Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  154


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Бақтыбай ағайға

Ауданда басшы болғасын,
Азамат елге ол да сын.
Абыройыңыз асып әманда,
Құдайым сізді қолдасын.

Тұрған соң аға, шақ келіп,
Басыңызға қонсын бақ келіп.
Жүрейік сізден үлгі алып,
Алдымызда аға бас көріп.

Шығыңыз дәйім аға шың басына,
Өзіңізді Алла пірім қолдасында.
Қаныңда бар тектілік алмас-қылыш,
Абыройлы азамат болғасында.

Іскерлікпен тас-түйін тасты жарып,
Жастар ісін отырсыз сіз басқарып.
Әрқашанда игі істер алға басып,
Өзіңізбен жүрейік біз мақтанып.

Кілтін тапқан өмірдің, бас құлағын,
Міне ауданның осындай басшылары.
Келелі істің әрдайым қосшылары,
Өз жырымды осылай топшылайын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу