Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  123


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Аудан әкімі М.Марайымға

Ауданды әкім болып басқарасыз,
Көрінгенмен біреулерге жас бала сіз.
Қыңыр тартқан жандарды әділдікпен,
Шетке ысырып, білеміз тастағасыз.

Төбе би боп, жүре бер билік құрып,
Көңіліңізден көктемдей күйді ұқтырып.
Елге еткен еңбегіңіздің арқасында,
Шардараға жатсын тек сыйлық кіріп.

Шардараны келесіз нұрландырып,
Артыңыздан өмірге із қалдырып.
Түркістаннан келдіңіз төбе би боп,
Қызылқұмға аға жан тұз-дәм бұрып.

Еңбегіңнің ел сүйер арқасында,
Жақсы басшы деп жүр ғой халық осында.
Шардара теңізі мен ерек бізге,
Орын алған Қазақстан картасында.

Жүргеннен соң әкім боп ел басқарып,
Қалаймыз жақсы істердің жалғасқанын.
Марғұлан аға алда да жолың болып,
Асығынан тұрсын тек алдаспаның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу