Өлеңдер ✍️

  05.08.2021
  114


Автор: Қасымхан Бегманов

Алматыға келді тағы, гүл көктем

Алматыға келді тағы, гүл көктем,
Гүл көктемдер сағындырып жүр көптен.
Еске түсті бозбала кез алаңсыз,
Баяғыда қыздарменен бір кеткен.
Алматыға тағы келді гүл көктем,
Қызғалдақтар сағындырып жүр көптен.
Қызық күндер қайта оралмас түсті еске,
Біздің жастық шағымызбен бір кеткен.
Иектемей аулақ менен қалшы мұң,
Қалмай қойдың тазысындай аңшының.
Ағыл-тегіл аспан жақтан нұр жауып,
Мұңлы жаңбыр айтты маған бар сырын.
Келді, келді, келді міне, гүл көктем,
Гүл көктемдер тебірентіп жүр көптен.
Құлазимын жалғыз үйдей түздегі,
Барлық қызық жастық шақпен бір кеткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу