Өлеңдер ✍️

  10.08.2021
  228


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Саңлағысың парасатты сананың

Сағынғали Сейітовке

Сайрап жатып төсекте тіл мен жатым,
Сексеніңнің тойына бара алмадым.
Қан майданда қаруың—жан жырыңмен,
Отан сүтін оқ асты адалдадың.
Жайқалған жасыл орман Иранбағың
— Жәйлі мінез, жазира жыр шуағын!
Патшаның тағына да бермес едім,
Сәтті шыққан саналы жыр шумағың.
Ғылым, білім бар-ақ қой бір басында,
Атақ құмар болмадың әу басынан.
Кеңесерлік сәттер бар кездескенде
Келтіресің «білгірді» тәубасына.
Қызғанумен, күндеумен жұмысың жоқ,
Кең пейіл —
Кен, даладай тынысың боп,
Жасап келе жатырсың, жомарт ақын,
Халқыңның қалтқысыз бір ырысы боп.
Саңлағысың парасатты сананың,
Қыңыр жортып көрген емес қаламың.
Сексеніңнің алдында:
Тоқсан мен жүз,
Сілтене түс, одан да әрі адал үн!

10 желтоқсан, 1997




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу