Өлеңдер ✍️

  05.08.2021
  121


Автор: Қасымхан Бегманов

Алматыға қар жауып тұр ақпанда

Алматыға қар жауып тұр ақпанда,
Жаңа ғана атқан мынау ақ таңда.
Алатауға қарап тұрдым балконнан,
Аппақ дүние сыр жасырып жатқанда.
Бала кезгі аппақ сезім, қайда арман,
Қарап тұрмын арыла алмай ойлардан.
Ақша қарлар жауып жатыр дөңгелеп,
Бишілердей шыр көбелек айналған.
Бар жақсылық келетіндей ақ таңмен,
Күнің кеше сәл мұңайып батқанмен.
Бақыты оның қара жерге жеткенше,
Шыр айналып билеп бара жатқанмен.
Соңғы күні, соңғы түні ақпанның,
Осындай бір көңіл күйді тапқанмын.
Ешкім сезбес ешқашанда, оянды ау,
Көңілімде қалғып бара жатқан мұң.
Қасарысқан кеткен кеше қаңтарың,
Ертең келер наурызға үміт артамын.
Ақша қарда, аппақ жолға түсіп ап,
Қызығы көп көктем жаққа тартамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу