Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  151


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Тұрсынбек ағама

Табиғат сыйғып берген дарын барда,
Шығар шың, алар асу жақын маңда.
Тынымсыз еңбек етіп, тер төккенсоң,
Танылдыңыз КВН-мен қалың жұртқа.

Шыңдап әрі өнердің құдіретін,
Жидыңыз бір топ қауым дарындыны.
Паш етуге қызықты әзілдерін,
Қанат жайды ”Базар жоқ” театры!.

Отбасын өнерменен қатар алып,
Ата-ананы мәпелеп,бағып-қағып.
Адал жарсыз жеңешеме арқа сүйер,
Әкесіз,қамқоршысыз ұл-қызыңа.

Самғаған қанатыңыз талмасыншы,
Қызық кеш одан әрі жалғассыншы.
Аузын айға білеген әлем жұртын,
Мойындатар дара тұлға болсаңызшы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу