Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  733


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Сағындым әже

(марқұм нағашы әжемнің рухына арнаймын)

Өзіңсіз мынау жалғанда,
Қайғының орны толар ма?
Өмірден өткен жан әжем,
Кезек бір келер маған да.

Көктемі кетіп, күз кеудем,
Әжемді жүрмін іздеумен.
Мен сізден күдер үзгем жоқ,
Басқадан күдер үзгенмен.

Санамды билеп мұң-қайғы,
Ұйқымды күнде ұрлайды.
Тұрлаусыз мынау тіршілік.
Ешкімде мәңгі тұрмайды.

Бәрінен кейде кеш қалып,
Жоғалтқандаймын есті анық.
Жан әжем, аза жыр жаздым,
Сағынып сізді еске алып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу