Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  215


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Қош бол, аға

(марқұм сәулетші Төлен Биғараевтың рухына арнаймын).

Елдің бәрін өзіңіздей санаған,
Жан едіңіз ақ пейілді, жаны адал.
Елу беске енді толған кезіңде,
Кімге тастап кеттің бізді, жан ағам?

Болмағанмен асып-тасқан дәулетің,
Ел ішіне үлгілі-тін әулетің.
Сізге мәңгі қарыздармыз біз бүгін,
Шардараның кіргізген шын сәулетін.

Қан жылап тұр туыстарың, елің де,
Лайықты аға едіңіз сенімге.
Қарашада қалай қаза болдыңыз,
Қысты күні қиналмасын дедің бе?

Отбасынан өрбіген өз ұл-қызың,
Еді-ау, аға! Аспандағы жұлдызың.
Тіршілік қой тұз-дәм жазса қайтеміз,
Бірде қысқа болғанымен,бірде ұзын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу