Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  144


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Әз-Наурыз

Құлпырып бар алабым,
Мен де жайнап барамын.
Келген елге, Әз -Наурыз,
Құтты болсын қадамың.

Тіршілікті гүлзарбақ еткен анық,
Кел,кел,Наурыз, көктеммен көкке оранып.
«Наурыз көже» әзірлеп жатыр ауыл,
Біз-дағы қырат-қырды бетке алалық.

Наурызда бұл күн мен түн теңеледі,
Теңеледі, тіршілік көгереді.
Өткен жылы табысты болған едім,
Осы көктем білмеймін не береді.

Наурыз айы келгелі ақ көбейді,
Ақ көбейді, елімде бақ мерейлі.
Елбасымыз ел үшін еткен ерен,
Жарқын істер жалғасын тапса деймін.

Бірлік пенен тыныштықты қалап алып,
Бейбіт күнді жұмаққа бағаладық.
Төрткүл дүние түгелдей таныған соң,
Еттік биыл ОБCЕ-ге төрағалық.

Кел, кел, Наурыз еліме келе бергін,
Болашағын бағамдап кемел елдің.
Ән-күйіме қосайын шабытпенен,
Арқау етіп,Наурызым, сені өлеңнің.

Алқызыл гүл көмкеріп айналаны ен,
Қуанышты қырат-қыр жайлаған ел.
Егемен елімізге бақыт сыйлап,
Наурыз тойы жыл сайын тойлана бер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу