Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  115


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Астанам - бас қалам

Еске алсам айбарымды - Астананы,
Төл рәміз-содан тек басталады.
Төрткүл дүние түгелдей таныды ғой,
Қазаққа болған қазір бас қаланы.

Қазағымның қашанда асқақ әні,
Астананы айшықтар жастар әлі.
Салып берген Нұрағам нұрлы жолмен,
Болашағым бүгіннен басталады.

Көкорай шалғын,көк белді,
Еске алсаң сонау өткенді.
Қазағым менің қайысып.
Қиыншылық бастан көп көрді,

Өткеннің енді бәрі артта қалды.
Жырлайын Астананы,бас қаланы,
Ертеңім бүгінімнен басталады,
Елімнің мақтанышы-асқақ әні.

Астананың шырқалсын асқақ әні,
Өзіңде туып-өскен жастар жалын.
Ертеңі кемел елдің келешегі,
Ертеңім бүгінімнен басталады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу