Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  87


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Ақтығыңды асыққын білдіруге

Қор болмаспын қорғаныш-құдайым барда,
Тартпашы енді тәңірім, лайыңды алға.
Күнәмді кешір білген де, білмеген де,
Бір өзіңнен бір медет сұрайын да Алла.

Жаратқанның мен сенем хақтығына,
Күнәдан пәк қылаусыз ақтығына.
Мұсылмандық бес парыз міндет бізге,
Оны орындау әркімге басты мұрат.

Бұл өмірден қайтемін барымды аяп,
Қу тіршілік қамшының сабындай-ақ.
Салауатты біз өмір сүрсек екен,
Жат әдетке қайтадан салынбай-ақ.

Құлдық етіп Аллаға тірлігіңде,
Ақтығыңды асыққын білдіруге.
Сынаптайын сусып бір өте шығар,
Кетпесдейін көрінген бұл күнің де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу