Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  210


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Бахытжан ағама

Тектілік ақыл, жігер тайқымыстай,
Алланың сізге берген несібі ғой.
Ғаламның барлық жақсы қасиеті,
Табылар аға сіздің бойыңыздан.

Аялап мейірім берген ақ сүтімен,
Дарыған тұла бойда ізгілік нұр.
Сый-құрметке бөленген отбасыңыз,
Өнердің ізін жалғар ұл-қызыңыз.

Театр саңылағында майталмансыз,
Кезі келсе, актер, ақын айтыскер боп.
Халыққа әзілден жыр шашу шашып,
Ел асып, шетел асып мойындатқан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу