Өлеңдер ✍️

  10.08.2021
  109


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Әйткен Айманов

Ғасырменен тасыр болып сайланып,
Жасап келед бұл атамыз жәйланып.
Жасай берші, жасай берші, жақсы ата,
Алатауда аспан ашық, ай жарық,
Келіп-кетіп жатсын жылдар айналып.
Мен өзімде
бүл күнде
үлкен атамын,
Білем күннің батарын, таң атарын.
Аталардан алған тәлім бойынша,
Сүйген емен өмірдің кей шатағын.
Өкініш сол — сиреп қалды қатарым.
Сізді көрсем — Баян тауды көргендей,
Сізді көрсем — Махмұт жыр өргендей,
Сізді көрсем — Серілікті сезгендей;
Сізді көрсем — Сұлулық сыр бергендей
Болам бейне жиырма беске келгендей!
Болмасаң да бабаңыздай батыр да,
Болмасаң да ағаңыздай ақын да,
Болмасаң да не ғалым, не министр,
Жанын таза елі-жұртың қақында,
Шаң жуытпас адамшылық атына.
Қандай бақыт Сізге мынау сексен бес!
Оптимист жан сексен бестен сескенбес
Адамдықтың ар сүтімен ержеткен
Мен бе оны құрмет айлап ескермес,
Дүлдүл өмір дүбіріңдей дес бермес.
Адамшылық деген үлкен ұғымда,
Орнын бар менің әділ жырымда.
Бабаларың Шоң, Торайғыр тәрізді,
Тұрмасаң да тарихтағы тұғырда
Коп жастарға жасап жақсы ұстаздық,
Көп-көп түлек қанаттантқан жылына,
Карт педагог сыйлы атасың ғұмырда!
Ғасырменен тасыр болып сайланып,
Жасап келдің Әйткен ата — Айманов.
Жасай берші! Жасай берші, Жақсы ата,
Келіп-кетіп жатсын жылдар айналып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу