Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  141


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Облыс әкімі М.Асқар ағама

Оңтүстікке басшы етіп, сайлады елің,
Бір өзіңе ағажан сенім артып.
Қызметтің қиын-қыстау кездерінде,
Келесіз келелі істер атқарып-ақ.

Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге,
Үлгердіңіз зауыт, фабрика іске қосып.
Бұл күнде жемістерін беріп жатыр,
Тауардың экспорттық көлемі өсіп.

Тынымсыз еңбек етер басшы барда,
Қаламның әл-аухаты жақсаруда.
Оңтүстікке қарасты барлық аудан,
Тәуелсіздік мерекесін тойлап жатыр.

Қалаға сұлулық ,көрік шырай берер,
Бой көтерген сәулетті ғимараттар.
Осындай жақсы істердің жалғасқанын,
Қалаймыз Асқар аға, әлі алда да!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу