Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  139


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Апама

Қиындық, бейнет көп көрдің,
Қаталдау тағдыр өткердің.
Сонда да оған сыр бермей,
Қатардың алды боп келдің.

Қайраттан,апа,қайраттан,
Көмейден әнді сайратқан.
Шекесін берсе шенеунік,
Жүйелі сөзбен жайратқан.

Шаттанғын, апа, шаттанғын,
Игі істер талай атқардың.
Жетпістен асқан жасыңа,
Келіп тұр менің мақтанғым.

Шаршама,апа,шаршама,
Жүз жасқа жетер бар шама.
Жасыңды берсін,құдайым,
Осы отырған баршаға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу