Өлеңдер ✍️

  05.08.2021
  110


Автор: Қасымхан Бегманов

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген

Шіркін мына бұлақты-ай бүлкілдеген,
Балалығым қап қойған күлкімменен.
Содан кейін қаңғыдым, елден жырақ,
Қасқырыңмен серік боп, түлкіңменен.
Айнала аққан ауылым сыртыңменен,
Бар екен-ау сол бастау бүлкілдеген.
Ессіз күнді есіме тағы салды-ау,
Табыстырып мені ескі жұртымменен.
Білгің келсе қысылма сұра менен,
Тулай ақты қанымда жылап өлең.
Анау үйде жалғаннан анам өтіп,
Тартып алған күлкімді мына белең.
Ана алаң ғой, сыр айтар асығымнан,
Мына жол ғой айырған ғашығымнан.
Баяғыда қап қойған осы ауылда,
Балалық шақ уақыттан жасырынған.
Өткен күндер жүректе, санамда тұр,
Қаралы бір күн келер маған да ақыр.
Мына сайда қап қойған балалығым,
Анау қырда аяулы анам жатыр.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу