқынып,
Рудаков үш отырды, үш тұрып.
Сездірмеді ол шешесіне сонда да,
Іште жатқан сұр жыланын ысқырып.
Иығына жамылып жүн шәлісін,
Жүрегінен іздеп өмір мәнісін;
Көз алдына келтірді ана ұлының
Бөбек күнгі әр қылығын, әр ісін.
Жұмысы жоқ ұлы бүгін ұлық па?
Ана жаны жүзіп отыр тұныққа: —
Ұят екен самайдағы бурылы,
Былтыр ғана келдің дейді қырыққа!
Ермагына қатпар маңдай қара сұр,
Шертіп отыр ғазиз ана жаңа сыр;
Жаңа сыры,— жаңа өмірі Донбасстың...
Жас ғасырдан жаңа туған бала сыр.
Бастап еді әңгімені іңірден,
Бітер емес айта берсе түнімен.
Жаңа түтін, жаңа гудок, жаңа жыр
Сипатталып жатыр ана тілімен.
Арасында босатып өз көңілін,
Қыз күндегі қилы-қилы өмірін
Хикая ғып айтып салып ұлына,
Сүрткілеп те қойды тілмен ерінің.
Қайта жалғап әңгіменің желісін,
«Не көрмедім сол әкеңнен сен үшін», —
Деп көзіне жас ірікті бір кезде,
Ермакта үн жоқ, айтылғандай жел үшін.
Қайдан білсін жүрек уын ұлының,
Лайланып бара жатқан тұнығын,
Ойлайды - ау деп келіншегін, балаларын
«Алдырсаңшы,— деді — үйінді, құлыным!
IV. Түс
Ұзақ жолдын. көніп шаршау ырқына,
Жатысымен - ақ батты анамыз ұйқыға!
Түс көрді бір, қорқынышты сұмдық түс,
Адамға айтпай сақталардай құпия.
Қызыл гүлдей жас келіншек жылында,
Ала барып титтей тұңғыш ұлын да.
Жатыр екен Зоя жазда демалып,
Тентек толқын, теңіз бесік Қырымда.
Иден қайда? Кеткен екен Лондонға.
(Өзі болса жіберер ме ол мұнда)
Оңтүстіктің ауасының өзі де,
Ұқсайды екен көк толқынды торғынға!
Бұйра төсін бұлтқа ғана емізіп,
Жатады екен шалқып Қара теңізі.
Түк те сатпақ сала алмапты бетіне,
Сан ғасырлар теңіз кешкен ел ізі.
Шығады екен күн де соның төсінен.
Шығады екен үн де соның төсінен.
Ойнайды екен көк перзенті — жұлдызы
Сол теңіздің ерке толқын көшімен.
Жатады екен тынши қалса мөлдіреп,
Бұлтсыз күнгі шар аспандай мөлдір көк.
Ондай түннің ертеңіне жағада
Шығады екен көк пүліштей жер түлеп.
Тереңінде жүзіп ойнап күнімен
Тынық кеште қарғып теңіз түбінен,
Көкке атылып ойнайды екен балықтар
Сый сұрардай Қырымның жаз гүлінен.
Кешке жақын кеткен шақта тау қалғып
Тұрады екен күзетінде ай андып.
Ішеді екен теңізден су еңкейіп,
Ойнайды екен шыңнан шыңға жай қарғып.
Ең ғажабы теңіз жанды адамы,
Күнмен бірге құшып құмдақ жағаны,
Толқын қуып, толқын мініп, арқалап,
Кейде сүнгіп, кейде жүзіп шалқалап.
Ұясына күнді ұзатып салады.
Бірі кетіп, бірі келіп шұбалған,
Теңізшілер шығар емес құмардан.
Қыз да осында, ұл да осында, келін де
Бақытты жан жоқ дерлік бұлардан.
Жел қайықтар су бетінде зулайды,
Аста толқын бұрқылдайды, тулайды.
Катерлер де төсіне өрлеп теңіздің,
Көк толқынды кеудесімен турайды.
Бірінші рет көрген Зоя мұндайды,
Жүрегіне сыр құяды, тыңдайды.
Қайықтағы теңіз әнін қыздардың,
Жүзіп жүріп бұ да бірге жырлайды.
Толқын ұрып түсіргендей торғайды —
Кейбіреулер машық атып ойнайды.
Жаңа ғана судан шыққан балалар,
Қутыңдайды құмға көміп борбайды.
Зоя бір топ келіншекпен жүзіп бір,
Келе жатса кірпігімен сүзіп нұр,
Жиектегі құмда отырған ұлы да
Теріп алып жіпке тастар тізіп тұр.
Ана жүрек анадайдан «күнім!» — деп,
Арсалаңдап ақ дидары күлімдеп,
Құмға аяғын жаңа сала бергенде,
— Ах! — деді бір, тұла бойы дірілдеп.
Жынды қасқыр тікірейген құлағы.
(Жұрт аузында жүруші еді лаңы:)
Барып қалды құмда отырған ұлына,
— Ах! — деді ана, төңкеріле құлады.
Түрегеп пе, еңбектеп пе жақындап,
Жан ұшырып болды Зоя ақырмақ.
Ой сұмдық - ай, баласы да, қасқыр да,
Мәз - мейрам боп күледі кеп сақылдап.
Қорқыныштан демі құрып іштегі,
Ұмтылды ана, аузына сөз түспеді. 
Аузын ашып есімі «Қасекең»,
Алтын екен, жарқ етті азу тістері.
«Сен қайтесің, маған бер, мен аламын!» —
Деген даусы ойнап шығып баланың;
Қанды ауызға қолын тығып жіберіп,
Тартты тісті, құмға тіреп табанын.
— Тарт қолыңды, алтын әкең құны ма? —
Деп білектен жармасты ана ұлына.
Қасқыр ғайып, өз баласы жылан боп,
Ирелендеп жатты теңіз құмында.
Ермак айтты: «Беріп керсін рапорт,
Түсірейін көкті от қып құлатып.
Бауыздаймын баласын да Деевтің,
Түсіремін өзін де атып сұлатып,
Сөйтіп сізге мен беремін рапорт».
— Не естідің керең болсын құлағым?
Осы екен ғой түсте көрген жыланым.
Аһ! — деді де құлап түсті тақтайға,
Қасірет улап қайран шеше шыдамын.
VI. Күдік
Қолтығынан түртіп ойнап қоянды,
Қойнауларда таң желі ерте оянды.
Күміс аспан күлімсіреп алды да,
Ақ таңдайын алтын нұрмен боянды.
Зырлап берді жұмыр жердің белдігі,
Тұрды ұйқыдан жер үстінің тірлігі.
Ойнап шықты гудок даусы Алтайдың,
Жазылды деп жаралы алтын кіндігі.
Кенші қауым қаужанып ап ертемен,
Шыңырауға бойларында ең терең,
Бейнет бұлтын шахта аузында ұстап ап,
Лақтырды аулақ жүр деп желкеден.
Қаулап ұшып көгершіндер дуалдан,
Қыздар қайтты тас құдықтан су алған.
Үйге кірмей қария тұр далада,
Фабриканың түтініне қуанған.
Балалардың да етіктері, пимасы,
Кебу екен барак басы, үй басы.
Бөбек үндер дуылдасқан, мақтанған,
Ойнап жатыр завод жасап ақ кардан,
Бірі «кенші», бірі «үйші», «трубашы».
Күн үңіліп терезеден бөлмеге,
Сәуле кұйып бұрышқа да, төрге де,
Саусақ болып «Сар жайлауды» ойнардай,
Оралып тұр домбырада пернеге.
Кемпірлер де тез-тез жинап төсегін,
Күзетші шал карын күреп көшенің.
Цифр сөйлеп бухгалтердің қолында,
Шоттап жатыр кенші қауым есебін.
Ашып тастап желдеткіштің біразын,
Жайып тастап жазылмаған қағазын.
Деев отыр бөлмесінде, кеңседе,
Ой көзімен тербеп мезгіл жиһазын.
Үш жыл бойғы күндері мен түндері,
Арман қуып өтіп жатты ілгері.
Терезеден сығалаған күн көзі,
Күндегіден мейрімді еді, нұрлы еді!
Аударсаңыз календарын үш жылдың,
Аз келердей сырласуға үш мың күн.
Аштық, апат, ашу - арман жекпе-жек
Арпалысып жатар еді «үш қырғын».
Жыртық костюм, каскаларын киініп,
От пен түтін көздеріне түйіліп;
Кенші қауым шығар еді жұмысқа,
Аштық сұмға ар қамшысын үйіріп.
Қажығанын сезсе бірі өзгенің,
Жүрсе дағы сонау жерде көз көрім.
Не әзілдегі, не әндетіп әйтеуір
Үлеседі достарына өз лебін.
Бүлінгенді бүтіндемей тынбасқа,
Үлкен менен кіші айналып құрдасқа,
Сары аязды жан отымен жылытып,
Тоғаяды жүректері сырласса.
Жан болмады бір күн жұмыс тастаған,
Әйелдер де қалыспады басқадан.
Көз алдында тұрар еді бәрінің
Нұрлы биік әзір сырын ашпаған.
Босаңдар да сол күресте ширады,
Дөкірлер де мақсат заңын сыйлады.
Қатарлары сиремеді кеншінің,
Риддердің от басындай қимады.
Сол күнде әркім үңілгенде зейініне,
Заман сыры нұрын құйып пейіліне,
Қимылдайды өлеңдетіп, әндетіп,
Өз советім, өз заводым! — дейді де.
Сауатсыз - ақ болғанымен біразы,
Сәуле көзі жаңа күнге разы.
Құриды екен бұлар қолға алған соң,
Бүлінгеннің бүтінделмес лажы.
Көктеді деп кеншінің сол арманы,
Тау жаңғыртты гудок бүгін тандағы.
Өкініш боп шықты Деев өңіне,
Ленин барда үлгіре алмай қалғаны.
Ex! — деді де, бұл есіне түскенде,
Қағаздарын сырып тастап үстелге;
Аңдамаған екенбіз,— деп кейіді Алексей,—
Дұшпан барын шалып жүрген іштен де.
Гум ғана ма фабриканы өртеген?
Соны неге ойламадық ертеден?
Сенбілік жалауына жармасып,
Кім еді бізді таспен ұрған желкеден?
Аз кесір ме ол жасаған осылар,
Мүмкін оның ішті - сыртты досы бар?
Неге қайтты келе салып шешесі,
Бірдемені сезбесе өзі шошынар?
Аяз сорған ақсұр беті албырап,
Шәлісінен шыққан шашы қар шылап,
Кіріп келген Зейнеп еді үстіне,
Қоя берді ол таныс дауыс саңғырап.
— Тыңда, Алексей, — деді Зейнеп, — қызық бар,
Тура тарттым жолсыз бенен бұзып қар.
Барған едім управтың үйіне,
Көріп қайттым миға сыймас сызықтар.
Бүйтер деген келсе егер есіме,
Бармас па едім сол сәтте — сол кешіне?!
Кіріп барып есендесіп таныспай,
Ұятсындым екен соның несіне?
Түу Донбасстан аңсап келген анасын,
Шақ түнетіп қайырыпты баласы.
Ұл тудым деп соны дағы шешесі,
Нұр толқытты - ау қос көзінің шарасын.
Қонақ еді бәрімізге бір келген,
Бұл секілді масқараны кім керген?
Дәм татпастан кетті-ау бізден, ұят - ай,
Меймандостық құрығандай бұл елден?
Деев айтты: «Ертегінде Мысырдың,—
Татекеңді құс қып таңнан ұшырдым.
Сол анамен бірге аттанды вагонда,
Алмай қайтпас «жұмбақ сырдың» ұшығын.
Бұл ғана емес,—деді Алексей,— бар күдік,
Түн жарымда ит боп ұзақ бір ұлып,
Терезесін қақты Ермактың «қайыршы»
Сол қайыршы сонда жатыр тығылып.
— Сабыр - сабыр, — деді Алексей, — саспалық,
Отыр, Зейнеп, рапортты басталық!
Өткізелік митингіні әуелі,
Жата тұрсын «қайыршы» тас жастанып.
VII. Арбасу
Ақ сазан бал бөбектей бесіктегі,
Ақ сәуле тербетіліп есіктегі;
Бөлменің босағасын алтындап тұр,
Аспаннан қызыл толқын көсіп бері.
Шаттық бар бұл бөлмеде, байлам да бар,
Туды шақ, — деді Алексей, — жайраң қағар.
Бүгінгі қуаныштың гүл шоғында,
Ертеңгі биік те бар, майдан да бар.
Горин шылым шегерде тартқан оттық,
Жарылып жарқ еткенде күкірті ортқып;
Салюттей қызыл-жасыл шарқ ұрды да,
Ауаны сызып түсті қызыл от қып.
Күн нұры сыймағандай табағына,
Әлдилеп ақ кар, көк мұз даланы да
Жарқырап жалғыз көзі үңіледі,
Деевтің, Зейнептің де қабағына.
Алтайда — Москвадан бір қиырда,
Ақ түтек ауыр жылда, қиын жылда,
Аударған мезгіл бұлтын нажағайдай,
Бар еді құдіретті ұйым мұнда.
Сол ұйым көпті бастап арманына,
Солдат боп ғасырының талғамына,
Қираған Риддерде ту көтеріп,
Иығын тосты заман салмағына!
Бұл сырды аймақтағы ел біледі,
Маңдайдан аққан меруерт тер біледі.
Міне енді соқты бүгін қалпына кеп,
Алтайдың күйреп қалған жер жүрегі.
Шырқалған таңғы гудок қуаныш үн,
Менің де көптен күткен қуанышым.
Қарт Алтай, ақ қарынды алтын қып шаш,
Алып боп қайта - қайта тумассың!
Шаттық сыр өшпес мөрдей алтындағы,
Шарқ ұрып жас бөбектей талпынады;
Алексей, Горин, Зейнеп кеңестері
Өзендей таудан түскен сарқырады.
Горин айтты: —Жас елдің салтындағы
Рапорттың әр соз, әр қалпындағы
Жазар ма ек Маяковский жырыменен
Басылмас ғасыр бойы жарқылдары.
— Ақындық қуатымыз болмағанмен,
Кеудеміз өлең-жырға толмағанмен,
Риддер — поэзия! — деді Алексей, —
Жай сөздің өзімен-ақ жолдаған жөн!
Құйылып бұл байламға дауыстары,
Бұл ойдан бөтен ойға ауыспады.
Сол шақта соқты Алтайдың кен жүрегі,
Ұлы Отан жүрегімен қауышқалы.
Москва, нұр Кремль, Компартия!
Рапорт біздерден бұл өз атыңа!
Бүтіндеп ауыр жылда күйрегенді,
Келтірдік Риддерді өз қалпына!
Деп бастап жазғандарын оқыды бір,
Өн беріп даусымен де сөз парқын!
Бұдан соң... туар талап, тілектерді,
Ойласып жазу, жазбау іріктелді.
Сол кезде Рудаков сумаң етіп,
Есікті жұлқып ашып кіріп келді.
Неткен бақыт! — дей келді дауылдатып —
Кеше ғана жау тонап, жау қиратып,
Құрттым деп Риддерді сандалып еді,
Қан бүркіп жыл қанатын ауырлатып.
Той жасаймын, не күтем бұдан артық!
Лағып еді ағылшын буржуй тантып.
Бол, Алексей, болсаңшы, бітірсеңші,
Рапорт Кремльге жетсін шалқып!
Алеша, — деді ол тағы, — есіңде ме,
Күздің бір түсінде ме, кешінде ме,
Бәріміз отырдық - ау Ленинде боп...
Сандалып еді Төрткөз кесір неме?
Деп едік жүргіземіз біз езіміз,
Міне, енді, іс боп шықты сол сөзіміз!
Алеша, қол қояйық, болдың ба, бол!
Деев айтты: — Сен бұған қоймайсың қол!
VIII. Соңғы сөз
Жер дөңгелеп...
Күн төбеден еңкейді,
Нұрлы аспанның өзгермей тұр кен пейілі.
Сәл ызғырып күміс толқын таза ауа,
Ақ бөрікті ағаш басын тең.
Риддердің орталық бір алаңы,
Жалауына жалт каратты даланы.
Осында еді ашық түнгі жұлдыздай,
Жымыңдасқан көз біткеннің жанары.
Қақы жоқтай шарасынан ол қуға,
Риддер тұр толқын құйып толқынға.
Балалар да жүр, қарайлайтын олар ма,
Жаурағанға, жыртық - тесік ол-пұлға.
Ескен желдей шыңнан құлап аңғарға,
Еңке деп жаны ширақ шалдар да
Келіп жатыр, қуанышын аланның
Тиеп қайтпақ кәрі зерде, кәрі арға.
Пырлап ұшып суық торғай қорадан,
Ән сап қонды қара ағашқа, талдарға!
Дәу жәшікке шығып алып управ,
«Ақжүректен» қуанған сып... қутыңдап
«Әп» дегенде, «жолдастар!» деп алды да,
Ағызып тұр дауылдатып, бұрқырап.
Аштық жылдан, ауыр жылдан бастады,
Бұны айтқанда дауысыңда да жас бар-ды,
Кірпігінен сұр тамшы боп сорғалап, —
Солай туған,— деді,—
Риддер дастаны.
Шіркін шындық үйіріп ап жиынды,
Әр жүрекке сыр толқын боп құйылды.
Кім айтып тұр, не мақсатпен айтып тұр,
Қазір оған үңілу де қиын-ды.
— Достар, — деді ол, — пәрменіңдей құдайдың
Өмір бойы ұмытылмас бір қайғым.
Қорқыныштың құлы болыппын... өкінем
Кешіріңдер, кешіруді сұраймын.
Десеңіздер алдағы істе сынаймын!
— Сынағанбыз, сыналғансың, жетеді, —
Деген дауыс қайта-қайта кекеді.
«Ондай сөзді естімеудің өзі артық»,—
Рудаков өз сөздерін төпеді.
Ашулы ерні күбірлеп жан қарғысын,
Жетті ана, сезбеді онан арғысын...
Кейін білді, ұлын жұлып түсіріп,
Сөйлетіп тұр көкірегінің жан құсын.
— Болар деген сені жау,
Жоқ шығар жұрттың ойында.
Кешірер халық, құлыным - ау,
Мойында өзің, мойында!
Ұлым едің өсірген,
Ақ сүтімен төсімнің
Талайды халық кешірген,
Сұра, құлыным, кешірім!
Тұрғанда Зоя шешей көзін сүртіп,
Гүрс етті оқ, зұлым қолынан өлім бүркіп.
Сорлы ана, бүйірін басып қалды еңкейіп
Ерніне сарқылмаған сөзін іркіп.
Тағы да атқалы тұр... Эх, зұлымат!
Шап беріп ұстағанша топ шымырап
Қалқан боп тұрды Алексей анамызға
Өтсе де қолтығынан оқ зымырап.

Мамыр, 1957 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу