Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  130


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Байғали ағама

Алқа топтан оза шауып жүлде алған,
Әніменен қақ қайыңдай ырғалған.
Көкейінен әсем әуез үзіліп,
Кейіпкерлер керуенін тізген жан.

Елге сінген еңбегіңіз есепсіз,
Қоғамның да жүгін сүйреп келесіз.
Егеменді елдің туын көтеріп,
Ертеңгі өсер ұл мен қызға сенесіз.

Қаншама арман жүрегінде бүр жарған,
Өткен күннен өлең болып сыр қалған.
Барша қазақ өнеге алсын,жан аға,
Нұрын шашқан, сенің ғажап тұлғаңнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу