Өлеңдер ✍️

  06.08.2021
  178


Автор: Гүлсана Тілеубекова

Қазақстан ғажапстан дәл бүгін

Орындалып қазағымның арманы,
19 жыл Тәуелсіздік алғалы.
Елбасының саясаты сеп болып,
Тыныштық пен татулық тең орнады.

Оқ бойы озық Қазақстан өзгеден,
Іске асырған ұлы істерін көздеген.
ОБСЕ-ге төрағамыз біз биыл,
Жүрегімнен ағытылды лезде өлең.

Тіршілігін татулықпен түлетіп,
Кетті арада 19-дай жыл өтіп.
Жұмақ жер жоқ біздегідей әлемде,
Ұлт пен ұлыс бірлікте өмір сүретін.

Үлгі болып ТМД-да басқаға,
Сарыарқада бой көтерді Астана.
Тәуелсіздік туы биік желбіреп,
Рух берер кәріге де, жасқа да.

Жаңылмастан айқын, асқақ жүрістен,
Атқара бер,о қазағым, ұлы істер.
Қазақстан асқақ болып мерейің,
Бола берсін, бола берсін кіл үстем.

Осы күн ғой бабаларым көп күткен,
Көп күткен соң ел болуға төктік тер.
Қазақстан Ғажапстан дәл бүгін,
Оған теңеу бұдан асқан жоқ тіптен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу