Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  291


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Табиғатым

Табиғат мынау тұнған бақ,
Жаратқан Алла бізге арнап.
Желегін жасыл жел тербеп,
Құлпырған қырда қызғалдақ.

Табиғат талай нұрланбақ,
Жүректен жыр боп жырланбақ.
Қазақстаным мен үшін,
Жаһандағы иран бақ.

Көк орайым қойнауы малға толған,
Табиғатым тамаша жанға шуақ.
Қазақ елі әлі де алға самғар,
Жаратқаным жар болып жалғаса арман.

Табиғатым сан түрлі түрге енесің,
Өзіңменен сыр мен қыр көгерер мың.
Болашаққа көшімді бастай бергін,
Болашағын бағамдап кемел елдің.

Қызғалдақпен жатқандай қыр өртеніп,
Ұлт пен ұлыс ұлықтап жүр ертеңін.
Жаңбырменен жарқылдап тастады ғой,
Биылғы жыл көктегі хақ тағалам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу