Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  336


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Ұстаз

Ұстаз деген ұлы адам,
Шәкірттерге діні адал.
Қызың деп біл бұл мені,
Өлеңмен жыр құраған.

Мәртебелі мерейлі бәрің маған,
Өздеріңнен білім тек қабылдағам.
Шәкірттерің шынайы түсінеді,
Түсінеді жүрекпен жаныңды адал.

Білім нәрін жүрекке ұллатқан,
Өздеріңді есіме жиі аламын.
Өздеріңдей мейірбан ұстаздарды,
Жер шарын мың айналсам табалмаспын.

Біліммен жүректерге гүл ектіңдер,
Ғылымның қыр-сырынан сыр шерттіңдер.
Ұстаздықты өмірге серік еткен,
Ұстаздарды шәкірттер ренжітпеңдер!

Ұстаздар, ұлағатты арай бағым,
Баршаңа шын жүректен ән арнадым.
Көңілден бүгін мына күй боп тұнған,
Қабыл ал сырлы өлеңді сыйға ұсынам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу