Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  290


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Алтын ұя - мектебім

Жаушықұмдай жақсы бір мектебім бар,
Ұрпағына келешек еткен иман.
Осындайда шәкіртің болып биыл,
Бойымдағы дарынды тастадым бар.

Білім қудым өзіңде жастайымнан,
Жайқалған шынар болып жас қайыңнан.
Соның бәрі мектептің арқасы ғой,
Ара жігін болсам мен жақсы айырған.

Алтын ұя мектебім, арай бағым,
Шын жүректен өзіңе жыр арнадым.
Өтер-кетер бұл өмір, қас қағым сәт,
Білімді ұрпақ көбейсін басты арманым.

Әр ұстазды пір тұтып,қадір тұтып,
Жүргенбіз ғой тарыдай тарландарың.
Таусылмас-ау, таусылман армандары,
Асулары көп әлі, алда арманы.

Білім алдық өзіңде, біз есейдік.
Жыр жазып отыр қызың бұл шешен боп.
Алғаным көп өзіңнен,бергенім аз,
Берсін дайым бұл Алла бізге есендік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу