Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  254


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Егемендік ел мерейін өсірсін

Тәуелсіздік тамаша ұғым білгенге,
Келмейтұғын әрбір елге бірдемде.
Егемендік ел мерейін өсіріп,
Не жетеді тыныш өмір сүргенге.

Арман болған қазағыма ежелден,
Сонау зұлмат,ашаршылық кезеңнен.
19 жыл Отан болдық Тәуелсіз,
Бостандықтың шын қадірін сезем мен.

Барша әлемге бүгін біздер танылдық,
Құрметтейді төрткүл дүние,қалың жұрт.
Барлық дінді қастер тұтып,қадірлеп,
Алла ісіне шын жүректен бағындық.

Қуаныштар кернеген соң бойды анық,
Тәуелсіздік жатыр жылда тойланып.
Салиқалы өткізуге Саммитті,
Жатыр елім тас түйін боп сайланып.

Көз жіберсек өткен күнге тереңнен,
Баба арманын бағдаршамдай көрем мен.
Бодан болсақ бір кездері өзгеге.
Қазір елім ен байлыққа кенелген.

Тұғырлы боп Тәуелсіздік аңсаған,
Тыныштықпен соға берсін таң самал.
Тәуелсіздік ашық-жарқын тойлансын,
Қуаныштан бақыт-тауып барша адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу