Өлеңдер ✍️

  10.08.2021
  188


Автор: Дихан-Баба Әбілев

Тұрсынбек

Ассалаумағалейкум, тақсыр өлең!
Жаны жақсы жандарды жақсы көрем.
Тоқсанымда толқынған жан сырымның
Тұрсынбекке бір шоғын тапсыр, өлең.
Уay, Тұрсынбек!
Тұрсынбек ғалым інім,
«Жел жетпес» жетпісіңе толған күнің, —
Қарт жүректен қалтқысыз қуанышым, —
Күш-қуат біздерге де болғандығың.
Даланың көгертісіп солған гүлін,
Бірісің ғалымдарда ормандының!
Жетпісіңнің, жемісі — елге игілік
Бірісің адамдыққа шонжарлының.
Ардагер азаматы заманымның
Ұлтының ар-намысы адамдығың
Туы етіп жүрегімнің сілтеп жүрсін
Жоқ менің бүл жөнінде айтар мінім.
Ризамын қаламыңның жорғасына,
Халқымның алтын шаңырақ Ордасында
Сәкеннің бейнесімен жадыраттың...
Сәт-сапар, дауылпаздық тұлғасына!
Ғасырдың
Қасіретті кешкен бастан
Жаныңды шымырлатар сырын ашқан
Жазықсыз құрбан болған жандар жәйлі
«Саяси зобалаңың» мың бір дастан.
Өмірден алғаның көп...
Бергеніңде
Баршылық,
Сенем әрі сермеріңе!
Шәкірт ең Ақмоладан жаңа келген
Мен алғаш Алматыда көргенімде.
Өткен күнде, жылдарда белгілер коп...
Оның бәрін тауыса алар кім түгендеп?!
Бұл күнде сақа ғалым, академик,
Жазушы әрі сыншы сол Тұрсынбек.
Көп кадр дайындаған кең педагог!
Ары таза, жаны өжет адалдықпен
Жан емес: «Кім не дер?» — деп, әмір күткен,
Талғамдап, таразылап алған ойын,
Айтып салмай жан емес ішке бүккен.
Жер шары елдерінен сен бармаған
Тәрізді ел қалмаған сен шарлаған.
Әрқайсынан өмірдің сырын теріп,
Келесің алуан-алуан өрнек беріп.
Білімдар Күләшыңның жүзі жарқын,
Құрметтеп періштедей өмір паркын
Сәкеннің аруағын құрметтеуің
Қоя алмас тебірентпей туған халқың.
Бұнымды аспай-таспай талғамдарсың,
Басқалар арман етер армандарсың.
Ақмаңғаз, адал жарың—Күләшыңмен
Ұзақ жыл өмір сүріп бағың жансын!
Маған — іні,
Жастарға—аға болып,
Шалқи түс, майданыңда бастап жорық.
Жүз өліп, жүз тірілген қазақпыз той...
Әліде жүргеміз жоқ болып-толып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу